- •Дипломдық жоба
- •5В050800 – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Дипломдық жобаны орындауға тапсырма
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •1 Қысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері
- •2 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтер есебінің ұйымдастырылуы
- •2.1 Кәсіпорынның қаржылық экономикалық сипаттамасы
- •2.2 Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
- •2.3 Дебиторлық берешек және қорлар есебі
- •3 «Invest City» жшс-нің қысқа мерзімді активтердің аудиті мен талдауы
- •Қысқа мерзімді активтердің аудиторлық тексеруі
- •3.2 Қысқа мерзімді активтердің құрылуы мен құрамын талдау
- •3.3 Ағымдағы активтер есептіталдамалық жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар
- •Қосымша а
- •Қосымша б
Аннотация
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Қысқа мерзімді активтердің есебін, аудитін және талдауын жетілдіру» («Invest City» ЖШС материалдар негізінде)
Кілт сөздер: қысқа мерзімді активтер, ағымдағы активетер
Ғылыми-зерттеу жобаның объектісі болып «Invest City» ЖШС болып табылады.
Зерттеу пәні – қысқа мерзімді активтердің есебі, аудиті және талдауы.
Дипломдық жобаның көлемі 40 бет, оның ішінде 12 кесте, 3 сурет, 5 формула,2 қосымша және 20 қолданылған әдебиет орналасқан.
Дипломдық жоба кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу пәні,зерттеу объектісі жұмыстың мақсаты,жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздеріне, зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығына, жұмыстың тәжірибелік маңыздылығына негізделеді.
Бірінші бөлімде теориялық сұрақтардың түсініктілігі, қысқа мерзімді активердің сипаты мен түрлері, сонымен қатар, нормативтік-құқықтық реттеуге негізделеді.
Екінші бөлімде кәсіпорынның жағдайы, зерттеу объектісінің ұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы, бухгалтерлік есептің жалпы ұйымдастырылуы көрсетілген.
Үшінші бөлімде «Invest City» ЖШС-нің қысқа мерзімді активтерінің аудиті мен талдауы, активтердің жұмыс тиімділігін арттыру, жетілдіру жолдары мен ұсыныстар көрсетіледі.
Қорытынды бөлім қысқа мерзімді активтердің зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан тұрады
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................... |
5 |
|
|
|
|
1 |
Қысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері..................................... |
8 |
|
|
|
2 |
«Invest City» ЖШС-нің қысқа мерзімді активтер есебінің ұйымдастырылуы........................................................................................... |
12 |
2.1 |
Кәсіпорынның қаржылық экономикалық сипаттамасы ......................... |
12 |
2.2 |
Ақша қаражаттардың бухгалтерлік есебі.................................................. |
15 |
2.3 |
Дебиторлық берешек және қорлар есебі.................................................... |
19 |
|
|
|
3 |
«Invest City» ЖШС-нің қысқа мерзімді активтердің аудиті мен талдауы....................................................................................................... |
25 |
3.1 |
Қысқа мерзімді активтердің аудиторлық тексеруі..................................... |
25 |
3.2 |
Қысқа мерзімді активтердің құрылуы мен құрамын талдау..................... |
28 |
3.3 |
Ағымдағы активтер есептіталдамалық жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар……………………………………………………… |
35 |
|
|
|
Қорытынды............................................................................................................. |
38 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................. |
40 |
|
Қосымшалар............................................................................................................ |
42 |
|
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қысқа мерзімді активтерді әзірлеуге және енгізуге ықпал ететін іс-шараларды азайту маңызды сондай-ақ, өнімнің материал сыйымдылығының және айналымдылықты қысқа мерзімді активтерді дұрыс пайдаланып басқару маңызды. Соның нәтижесінде қысқа мерзімді активтердің айналымдылық жүреді жәнеде бұл бір қатар оң әсерлерге алып келеді. Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпорындар үшін қысқа мерзімді активтерді ұтымды қалыптастыру және тиімді пайдалану өте өзекті мәселелер қатарына жатады.
Есеп айырысуды дұрыс ұйымдастыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді айналымдылық қаражат ұйымдастыру нығайтады сонда ғана келісім-шарттық және есептік тәртіптің қаржылық жағдайының жай күйін жақсартады.
Сондықтан да, дипломдық жұмыстың тақырыбының маңыздылығын жан-жақты қарау, сондай- ақ қысқа мерзімі активтердің мәнін ,анықтамаларын ,ұғымдарды қарастыру керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізіне сәйкес активтер жатады, бұлар мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес – субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық –шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру – құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Бухгалтерлік есеп –экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашылып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектінің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі – клиент есебінен шартты комерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы қысқа мерзімді активтер үлкен роль атқарады. Ақша қаражаттары, дебиторлық қарыздар,қорлар шаруашылық субъектідегі айналымдағы активтердің құрамына кіреді. Қысқа мерзімді активтерді бақылау, дұрыс пайдалану және көбейту – бұл субъектілердің және бухгалтерлік есептің алдындағы міндеті болып табылады.
