Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Автоматика негіздері..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Автоматика негіздері пәні бойынша

  1. Автоматиканың негізгі түсініктері. Автоматты басқару теориясы (абт) пәні.

«Автоматика негіздері» пәнінің мақсаты адамның қатысуынсыз белгілі бір жүйеге бағытталған функцияларды орындайтын басқарылатын техникалық жүйелер мен құрылғылар құрылу принциптерін меңгеру болып табылады. АБЖ анализі жəне синтезі Автоматты басқару теориясы (АБТ) ғылымының негізгі міндеті болып табылады. Енді АБЖ талдау есебін толық түрде тұжырымдауға болады. Дəлірек айтсақ, АБЖ талдау элементтердің сипаттамаларына қатысты жəне солардың арасындағы себеп-салдарына қатысты жүйенің құбылысының өзгеріс заңдылықтарын, сонымен қатар құбылыстар қасиетін көлемдік бағалауды анықтайды. Автоматты басқару теориясының (АБТ) бір құрастырушы бөлігі автоматты реттеу теориясы болып табылады, мұнда автоматты реттеу жүйесін (АРЖ) есептеу, жобалау жəне зерттеу тəсілдері, техникалық үрдістердің автоматты реттеу принциптері қарастырылады. Көптеген жағдайларда талдау нəтижелері бойынша АБЖ синтездеу жүргізіледі. АБЖ синтездеу кезінде қажетті құбылысты алу үшін элементтерді жəне солардың арасындағы себеп салдар байланыстарын таңдау жүргізіледі.

  1. Басқару мен реттеудің негізгі принциптері.

Қазіргі кезде «Басқару» ұғымы «Ақпарат» ұғымымен тығыз байланысқан. Физикалық үрдістердің көрсеткіштері, әсерлер сигналдары ақпараттан тұрады. Мысалы, радиотехникада электрлік сигналдар көмегімен дыбыстар ал теледидарда бейне беріледі. Ақпараттан тұратын көрсеткіштерді ақпараттық деп атайды. Ақпарат деп басқа жүйеге (элементке) қатынас түрінде берілген жүйе (элемент) туралы мәліметтер, берілгендер жиынтығын айтуға болады. Осылайша, сигнал ретінде электрлік кернеу болса, осы сигналдың ақпараттық көрсеткіші ретінде амплитудасы болады. Басқару кезіндегі ақпараттық ағын келесі мәліметтердің таратушысы болып табылады, онсыз басқару мүмкін емес:

  • Басқару мақсаттары;

  • Ортаның қозуы;

  • Басқару объектісінің күйі;

  • Объект сипаттамалары.

Басқарудың алдындағы мәселе – қойылған мақсатқа жету үшін БО ағымдағы күйін немесе ішіндегі үрдістерін сәйкес шара қолдана отырып өзгерту болып табылады. БО көптүрлілігіне қарамастан АБЖ құрылымы жалпы белгілі принциптерге негізделеді.

Ақпараттың толықтылығына және сипатына қатысты басқарудың келесі принциптері іске асырылады:

  • тұйықталмаған басқару принципі;

  • компенсация принципі – қоздырумен басқару;

  • кері байланыс принципі – ауытқу бойынша басқару;

  • аралас басқару;

  • бейімді басқару.

  1. Автоматты басқару жүйесінің (абж) математикалық моделі.

АБЖ құрамына табиғаты әртүрлі элементтер кіреді. Осы элементтерді сипаттау үшін әр ғылым саласында өзінің тілі болады. Автоматты басқару теориясында барлық элементтердің өзара әсерлерін талдау және бейнелеу үшін жүйенің барлық элементтеріне жалпы математикалық моделді қолдану ыңғайлы. Осыған байланысты келесі келісімдер қабылданған: АБЖ әрбір элемент құрылғы ретінде, яғни жүйенің буыны ретінде қарастырылады, мұнда кіріс әсердің шығыс реакцияға түрленуі жүреді, яғни түрлендіру операторымен (ТО) сипатталынатын «кіріс-шығыс» түрленуі, буындар арасындағы өзара әсері жүйенің құрылымының сипатымен беріледі.