Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД JP Инф_каз_2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
595.94 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс 3

Тақырыбы:Java тілінің басқару инструкциялары.

Мақсаты:Цикл операторы while, do-while, for инструкцияларын есептер шығаруда қолдану

Цикл операторы while

Кез келген цикл 4 бөліктен тұрады: инициализация, денесі, итерация және аяқтау шарты. Java тілінде 3 циклдік конструкция бар: while (алғы-шартпен), do-while (соңғы-шартпен) және for (параметрмен).

while

Бұл цикл логикалық өрнектің мәні true болғанша бірнеше рет орындалады. while операторының жалпы түрі:

[ инициализация; ]

while ( аяқтау ) {

денесі;

[итерация;] }

Инициализация және итерация блоктары міндетті емес. Төменде while цикл үшін «tick» он жолын басып шығару мысалы қарастырылады.

Мысал 1.

class WhileDemo {

public static void main(String args[]) {

int n = 10;

while (n > 0) {

System.out.println("tick " + n); n--; }

}

}

Цикл операторы do-while

Кейде цикл денесінің басында логикалық өрнектің мәні false болса да, бір рет қана орындау кезі болуы мүмкін. Бұл жағдайға Java тілінде do-while циклдік конструкциясы қарастырылған. Оның жалпы жазылуы:

[ инициализация; ] do { денесі; [итерация;] } while ( аяқтау );

Келесі мысалда цикл денесі аяқтау шарты бірінші тексеруге дейін орындалады. Бұл итерация кодымен аяқтау шартын сәйкестендіреді.

Мысал 2.

class DoWhile {

public static void main(String args[]) {

int n = 10;

do {

System.out.println("tick " + n);

} while (--n > 0);

}

}

Цикл операторы for

for операторында барлық циклдің 4 бөлігі де орын алған. for операторының жалпы жазылуы:

for ( инициализация; аяқтау; итерация ) денесі;

for операторының көмегімен жазылған кез келген циклді while цикл түрінде де және керісінше де жазуға болады. Егер алғашқы шартта циклге кіру кезінде аяқтау шарты орындалмаса, онда дене операторлары және итерация бірде бір рет орындалмайды.

for циклінде санауыштың бүтін мәні ең кіші мәннен анықталған мәнге дейін артады.

Мысал 3.

class ForDemo {

public static void main(String args[]) {

for (int i = 1; i <= 10; i++)

System.out.println("i = " + i);

}

}

Келесі мысал кері санау программасы:

class ForTick {

public static void main(String args[]) {

for (int n = 10; n > 0; n--)

System.out.println("tick " + n);

}

}

for операторы инициализациясының ішкі бөлігі айнымалылары хабарламасына назар аударыңыз. for операторының ішінде хабарланған айнымалы осы оператордың шегінде әрекет етеді.

for операторы қолданып жыл айларына арналған прогорамманың жаңа версиясын қарастырайық:

Мысал 4.

class Months {

static String months[] = {

"January", "February", “March", "April", "May", "June", "July", "August", "September", "October", "November", "December" };

static int monthdays[] = { 31, 28, 31, 30, 31, 30, 31, 31, 30, 31, 30, 31 };

static String spring = "spring";

static String summer = "summer";

static String autumn = "autumn";

static String winter = "winter";

static String seasons[] = { winter, winter, spring, spring, spring, summer, summer, summer, autumn, autumn, autumn, winter };

public static void main(String args[]) {

for (int month = 0; month < 12; month++) {

System.out.println(months[month] + " is a " +

seasons[month] + " month with " + monthdays[month] + " days.");

}

}

}

Программа нәтижесі:

January is a winter month with 31 days.

February is a winter month with 28 days.

March is a spring month with 31 days.

April is a spring month with 30 days.

May is a spring month with 31 days.

June is a summer month with 30 days.

July is a summer month with 31 days.

August is a summer month with 31 days.

September is a autumn month with 30 days.

October is a autumn month with 31 days.

November is a autumn month with 30 days.

December a winter month with 31 days.