Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Автоматика негіздері..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать
  1. Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуі (аәж) үлгілері

Қазіргі кезде коммуникация үрдістерінде байланыстардың қуатты құралдары қолданылады және қолданушылардың арасында көптеген стандарттар сәйкес келмегендіктен өзара келіспеушіліктер туады. Стандарттау бойынша бүкіл әлемдік ұйым (International Organization for Standardization — ISO) ашық жүйелердің әрекеттесуінің (АЖӘ) эталондық үлгісін өңдеді. АЖӘ эталондық үлгісі, коммуникационды үрдістің әртүрлі құраушыларын ұқсастыру және жіктеу үшін құрылымды ұсынады. АЖӘ базалы сұлбалармен сәйкес өңделген қосымша жүздеген стандарттары бар. АЖӘ үлгісі нақты бір салаға жатпайды, ол тек коммуникацияны абстрактты түсінікте бейнелейді. АЖӘ жүйенің үйлесімділігіне жету үшін қолданылатын қажетті хаттамалардың немесе беріліс жылдамдығын, кернеу деңгейін анықтамайды. Керісінше, АЖӘ хаттамалардың, жылдамдықтары және кернеу деңгейлерінің, сонымен қатар басқа да көптеген параметрлердің келісілгендігін мәлімдейді. АЖӘ үлгісінің тәжірибелік мақсаты ауыспалылықты және үйлесілімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Үйлесімділік дегеніміз ол мәліметтердің алмасуы, олардың түрленуіне пропорционалды емес шығындардың талап етуін білдіреді. Ауыспалылық бір функцияны орындауға арналған, әртүрлі өндірушілермен шығарылатын құрылғылар, жұмыстары бірдей принцип және ереже бойынша негізделген жағдайда ешқандай қиындықсыз бір - бірімен алмастыра алуын білдіреді.

АЖӘ - бұл коммуникация үрдісінің тұжырымдамалық үлгісі, осыған сәйкес үрдіс бірнеше функционалдық деңгейлерге бөлшектенеді. Мұнда әрбір функционалды деңгей, деңгейі бойынша жоғарыда немесе төменде орналасқан көршілерімен ғана өзара әрекеттеседі. Мұндай нұсқа ауыспалылық және үйлесілімділіктің нақты деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЖӘ үлгісінде жеті функционалдық деңгей анықталған. Олардың әрбіреуі тек өзінің көршілерімен ғана тікелей әрекеттеседі: олар төменгі деңгейдің қызметін анықтайды және оны жоғарыда орналасқан деңгейге жеткізеді. Әртүрлі коммуникациялық желінің бір деңгейінде орналасқан объектілер бір рангілі деп аталады. Бір рангілі объектілер өзара бір - бірімен хаттамалар негізінде әрекеттеседі, олар хабарламаның форматын және оларды жіберу ережесін анықтайды.

АЖӘ ережелеріне сәйкес бір рангілі объектілер ғана бір - бірімен хабарласа алады. АЖӘ үлгілерінде келесі деңгейлер анықталған:

  • Станция немесе түйіндер деп аталатын, объектінің интерфейсіне сәйкес келетін электрлі немесе оптикалық сигнал берудің физикалық ортасын білдіретін деңгей - физикалық деңгей деп аталады. Физикалық деңгей екі түйін арасындағы жалғыз материалдық байланыс болып табылады және телефон, телеграф, радио, электронды байланыс, сонымен қатар электрлі және оптикалы өткізгіштер түрінде жүзеге асуы мүмкін.

  • Кадрларды қалыптастыру және беруді қамтамасыз ететін деңгей - арналы (каналды) деңгей деп аталады.

  • Қорек көзінен белгіленген түйінге хабарламаны беруді бақылайтын және маршрутын орнататын деңгей - желілі деңгей деп аталады.

  • Қорек көзінен қабылдағышқа хабарламаның жеткізілуін басқаратын деңгей - транспорттық деңгей деп аталады. Осы деңгей қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің арасындағы интерфейстен тұрады. Транспорттық деңгей қоректен қабылдағышқа мәліметтерді жіберудің дұрыстығына және қолданбалы бағдарламалардың жеткізілуіне жауапты болып келеді.

  • Объектілер арасындағы байланысты басқаруға (байланыс сеансы), синхрондауға, қолдауға жауапты деңгей - сеансты деңгей деп аталады. Осы деңгейде желіге тіркелу орындалады.

  • Кодтау және қабылдаушыға түсінікті форматқа кодты түрлендіруді қамтамасыз ететін деңгей - мәліметтерді көрсету деңгейі деп аталады .

  • Файлдарды беру, деректер базасындағы операциялар және алыстан басқару сияқты қолданбалы есептер шешілетін ең жоғарғы деңгейді көрсететін деңгей - қолданбалы деңгей деп аталады

Бірінші деңгей материалды іске асыратын жалғыз деңгей. Қалғандары бағдарламалы құралдармен жүзеге асқан функцияларды шақырудың бейнесін немесе ережелер жиынын көрсетеді. Төменгі үш деңгей - желілі немесе коммуникационды деңгейлер деп аталады, себебі олар хабарламаны жеткізуге жауапты болып келеді.