- •Кешенді емтихандардың сұрақтары
- •4.1. Міндетті профильдік емес пәндер
- •4.2. Міндетті профильдік пәндер блогы бойынша
- •4.3. Элективті профильдік пәндер блогы бойынша
- •4.3.1. Жбб 1: 6м060701 – «Тірі организмдердің алуантүрлілігі»
- •4.3.2. Жбб 2: 6м060703 – «биохимия, генетика және молекулалық биология»
- •4.3.4. Жбб 3: 6м060704 – «физиология және биофизика»
ҚОСЫМША
Кешенді емтихандардың сұрақтары
4.1. Міндетті профильдік емес пәндер
Жоғары мектеп педагогикасының пәнін, міндеттері мен қызметтерін негіздеңіз
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категорияларын жүйелеңіз және «педагогикалық жүйе – педагогикалық үдеріс», «оқыту – тәрбие – білім беру» ұғымдарының өзара байланысын ашып көрсетіңіз
Жоғары мектеп педагогикасының басқа ғылымдармен байланысын сипаттаңыз. Приведите пример ситуации, рассматриваемой с точки зрения педагогики и других наук.
Педагогикалық ғылымдар жүйесін сипаттап беріңіз және оны сызба түрінде ұсыныңыз
Кредиттік оқыту жүйесінің мәнін ашып беріңіз. Әлемдік жоғары білім жүйесіндегі Сізге таныс кредиттік оқыту үдерісін сипаттаңыз
Қазақстан мен шетелдегі (елі Сіздің таңдауыңыз бойынша) жоғары білім жүйесіне салыстырмалы талдау жасаңыз
Жоғары білім мазмұнын реттейтін нормативті құжаттарға сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз
Ғылым әдіснамасына түсінігін негіздеңіз және педагогика әдіснамасының деңгейлерін жүйелеңіз
«Жоғары мектеп дидактикасы» ұғымына анықтама беріңіз. Жоғары мектеп дидактикасының негізгі категорияларына сипаттама беріңіз. Лекцияның дидактикалық мақсатын құрастырыңыз
Жоғары мектепте оқыту заңдылықтары мен принциптерін тізбектеп беріңіз
Өзі мамандығы мысалы ретінде жоғары кәсіби білім беру мазмұнының деңгейлері мен құрауыштарын қарастырыңыз
Жоғары мектепте дәстүрлі оқыту әдістерінің жіктемесін талдаңыз және көрсеткіштерін сиппатаңыз
Оқытудың белсенді әдістеріне анықтама беріңіз. Бір белсенді оқыту әдісін қолдауын жобалаңыз.
Жоғары мектепте оқытудың негізгі формаларын сипаттап беріңіз
Нақты тақырып бойынша дәрістің жоспарын жасап, мақсат-міндеттері, қолданылатын әдістері мен уақыттары көрсетілген қысқаша тірек-конспект дайындаңыз. Педагогикалық практика тәжірибесіне сүйеніңіз
Жоғары мектеп психологиясының басты мәселелерін сипаттаңыз. ЖОО-да оқыту процесін жобалағанда аталған мәселелерді қалай жоспарлау керек.
Қабылдаудың түрлерінің байланысын және заңдылықтарын сипаттаңыз. ЖОО-да сабақ жүргізу немесе жоспарлау барысында қабылдау ерекшеліктерін ескеру қаншалықты маңызды.
Студенттік жастың психологиялық ерекшеліктері қалай көрініс береді. Педагогикалық іс-әрекетке студенттің индивидуалды ерекшеліктерінің әсерін түсіндіріңіз.
Ойлаудың формалары мен түрлеріне сипаттама беріңіз. Ойлау қабілетінің жұмыс жасау қызметі тұрғысынан белсенді әдістерді оқытудың ерекшелігіне анализ жүргізіңіз.
Тұлға дамуының негізгі концепцияларына сипаттама беріңіз.Тұлға даму тұрғысынан үздіксіз оқуды,яғни өмір бойы оқу(life-long education) қажеттілігін тұсіндіріп беріңіз.
Жоғары мектеп педагогының кәсіби іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз. Сіздің ойыңызша, педагогтардың оқыту әдістерін таңдауда темперамент бойынша индивидуалды ерекшеліктері қалай көрініс береді.
Шығармашылық ойлаудың дамуына оқытудың қандай әдістері әсер етеді, сипаттаңыз.
Адамның бойындағы қабілеттерін, олардың даму деңгейін және индивидуалды ерекшеліктерін сипаттаңыз. Қазіргі таңда білім беру жүйесі адамдар арасындағы индивидуалды ерекшеліктерді қаншалықты ескереді?
Ес, естің түрлері және де механизімдеріне жалпылай сипаттама беріңіз. Оқыту үдерісінде естің ерекшеліктерін ескері қаншалықты маңызды?
Педагогикалық қарым-қатынаста адам тұлғасының мінез-құлқын, темперамент ерекшеліктерін қалай ескеру керек?
Сіздің мамандығыңыз, пән аясында белсенді оқыту әдістерінің қолдану мүмкіндіктеріне анализ жүргізіңіз.
Эмоциялардың негізігі қызметтерін сипаттаңыз. Адамның танымдық іс-әрекетіне эмоциялардың әсер ету механизімін ашыңыз.
Студенттік жастың психологиялық ерекшелік тұрғысынан, жоғары мектептегі оқыту принциптеріне анализ жүргізіңіз.
Заманауи студенттік ортаның ерекшеліктеріне сай олардың гендерлік, жас, әлеуметтік-мәдение ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі оқыту әдістерінің әсерін, эффективтілігіне баға беріңіз.
Тұлға дамуна және де оқытудың әдістерін және түрлерінің өзгеруіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қаншалықты әсері бар екендігін сипаттаңыз.
