Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DIPOMNAYa_rabota_jn_250515_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.21 Кб
Скачать

3.6 Полимербетонның сығуға беріктілігін анықтау

Бетонның беріктілігі бетон компоненттерінің қасиеттеріне, су мен цемент қатынасына, дайындау жағдайларына, қатуына, экплуатациялау және сынауға байланысты интегралды сипаттама болып табылады. Бетонның салмақ әсерінде өзін ұстауы оның тек беріктілігін ғана көрсетпейді, сонымен қатар материалдың эксплуатациялық жағдайда тұрақтылығын, төзімділігін, жарылуға тұрақтылығын да көрсетеді.

М400 маркалы портландцементінің беріктілігі ГОСТ 30515-97 бойынша сығу кезінде 30 МПа -дан 50 МПа -ға дейін ауытқиды.

Кубик түрінде алдын-ала бөлме температурасында кептірілген полимербетон үлгілердің сығуға беріктілігі C055N (Matest, Италия) гидравликалық пресс қондырғысы арқылы анықталды.

11-сурет. Бетон үлгілерінің беріктілік қасиетіне ПВС-крахмал негізіндегі (со)полимерлердің әсері

3-кесте. БМҚ құрамы [ПВС]:[крахмал]мол.% 95:5 негізіндегі (со)полимерлері бар бетондардың сығуға беріктілігінің мәндері

С, %

Сығуға беріктілік, МПа

Қатаю уақыты, күн

3

7

21

28

0

30,17

41

43

46,76

0,25

33,19

42,67

45

46,84

0,5

35,89

45,24

46.18

48

1

37

45

47.18

48,02

Алынған нәтижелер бойынша ПВС пен крахмал негізіндегі (со)полимерлердің концентрациясы артқан сайын бетон үлгілерінің беріктілігі артатыны анықталды. Бетонның бос кеуектерін толықтыратын (со)полимер бетонға беріктілік қасиет береді. Алынған төрт түрлі (со)полимерлер концентрациясының ішінен ең тиімдісі 0,5%-дық полимер ерітіндісі болып табылады. Бұндай қатынастағы полимер ерітіндісін цементті қоспаға қосу кезінде енгізілген полимерлер барлық компоненттермен әрекеттесіп, цементті гельдің біртектілігі сақталады да компоненттерді қосымша желімдейді. ПВС пен крахмал негізіндегі (со)полимер концентрациясын 1% -ға дейін арттыру барысында бетонды бұйымдардың беріктілік қасиетінің мардымсыз ғана артуы байқалды. Бұдан ПВС пен крахмал негізіндегі (со)полимер концентрациясын одан әрі арттыру барысында цементтің біртектілігі жойылып, беріктілік қасиеті төмендейді деген қорытынды жасалды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Ұсынылған жұмыста алғаш рет ПВС пен крахмал негізіндегі тігілген полимерлі үлдірлер алынды. Алынған үлдірлер құрамы ИҚ-спектроскопия әдісімен анықталып, ПВС және крахмал өзара сутектік байланыспен түзілетіндігі анықталды.

2. Крахмал және ПВС негізіндегі тігілген үлдірлердің суда және су-спирт ортасында ісінуі ПВС молекулалық массасы мен қоршаған ортаның температурасына, спирт ерітіндісінің концентрациясына тәуелділігі анықталды.

3. Жылдам-электрондардың 40 КГр-дозамен әсер етуі кезінде (со)полимер құрылымы дұрыс торланған формаға тігілуі жүріп, одан әрі 80 және 120 КГр-ге әсер етуі барысында тігілген (со)полимер құрылымында ыдырау процесі жүретіндігі үлдір үлгілерінің ісіну параметрлерін зерттеу барысында анықталды.

4. ПВС және крахмал негізіндегі тігілген полимерлердің биоыдырау қабілеті ПВС молекулалық массасына, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен микроорганизмдердің сандық көрсеткіштеріне тәуелділігі анықталды.

5. ПВС және крахмал негізіндегі радиациялық өңделмеген (со)полимерлерді бетон қоспасына қосу арқылы оның беріктілігін арттырып, су сіңіру қабілетін төмендететіндігі анықталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]