Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД JP Инф_каз_2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
595.94 Кб
Скачать

2.Глосарий.

Автоматтандырылған программалау жүйесі. Берілген есептің формалды сипаттамасы бойынша программа құратын инструменталдық программалық құрал.

Авторлық жүйелер – интерфейстік қосымшасы бар, пайдаланушы өзінің пәндік саласындағы информациямен толтыра алатын біріктірілген орта.

Аналогтық-цифрлық түрлендіргіш (АЦП) – датчиктен берілген аналогтық түрдегі сигналды цифрлық сигналдарға түрлендіретін арнаулы плата

Аппараттық жабдықтама (архитектура) – компьютерге қатысты техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жиынтығы.

Адрес пішіні - (1) машина командасындағы адрес өрістерінің орналасуы мен саны. (2) адресте элементтердің орналасуы мен саны.

Адрес өрісі - адрестерді немесе операндтардың мәндерін алу үшін қажетті информацияны, адресті қамтитын машина командаларының кез келген өрісі.

Адрестің модификациясы - адресте орындалатын кез келген арифметикалық, логикалық немесе синтаксистік операциялар.

Ассемблер - ассемблер тіліндегі программаны машиналық тілдегі эквивалентке аударатын программа; әдетте ассемблер командасы машиналық бір командаға алмастырылады.

Атрибут - элементтің сипаты (типі, өлшемі).

Біріктірілген (интеграцияланған) жүйелер - бірыңғай жүйе принципі (командалар жүйесі) арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графиктік редакторды, деректер базасын басқару жүйесін, калькулятор және тағы басқаларын біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын пайдалану мүмкіндігін береді.

Драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары.

Динамикалық - программаның орындалуы кезінде болатын процеске немесе оқиғаға арналады; Кері. “статистикалық” (static).

Иерархия - компоненттері деңгейлердің бағыныштылықтары бойынша орналасқан құрылым: әрбір компонент нөл немесе бірнеше бағынышты компоненттерге ие; ешбір компонент бір компоненттен артық компонентке бағынбайды; ешбір басқа компонетке бағынбайтын компонент (тамыр) бар; ешбір басқа компонетті бағындырмайтын компонеттер (жапырақтар) бар;

Интерпретатор - жасанды тiлдегi программаның әрбiр әрекетi (нұсқауы немесе амалы) жеке алдын ала аударылмастан бiрден машиналық тiлде орындататын программа.

Код - (1) белгілі мағынаны білдіретін символ немесе биттер жинағы; (2) программалау тілінде немесе тілдік процессормен қалыптастырылған пішінде көрсетілген инструкциялар мен деректер анықтамалары; (3) программаны программалау тілінде бенелеу.

Кодтау - (1) информацияны белгілі бір символдар көмегімен бейнелеу; (2) программаны программалау тілінде көрсету процесі. (3) жоба спецификациясынан логика мен деректерді программалау тіліндегі бейнелеуге түрлендіру.

Команда - (1) машиналық опрацияның машиналық тілдегі көрсетімі; 2) тапсырмаларды басқару тілінің сөйлемі; (3) басқарушы сигнал.

Командалар модификаторы - машиналық команданы өзгерту үшін қажет сөз немесе сөз бөлігі.

Компилятор - алдымен жасанды тiлдегi программаны түгелдей машиналық тiлге аударып, сонан кейiн бұл программа басынан орындататын программа.

Конвертірлеу - программалық жабдықтаманы басқа ортада жұмыс істеу үшін функционалдық сипаттамаларын сақтай отырып түрлендіру. Мысалы, (1) бір тілдегі программаны басқа тілдегі программаға конвертірлеу; (2) бір компьютерде орындалынатын программаны басқа компьютерге арналған программаға конвертірлеу.

Қолданбалы тіл - мүмкіндіктері немесе ұғымдары бір қолданбалы облысқа жарайтын компьютерлік тіл.

Массив - тікелей адрестелінетін бір типті деректердің реттелген көпөлшемді жиыны.

Массивтің элементі - қатынауы аты және бір немесе бірнеше индекстері бойынша іске асырылатын дерек.

Программа - компьютердің аппараттық жабдықтамаларына есептеу немесе басқару функцияларын орындауға мүмкіндік беретін деректердің анықтамалары мен инструкциялардың жинағы.

Прогрммалауды автоматтандыру - есептің қойылымының формальды сипаты бойынша программа құрастыратын инструменталды программалық құрал.

Программалау тiлi – программа жазуға арналған жасанды тiл.

Файл - біртұтас ретінде қарастырылатын байланысқан жазбалар жиыны.