Қысқа мерзімді активтер объектінің бухгалтерлік балансында мынадай топтарға жіктеліп көрсетіледі:
Өңделу немесе сатып-өткізу мерзіміне қарамастан қорлардың барлық түрлері.
Есеп берілген мерзімнен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылады деп күтілетін алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар;
Ақша қаражаттары. Пайдалануына шектеу қойылған ақша қаражаттары, егер ол шектеулер бір жылдың ішінде алынып тасталынатын болса, ағымдағы активтердің құрамына кіргізіледі;
Ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, егер ол құнның олардың баланстық құнынан айырмашылығы болса;
Есеп берілген мерзімнен бастап бір жыл ішінде қайтарылып алынатын дебиторлық қарыздар.
Шаруашылық операциялардың ұйымдастырылуының көптеген түрлері бір немесе өзгеде нысанда ақшалай қаражаттың түсуімен немесе шығуымен байланысты. Кез-келген басқарушылық шешімді жүзеге асыру барысында басшылық ақшалай қаражатты пайдаланады. Осындай шешімдерді шешу қатарына шығыстар туралы қажетті көлемді анықтауды мына айналым активтері жатады олар: қорлар, шикізат, материалдар, жиынтықтаушы бұйымдар, дайын өнімді, тауарларды қайта сату, дебиторлық қарыз, қажетті қызмет көрсету үшін қарыз,еңбекақы төлеу, салықтарды төлеу және аударым. Ақшалай қаражат пайдаланылады, әдетте, күрделі сипаттағы шығындарды жұмсау мақсатында олар: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жобалау және ғылыми-зерттеу, қаржылық салымдар және т. б.
Едәуір үлес салмағы жабдықтау процесінде бар операциялар сатып алудың материалдық қорлары бойынша жүреді,, себебі олар үнемі жүзеге асыру үшін талап етілетін өндірістік процестің материалдық өнімнің негізін құрайды .
Басқару жүйесі дебиторлық қарызды бөліп қарастыруға болады,ол екі ірі бөліктен тұрады: кредиттік саясатты барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін дебиторлық қарыз құралы ретінде, жәнеде сату көлемін ұлғайту және бағытталған шаралар кешені бойынша пайда болу қаупін төмендету мерзімі өткен немесе үмітсіз дебиторлық қарыз болып бөлінеді.
Осы тақырыптың өзектілігі жоғарыдағы айтып кеткен жағдайларға байланысты, өйткені қысқа мерзімді активтерді бухгалтерлік есепке алу маңызды болып табылады, себебі ол ақша айналымын ұйымдастырады, дебиторлармен есеп айырысуды, кредиттеу, өндірісті жақсарту,материалдық- техникалық жабдықтауды жүргізеді.
Қысқа мерзімді активтердің есебін,аудиті және талдауын қарастырудың мақсаты болып, оның пікірдің дұрыстығы туралы есеп көрсеткіштерінің баптары бойынша ағымдағы активтер мен сәйкестігін қолданылатын ұйымдастыру әдістемесін есепке алу және салық салу бұл операциялардың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігін қарастыру.
Жобаның зерттеу пәні. Қысқа мерзімді активтердің есебін, аудитін және талдауының теориялық және практикалық мәселелерін есепке алу.
Жобаның зерттеу объектісі – Астана қаласында орналасқан «Invest city» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Дипломдық жобаның мақсаты– Қысқа мерзімді активтердің есебі, аудиті және талдауы бойынша іс шаралар әзірлеу және оларды жетілдіру болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін жұмыстың негізгі міндеттері мыналар болып табылды:
қысқа мерзімді активтердің экономикалық мәнін зерттеу;
кәсіпорында қысқа мерзімді активтердің есепке алынуын зерттеу;
қысқа мерзімді активтердің аудитінің мәселелерін зерделеу;
кәсіпорында қысқа мерзімді активтердің айналымдық талдауын зерттеу;
қысқа мерзімді активтердің есебі, аудиті және талдауы бойынша жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу.
Жобаның теориялық және әдістемелік негіздері Заңнамалық және нормативтік актілер бойынша бухгалтерлік есепті, отандық және мамандардың, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау жасау арқылы қарастыру.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы. Нақты кәсіпорындағы қысқа мерзімді активтердің"есеп және аудит" теориялық негізделген жүйенің даму бағыттары дипломдық жұмыста әзірленді.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері, материалдар, статистикалық жинақтар, кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, сондай-ақ материалдар басылымдар, кәсіпорынның нақты мәліметтері және басқа да көздер пайдаланылды.
Дипломдық жобаның тәжірибелік маңыздылығы қысқа мерзімді активтердің"есеп және аудит" әдіснамалық қағидаттарын және нақты қолданбалы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Дипломдық жобаның көлемі мен құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен,3 суреттен, 12 кестеден, 5 формуладан, 2 қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жобаның топ мүшелері: Абдрахманова Толқын - қысқа мерзімді активтер есебінің ұйымдастыру сурақтарын зерттеуге жауапты, Муканова Асель - қысқа мерзімді активтердің аудиторлық тексеруін қарастырды, Сабырхан Айдана - қысқа мерзімді активтердің құрылуы мен құрамын талдау бөлімін зерттеп талдады.
