- •050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы
- •050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша
- •Аннотация
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •3. Тұрмыс пен медицинада қолданылу мүмкіндіктерін бағалау үшін синтезделген жабынның химиялық және физикалық қасиеттерін зерттеу.
- •1 Әдеби шолу
- •1.1. Биоыдырайтын суда еритін полимерлер, заманауи мәселелері және оны шешу жолдары
- •1.1.1. Биоыдырайтын табиғи полимерлер
- •1. 1. 2. Крахмал модификациясы
- •1.1.3.Крахмалдың тігілген сополимерлері
- •1.2 Биоыдырайтын үлдір синтезіндегі поливинил спиртінің қолданылуы
- •1.3 Бетондарды пвс-крахмал негізіндегі сополимер қоспаларымен түрлендіру
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Бастапы заттар мен ерітінділердің сипаттамасы
- •2.2 Сополимерлердің синтезі
- •2.3 Зерттеудің физика-химиялық әдістері
- •2.4 Бетон үлгілерін алу және қалыптау
- •2.5 Полимербетонның су сіңіру қасиеті
- •2.6 Полимербетонның соққыға беріктілігін анықтау
- •3 Нәтижелер және оларды өңдеу
- •3.1 Поливинил спирті және крахмал негізінде үлдірлер алу
- •3.2 Поливинил спирті және крахмал негізінде алынған үлдірлердің физика-химиялық қасиеттері
- •3.3 Пвс пен крахмал негізінде синтезделген тігілген үлдірлердің биоыдыру қабілеті
- •3.4 Бетон үлгілерін алу және қалыптау
- •3.5 Полимербетонның су сіңіру қасиеті
- •3.6 Полимербетонның сығуға беріктілігін анықтау
- •Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
Қысқартылған сөздер тізімі
ПВС-поливил спирті
ММ-молекулалық масса
БПҚ-бастапқы полимерлер қатынасы
ИҚ-инфрақызыл сәуле
ПЭ-полиэтилен
ПП-полипропилен
ПВХ-поливилхлорид
МҚ-малеин қышқылы
МА-метакрил қышқылы
КМК-карбоксиметилкрахмал
ММ-молекулалық масса
БПҚ-бастапқы полимерлер қатынасы
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Заманауи қоғамды полимерлі орамалар, жабындар және пластикалық материалдарсыз елестету мүмкін емес. Қолданылған соң барлық пластикалық материалдар қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде тасталып, онжылдықтар бойы бұзылмай сақталады. Соның салдарынан жиналған қалдықтар адамзат денсаулығы мен қоршаған ортаға зор қауіп тудыруда. Ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалана отырып қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді игеру экологиялық мәселелердің негізгі шешімі болып табылады. Осыған орай қолданылған соң қайта өңдеуге келетін немесе биоыдырауға қабілетті жабындар синтезі қазіргі таңда қарқынды дамуда.
Биоыдырайтын полимерлер – микроағзалар, ультра күлгін сәулесі, күн радиациясы және өзге де табиғи факторлар есебінен, қоршаған ортаға зиянсыз бастапқы құраушыларына ыдырауға қабілетті материалдар. Биополимерлер негізінде алынған материалдар қарапайым құрылғылар көмегімен алынады және халық шаруашылығының көптеген салаларында жоғары қолданыстық көрсеткіштерге ие.
Биополимерлер өндірісінде аса үлкен қызығушылық тудыратын материал – крахмал. Жүгері крахмалы негізінде биоыдырайтын табиғи жабындар синтезі көптеген мәселелер шешімін табуға мүмкіндік береді. Крахмал – экономикалық тиімді, қолжетімді, қайта қалпына келетін, экологиялық таза шикізат көзі. Крахмал құрамында гидроксил топтарының болуы бойына суды жинай отырып, бастапқы құраушыларға ыдырауына мүмкіндік береді. Қосымша химиялық өңдеу крахмал негізіндегі алынған жабынның эксплуатациялық, беріктілік және эластикалық қасиеттерін арттырады.
ПВС – әмбебап полимер. Оның негізінде көптеген қолданыстық мақсаттағы бұйымдар мен поливинил ацеталь, поливинил нитрат секілді маңызды полимерлі материалдар алынады. ПВС синтезі үлкен өндірістік масштабтарға ие, негізгі тізбегінде С-С байланысының болуы оның негізіндегі өнімдерге тез биоыдырауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған жұмыс жоғарыда айтылған мәселелерді шешу мақсатында крахмал мен поливинил спирті негізінде биоыдырайтын үлдірлер алу және олардың басты физика-химиялық қасиеттерін тағайындауға арналған.
Жұмыстың мақсаты: жүгері крахмалы негізіндегі биоыдырайтын жабқыш синтезінің технологиясын жасау, алынған жапқыштың қолданылу мүмкіндіктерін бағалау, сонымен қатар табиғи ортада ыдырауына тексеріс жүргізу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Жүгері крахмалы негізінде алынған биоыдырауға қабілетті жабындар синтездеудің оңтайлы жағдайын іздестіру.
2. Поливинил спиртімен әр түрлі қатынаста қосымша химиялық түрлендірілген жүгері крахмалы негізіндегі биоыдырайтын жабқыш құрамын ИҚ спектроскопия әдісімен тексеру.
