Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД JP Инф_каз_2015.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
595.94 Кб
Скачать

If (логикалық өрнек) оператор1; [ else оператор2;]

else бөлімі міндетті емес. Кез келген оператордың орнында фигуралық жақшаға алынған құрама оператор болуы мүмкін. boolean типті мәнді қайтарушы өрнек – логикалық өрнек.

break операторы

Java тілінде goto операторы қолданылмайды. Java тілінде goto операторын алмастырушы break операторы қарастырылған. Бұл оператор орындаушы ортаға аталған блоктың орындалуын тоқтатып, келесі блокқа операторды басқаруды береді. Java тілінде блоктың атауына белгі қолданылады. break операторы циклмен жұмыс істегенде және switch операторларына белгіні қолданбайды.

Switch операторы

switch операторы бір айнымалының немесе өрнектің мәніне тәуелді программа кодының әртүрлі бөліктері арасында ауысуды қамтамасыз етеді. Бұл оператордың жалпы жазылуы:

switch ( өрнек ) {

case 1мән:

break;

case 2 мән:

break;

case n мән:

break;

default:

}

Өрнекті есептеудің нәтижесі кез келген жәй типті, сонымен қатар case операторындағы көрсетілген әрбір мән switch операторындағы өрнек типімен үйлесімді болуы керек. Бұл мәндер бірегей литералдар болуы керек. Егер екі case операторында бірдей мәнді көрсетсеңіз, транслятор қате туралы хабарлама береді.

Егер case операторларындағы өрнек мәні сәйкес келмесе, онда default кілттік сөзінен кейінгі басқару кодына беріледі. Default операторы міндетті емес. case операторларындағы өрнек мәні сәйкес келмеген жағдайда және switch-те default операторы болмаса, онда программаның орындалуы switch операторынан кейінгі оператордан басталады.

switch операторының ішіндегі белгісі жоқ break, switch операторынан кейінгі тұрған кодқа басқаруды беруге әкеледі. Егер ағымдағы case бөлімінен кейін break болмаса, келесісі орындалады. Кейде switch операторында break операторымен ажыратылмаған бірнеше case бөлімінің болған ыңғайлы.

Return операторы

Java тілінде объект кластарында процедур­алық интерфейсті іске асыру үшін әдістер деп аталатын ішкі программалар түрлері қолданылады. main ішкі программасы – сәйкес кластың статикалық әдісі. Программалық код әдісінің кез келген жеріне дереу жұмысты аяқтауға және кодты басқаруды беруге осы әдісті шақырушы return операторын қоюға болады.

Цикл операторы while

Кез келген цикл 4 бөліктен тұрады: инициализация, денесі, итерация және аяқтау шарты. Java тілінде 3 циклдік конструкция бар: while (алғы-шартпен), do-while (соңғы-шартпен) және for (параметрмен).

while

Бұл цикл логикалық өрнектің мәні true болғанша бірнеше рет орындалады. while операторының жалпы түрі:

[ инициализация; ]

while ( аяқтау ) {

денесі;

[итерация;] }

Цикл операторы do-while

Кейде цикл денесінің басында логикалық өрнектің мәні false болса да, бір рет қана орындау кезі болуы мүмкін. Бұл жағдайға Java тілінде do-while циклдік конструкциясы қарастырылған. Оның жалпы жазылуы:

[ инициализация; ] do { денесі; [итерация;] } while ( аяқтау );

Цикл операторы for

for операторында барлық циклдің 4 бөлігі де орын алған. for операторының жалпы жазылуы:

for ( инициализация; аяқтау; итерация ) денесі;

for операторының көмегімен жазылған кез келген циклді while цикл түрінде де және керісінше де жазуға болады. Егер алғашқы шартта циклге кіру кезінде аяқтау шарты орындалмаса, онда дене операторлары және итерация бірде бір рет орындалмайды.

for циклінде санауыштың бүтін мәні ең кіші мәннен анықталған мәнге дейін артады.