- •050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы
- •050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша
- •Аннотация
- •Аннотация
- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •3. Тұрмыс пен медицинада қолданылу мүмкіндіктерін бағалау үшін синтезделген жабынның химиялық және физикалық қасиеттерін зерттеу.
- •1 Әдеби шолу
- •1.1. Биоыдырайтын суда еритін полимерлер, заманауи мәселелері және оны шешу жолдары
- •1.1.1. Биоыдырайтын табиғи полимерлер
- •1. 1. 2. Крахмал модификациясы
- •1.1.3.Крахмалдың тігілген сополимерлері
- •1.2 Биоыдырайтын үлдір синтезіндегі поливинил спиртінің қолданылуы
- •1.3 Бетондарды пвс-крахмал негізіндегі сополимер қоспаларымен түрлендіру
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Бастапы заттар мен ерітінділердің сипаттамасы
- •2.2 Сополимерлердің синтезі
- •2.3 Зерттеудің физика-химиялық әдістері
- •2.4 Бетон үлгілерін алу және қалыптау
- •2.5 Полимербетонның су сіңіру қасиеті
- •2.6 Полимербетонның соққыға беріктілігін анықтау
- •3 Нәтижелер және оларды өңдеу
- •3.1 Поливинил спирті және крахмал негізінде үлдірлер алу
- •3.2 Поливинил спирті және крахмал негізінде алынған үлдірлердің физика-химиялық қасиеттері
- •3.3 Пвс пен крахмал негізінде синтезделген тігілген үлдірлердің биоыдыру қабілеті
- •3.4 Бетон үлгілерін алу және қалыптау
- •3.5 Полимербетонның су сіңіру қасиеті
- •3.6 Полимербетонның сығуға беріктілігін анықтау
- •Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
3.3 Пвс пен крахмал негізінде синтезделген тігілген үлдірлердің биоыдыру қабілеті
Мұнайдан өндірілетін пластмассалар, полимерлі материалдар бүкіл әлем бойынша өте кең қолданысқа ие. Қолданылу мөлшерінің артуына байланысты пластмассалар қалдықтарының утилизациясы күрделі ғаламдық мәселеге айналуда. Осыған орай микроорганизмдер әсерінен сулы ортада, топырақта ыдырай алатын жаңа пластмассалар мен полимерлі материалдарды өндіру мәселесі қарқынды дамуда [1].
Биополимерлер өндірісіндегі аса үлкен қызығушылыққа ие, табиғи,өсімдітекті ірі масштабты өндірілетін материал - крахмал. Бактериялар ыдырата алатын суда еритін үлдір алу мақсатында крахмал мен пектин қоспасына пластификаторлар енгізеді: глицерин немесе полиоксиэтиленгликоль. Зерттеулер көрсеткендей, крахмал мөлшері артқан сайын үлдір беріктігі төмендей түседі [4].
Биоыдырайтын полимерлер қатарына жатуы үшін халықаралық стандарттарға сай сынақ сатыларынан өтуі қажет. Биологиялық сынақ нәтижесінде бастапқы полимер массасының 90% бөлігі толығымын көмірқышқыл гызы, су және гумусқа айналуы қажет. Бұндай ыдырау барысында полимер қалдығы 10%-тен аз болса қалыпты саналады. Ыдырау өнімі құрамында ауыр металдар мен зиянды қосылыстар болмауы қажет.
Үлдірдің ыдырау жылдамдығына топырақ ортасының ылғалдылық мөлшері мен микроорганизмдер әлемінің күйі әсер етеді. Үлдір ылғал, микроорганизмдерге бай қара топырақ ортасында 60-75 күн ыдыраса, құрғақ топырақ ортасында ыдырауға бұдан да ұзақ уақыт қажет.
3.4 Бетон үлгілерін алу және қалыптау
Бетон немесе құйматас – жасанды тас маиериал, гипс, алебастр, әктәс секілді жасанды байланыстырғыш материалдар мен құм, малтатас, қиыршықтас секілді толтырғыштар қоспасы және арнайы үтеме заттардың сулы ерітінділерінің қатаюы нәтижесінде алынатын маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
Ұсынылған жұмыста бетонның беріктілігі мен су өткізгіштік қасиетіне крахмал/полимер қоспасының әсерін бақылау мақсатында [57] жұмысқа сүйене отырып тәжірибе жүргізілді.
Тәжірибеге М400 портландценменті және радиациялық өңдеуден өтпеген ПВС-крахмал негізіндегі (со)полимерлердің [СПЛ] = 0,25; 0,50; 1,0 мол.% сулы еітінділері қолданылды.
Сополимерлердің ерітінділері мен цементті механикалық араластырғыш көмегімен 5-10 мин толықтай біртекті қоймалжың жүйе алынғанша араластырылды және дайындалған цемент үлгілері 8 см3 тең бүйірсіз бұрышты болаттан жасалған формаға қалыптанды. Ауа көпіршіктері және саңылаулардың толық жойылуын қамтамасыз ету үшін қалыптар кейін 3-4 минут қолмен дірілдетілді. Содан кейін қалыптар қалыпты бөлме температурасында 1 тәулік бойы кептірілді. Кепкен полимербетон үлгілерінің әрқайсысының салмақтары өлшеніп, 3, 7, 21 және 28 күн бойы сулы ортада ұсталды және полимербетон үлгілерінің су сіңіру қасиеті анықталынды.
