- •Дипломдық жоба
- •5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Дипломдық жобаны орындауға тапсырма
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •1 Қысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері
- •2 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтер есебінің ұйымдастырылуы
- •2.1 Кәсіпорынның қаржылық экономикалық сипаттамасы
- •2.2 Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
- •2.3 Дебиторлық берешек және қорлар есебі
- •3 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтердің аудиті мен талдауы
- •Қысқа мерзімді активтердің аудиторлық тексеруі
- •3.2 Қысқа мерзімді активтердің құрылуы мен құрамын талдау
- •3.3 Ағымдағы активтер есептіталдамалық жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар
- •Қосымша а
- •Қосымша б
2 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтер есебінің ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорынның қаржылық экономикалық сипаттамасы
ЖШС «Invest City» Астана қаласының Әділет департаментімен 02.06.2006ж. қайта тіркелген (қайта тіркеу туралы куәлік № 1907-15 -ЖШС). Меншік нысаны – жеке меншік, СТН 060640008949 Астана қаласының Алматы ауданының Салық комитетінің 26.06.2006ж. № 0007315, сериясы 03305 ҚР салық төлеушісі куәлігімен берілген. Орналасқан жері: 010000, Астана қаласы Можайского 43\1 үй.
Банктік ревизиттер: ЖИК 009767591, БИК 195309404 АҚФ «Казкоммерцбанк» Астана қаласы, КБЕ 17, КНП 859.
Қызметінің мақсаты халық тұтынатын тұрғын үй құрылысымен айналысады. Сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады.
«Invest City» ЖШСнің жарғысы ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға коммерциялық ұйымның қызметін реттейді. Ол қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен 2006 жылы 02 мамырда бекітілген. Серіктестік мемлекеттік түрде тіркелгеннен бастап заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүліктің иесі, несиелі мекемелерде есеп айырысу және басқа да шоттары, дербес балансы, мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің мөрі бар.
Серіктестік өзінің қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, қатысушылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметімен байланысты залалдық тәуекелдерге өздерінің салымдары шегінде жауап береді.
Серіктестік мүлкінің құрылу көздері – қатысушының Жарғылық капиталға салымы, серіктестіктің мүлкіне қосымша салымдары; серіктестіктің өндірістік қызметінен түскен кірістері; несиелер болып табылады. Қатысушылардың серіктестіктің мүлкіне салымы және серіктестік өз есебімен сатып алған барлық мүлкі серіктестіктің мүлкі болып табылады.
Серіктестік өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алуға және олар бойынша міндеттемелерді көтеруге, төрелікте, сотта, аралық сотта талапкер мен жауапкер болып шығуға құқылы. Серіктестік еншілес кәсіпорындарды құра алады.Серіктестікке қатысушылардың саны жүзден асқан жағдайда ол бір жылдың ішінде бөлінуге, өзге шаруашылық серіктестікке қайта құрылуға, ал осы мерзім өткеннен кейін сот тәртібімен таратылуға тиіс [7].
Серіктестікті қайта ұйымдастыру ерікті түрде, қатысушының шешімі бойынша, сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
«Invest City» ЖШСнің жарғысына сәйкес Қатысушылар өзінің салымын толық енгізгеннен кейін Жарғылық капитал қатысушылардың Жалпы жиналысының шешімімен өзгертілуі, яғни көлемінің ұлғаюы немесе азаюы мүмкін ол 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2 - « Invest City» ЖШСнің жарғылық капиталды ұлғайтуы
р/с № |
Жарғылық капиталды ұлғайту тәртібі |
Қатысушылардың үлестерінің мөлшерінің өзеруі |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қатысушылар жасаған қосымша салым |
өзгермейді |
2. |
Серіктестіктің меншікті капиталы есебінен, соның ішінде резервтік капитал есебінен Жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту |
өзгермейді |
3. |
Серіктестіктің (меншікті капиталының) таза активтерін қайта бағалау |
өзгермейді |
4. |
Серіктестіктің құрамына жаңадан қатысушыны қабылдау арқылы |
Салымдардың көлемі бұрынғы салымды және барлық қатысушылардың үлестерін қайта есептеу арқылы нақтыланады. |
Е с к е р т у - «Invest City» ЖШСнің мәліметтері негізінде дайындалған |
||
Серіктестіктің жалпы жиналысында Жарғылық капиталдың ұлғаюы туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 ай ішінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға ол туралы хабарлауы тиіс.
«Invest City» ЖШСнің есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен қаржылық есептілікті құру ережелерінің, қағидалардың бірыңғай жиынтығын анықтайтын ішкі нормативтік құжат болып табылады. Серіктестік қабылдаған есеп саясаты жылдан жылға қолданылады.
Бухгалтерлік есепті дербес құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерия жүзеге асырады. Есеп саясатының құрылуына, бухгалтерлік есепті жүргізуге, толық және сенімді есептілікті уақытылы ұсынуға серіктестіктің бухгалтері жауапты.
Серіктестіктің жалпы есеп жүйесі келесідей түрге бөлінеді:
қаржылық есеп. Ол ҚЕХС бойынша шоттардың жұмыс жоспарындағы шоттарда көрсетіледі. Онда серіктестік қызметінен түскен табыстар мен шыққан шығындар құралады;
статистикалық есеп, қаржылық есеп мәліметтерінде көрсетіледі;
салық есебі. Ол салық заңнамасына сәйкес қаржылық есеп нәтижесінде құрылады және есептің балама әдістерін қарастырмайды;
басқару есебі – серіктестіктің басшысының тапсырмасы бойынша құрылған жиынтық ақпарат.
