- •Кешенді емтихандардың сұрақтары
- •4.1. Міндетті профильдік емес пәндер
- •4.2. Міндетті профильдік пәндер блогы бойынша
- •4.3. Элективті профильдік пәндер блогы бойынша
- •4.3.1. Жбб 1: 6м060701 – «Тірі организмдердің алуантүрлілігі»
- •4.3.2. Жбб 2: 6м060703 – «биохимия, генетика және молекулалық биология»
- •4.3.4. Жбб 3: 6м060704 – «физиология және биофизика»
4.3. Элективті профильдік пәндер блогы бойынша
4.3.1. Жбб 1: 6м060701 – «Тірі организмдердің алуантүрлілігі»
Археялардың ашылу тарихы. Биологиялық систематикадағы археялардың орны.
Археялардың негізгі топтары. Таксономиясы мен номенклатурасы, филогенетикалық ағашы.
Археялардың цитологиялық және молекулалы-биологиялық ерекшеліктері.
Археялар мен басқа домендердің салыстырмалы сипаттамасы.
Биогеография ғылымының дамуы мен қалыптасуы, оның негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз, қазіргі кездегі өзгерістеріне тоқталыңыз.
Қазіргі кездегі Қазақстандағы палеоботаникалық флора мен фаунаның, биогеографиялық аудандастыру мәселелерін атап көрсетіңіз, мысал келтіріңіз.
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігінің өзгеруінің жалпы бағыттары. Жануарлар әлемінің кедейленуінің көрінісі қандай, оның негізгі себептерін атаңыз.
Жануарлар алуан түрлілігін қорғауда және тиімді пайдалануда ерекше қорғалатын аймақтарға сипаттама беріңіз, қорғау аймақтарының маңызыдылығын атап көрсетіңіз.
Қазақстанның эколгиядық аудандарындаға биологиялық мониторинг жүйесін ұйымдастыру жолдарына сипаттама беріңіз.
Далалы аймақтың флоралық құрамы оның экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Шөлдің басты анықтамаларына және негізгі белгілеріне тоқталыңдар.
Қазақстанның солтүстік жусанды шөлінің өсімдіктер жабынына, экологиялық ерекшеліктеріне түсініктеме беріңдер.
Дала зонасына сипаттама беріңіз. Өсімдік жамылғысына тоқталыңыз.
Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу кезіндегі іс- шаралар.
Фотосинтез жәнеадамзат болашағын сипаттаңыз. Фотобиологиялық үрдістер және фотохимиялық реакциялар. Фотохимиялық әрекет спектрі. Жұту спектрі. Фотобиологиялық әрекет спектрі.
Афтотрофты және гетеротрофты жасушалар. Фотосинтездеуші бактериялар. Экожүйедегі фототрофты микроорганизмдердің рөлі. Аноксигенді және оксигенді фотосинтезді жүзеге асыратын фототрофты бактериялар.
Фотосинтетикалық аппарат пигменттері жөнінде сипаттаңыз. Пигменттер локализациясы немесе оқшаулануы. Фотосинтездің біріншілік процессін сипаттап беріңіз. Мембранада пигменттер мен электрон тасымалдаушыларының орналасуы. Электрондардың бағытталған транспорты және протондық градиентті құру.
Жануарлар дүниесін қорғау және тіршілік ортасын жақсарту жолдарын сипатаңыз.
Табиғатта түрлердің және мекендейтін жерлердің алуантүрлігін дұрыс бағалау жолдарын түсіндіріңіз.
Жануарлар дүниесіне әсер ететін орта факторларының түрлерін және оларды анықтайтын ортақ жағдайларын түсіндіріңіз.
Түрлердің санының азаюынына әсер ететін факторларды сипатаңыз.
Биоалуантүрлікті қалпына келтіру және қорғау жолдарының негізгі тәсілдеріін сипатаңыз.
4.3.2. Жбб 2: 6м060703 – «биохимия, генетика және молекулалық биология»
Дәнді дақылдарды морфологиялық маркерлеу, оның генетикалық анализдер мен бидай селекциясындағы маңызын талқылаңыз.
Селекция үрдісіндегі жалпы және спецификалық комбинациялық қабілеттілік деген түсінікке мысал келтіріңіз.
Модификаторлы гендер туралы түсінік беріп, ауылшаруашылығына маңызы бар белгілердің тұқымқуалауын сипаттаңыз.
Генотип және экологиялық орта жағдайына бейімделген идеотипімен сорттар түрін шығару жұмыстарына анықтама беріңіз.
ГМӨ-ді бағалаудың молекулалы-генетикалық критерийлері мен принциптерін келтіріңіз. ГМӨ-ден алынған жаңа өнімдерді бағалау әдістері және токсикологиялық сипаттамаларын келтіріңіз.
Молекулалы–генетикалық сараптамада цитогенетикалық әдістердің маңызың көрсетіңіз.
Рестриктаза ферменттерінің классификациясын. Рестрикатаза фрагментінің полиморфизмінің қолдануын келтіріңіз. Рестрикциялық фрагменттер.
Жыныс Х-хроматин скринингі. Молекулалы–генетикалық сараптамада диагностикалық мәнін көрсетіңіз.
Иммуногенетикалық және иммуноферменттік әдістердің молекулалы-генетикалық сараптамада маңызын көрсетіңіз.
Гистондар эволюциясы мен гистон коды туралы жалпы шолу және эукариоттарда негізгі гистондардың дамуын сипаттаңыз.
ДНҚ метилдену жағдайындағы ген экспрессиясының регуляциясын көрсетіңіз. Даму процесінде метилденген ДНҚ-ның өзгеруінің сипаттамаларын келтіріңіз.
РНҚi және хроматин жиынына сипаттама келтіріп, РНҚ арқылы хроматиннің жинақталуын сызбанұсқа түрінде көрсетіңіз.
Эпигенетикалық өзгерістерді индуцирлейтін қоршаған орта факторларын сызба түрінде келтіріңіз.
Хромосомдық тұқым қуалаудың элементтері мен эпигенетикалық реттелуін сипаттаңыз.
Прокариоттар мен эукариоттардағы ДНҚ транскрипциясын салыстырмалы түсіндіріңіз.
Прокариот гендерінің экспрессиясының реттеуші орталықтың құрылысымен байланысын мысалмен дәлелдеңіз.
Транскрипция факторлары туралы түсінігін ДНҚ–ның домендерімен байланысын дәлелдеңіз.
Бактерияларда индуцибельді және репрессибельді жүйелердің реттелу механизмдерінің ерекшеліктерін салыстырыңыз.
РНҚ интерференция құбылысын түсіндіріңіз және гендер экспрессиясымен байланыстырыңыз
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөніндегі теорияның (өздігінен немесе спонтанды, пайда болу, креоциониз немесе жарату, стационар күйде, панспермия, билхимиялық эволюция) негізгі шарттарын анықтаңыз.
Кроссинговердің генетикалық және цитологиялық дәлелдерін келтіріңіз.
Теломераның құрылымын және хромосоманың теломералық аймақтарының қасиеттерін сипаттаңыз.
Хромосомалардың алғашқы нөмірленуі және оларды сәйкес геномдарға орналастыру.
Униваленттердің алмасу мәселесі.
Изогенді линиялар мен морфологиялық маркерленген моносомнды линиялар шығару тәсілдері.