Ол қаржылық, өндірістік, статистикалық және салық есебінен шығады да ағымдағы және болашақтағы жағдайларды талдау үшін және тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.
Мүліктің, шаруашылық операцияларының міндеттемелер есебі «1С: Предприятие» компьютерлік бағдарламасын қолдану арқылы, теңгемен және тиында жүргізіледі. Шаруашылық операцияларының уақытылығын ішкі бақылау бастапқы есеп құжаттарын есепке алған сәттен бастап жүзеге асырылады .
Серіктестіктің есеп саясатының құжаттары – есеп саясаты, бухгалтерлік есептің жұмыс жоспары, серіктестіктің бұйрығымен бекітілген құжат айналымының кестесі болып табылады. Мүлік, міндеттеме және шаруашылық операцияларының есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.Әр шоттың құрылымы бөлімдердің өсу деңгейі бойынша ақпараттар есебінің келесідей иерархиясын ұйғарады: - шот; - субшот. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу серіктестіктің қажеттілігіне байланысты белгіленеді.
Қандай да бір сипаттама негізінде шоттың бір деңгейінде талдамалық есебі топтастырылады. Мысалы, негізгі құралдар тобы, материалдар түрлері, шығындар бабы, өнімдердің түрлері, есеп айырысулардың түрлері, резервтердің түрлері және т.б.
Серіктестік жүргізетін барлық шаруашылық операциялары бастапқы құжаттармен ресімделеді, оның негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Бухгалтерияға түскен бастапқы құжаттар нысаны бойынша (толықтылығы, құжаттың дұрыс ресімделуі, реквизиттердің толтырылуы), мазмұны бойынша (құжатталған операциялардың заңдылығы, жекелеген көрсеткіштердің логикалық байланысы), арифметикалық (сомаларды есептеу) міндетті түрде тексерілуі керек.
Есеп саясатында серіктестіктің активтері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу тәртібі бекітілген. Түгендеудің басты мақсаты: мүліктің бар-жоғын анықтау; мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру; міндеттемелердің есепте толық көрсетілуін тексеру [8].
Орналасқан жеріне қарамастан серіктестіктің мүлкі, серіктестіктің меншігіне жатпайтын, бірақ бухгалтерлік есебінде есепке алынатын (сақтауда тұрған, жалға алынған) мүліктер, қаржылық міндеттемелердің барлық түрлері түгендеуге жатады.
Жылдық қаржылық есеп беру үшін есептік кезең 1-ші қаңтарынан бастап 31-ші желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады. Кез –келген шаруашылық субъектінің басты мақсаты табыс алу болып табылады. Яғни «Invest City» ЖШСнің де басты мақсаты табыс алу болып табылады. Әрбір шаруашылық субъектінің жарлығына байланысты оның негзгі қызметі анықталады. Мысалы, өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыс атқару, сауда саттықпен шұғылдану, жүк және жолаушыларды тасымалдау. Негізгі қызметтің қаржылық нәтижесін былай анықтаймыз:
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалауда бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша бірнеше көрсеткіштер қолданылады ол 3-кеседе көрсетілген.
Кесте 3 - « Invest City» ЖШСнің қаржы – шаруашылық қызметін талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2015 ж. |
2016ж. |
Ауытқу (+, -) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қызмет көрсетуден түскен табыс |
164687980 |
198797884,80 |
34109904 |
2 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны |
111007324,13 |
158365243,46 |
47357919 |
3-кестенің жалғасы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
3 |
Жалпы табыс |
53680656,73 |
40432641,34 |
-13248015 |
4 |
Мерзімдік шығындар |
35117150 |
38512905 |
-31265855 |
5 |
Негізгі қызметтен түскен кіріс |
18563506 |
36581346 |
18017840 |
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен кіріс |
1895230 |
2360598 |
465368 |
7 |
Кіріс (барлығы) |
20458736 |
38941944 |
18483208 |
8 |
Жұмысшылардың орташа саны |
162 |
160 |
-2 |
9 |
Еңбек ақы қоры |
104524000 |
176598000 |
72074000 |
10 |
1 жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысы |
645209 |
1103737 |
458528 |
Е с к е р т у - - « Invest City» ЖШСнің қаржылық есептілік негізінде есептелінген [9] |
||||
Берілген кестенің мәліметтері бойынша « Invest City» ЖШСнің қызмет көрсетуден түскен табысы 2016 жылы 2015жылмен салыстырғанда 34109904 теңгеге өсті. қызмет көрсетіден түскен табыстың өсуіне байланысты өнімнің өзіндік құны да 47357919 теңгеге өсті. кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнының өсуі кәсіпорынға жағымсыз жағынан әсер етті, себебі, жылпы табысы -13248015 теңгеге кеміді.кәсіпорын негізгі емес қызметтен кіріс алуына байланысты оның кірісі 2016жылы 2015 жылмен салыстырғанда 18483208 теңгеге өсті. жұмысшылардың орташа саны 2 адамға қысқарған. Ал еңбек ақы қоры 72074000 теңгеге өскен.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алу болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қорытындылай келе « Invest City» ЖШСнің қаржылық тұрақтылығы бар ұйым болып табылады, қаржылық жағдайы өсіп келеді.
