Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DIPOMNAYa_rabota_jn_250515_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.21 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Есмұратов Азамат

ЖҮГЕРІ КРАХМАЛЫ НЕГІЗІНДЕ БИОЫДЫРАЙТЫН ЖАБҚЫШТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы

Алматы, 2015 ж

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Химия және химиялық технология факультеті

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

х.ғ.д. профессор

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ЖҮГЕРІ КРАХМАЛЫ НЕГІЗІНДЕ БИОЫДЫРАТЫН ЖАБҚЫШТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ»

050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша

Орындаған: А.А. Есмұратов

4 курс студенті

Ғылыми жетекші

х.ғ.к,. доцент П.И. Үркімбаева

Норма бақылаушы: Д.Б. Қалдыбеков

Алматы, 2015 ж

Аннотация

Дипломдық жұмыс 51 беттен, 11 суреттен, 3 кестеден, 60 әдебиет көздерінен тұрады.

Түйінді сөздер: тігілген полимерлер; поливинил спирті (ПВС); крахмал; электронды сәулелену; радиациялық өңдеу.

Зерттеу нысандары: крахмал негізіндегі (со)полимерлер және биоыдырайтын үлдірлер.

Жұмыстың мақсатыжүгері крахмалы негізіндегі биоыдырайтын жабқыш синтезінің технологиясын жасау, алынған жабқыштың қолданылу мүмкіндіктерін бағалау сонымен қатар табиғи ортада ыдырауына тексеріс жүргізу.

Жұмыстың міндеттері:

1. Жүгері крахмалы негізінде алынған биоыдырауға қабілетті жабындар синтездеудің оптимальды жағдайын іздестіру.

2. Поливинил спиртімен (ПВС) қосымша химиялық түрлендірілген жүгері крахмалы негізіндегі биоыдырайтын жабқыш құрамын ИҚ-спектроскопия әдісімен тексеру.

3. Тұрмыс пен медицинада қолданылу мүмкіндіктерін бағалау үшін синтезделген жабынның химиялық және физикалық қасиеттерін зерттеу.

4. Поливинил спирті және жүгері крахмалы негізінде алынған жабқыштың табиғи ортадағы ыдырауы мен қоршаған ортаға әсерін тексеру.

5. ПВС және крахмал негізіндегі (со)полимерлердің бетондар қасиетіне әсерін зерттеу.

Зерттеу әдістері: ИҚ-спектроскопия («Satellite FTIR», Mattson, АҚШ), иономер Ion Meter 3345 (Jen Way, Ұлыбритания), жылдам электрондық сәулелендіру (жартылай-өндірістік үдеткіш ЭЛВ-4, 1,3 МэВ), C055N (Matest, Италия) гидравликалық пресс қондырғысы.

Жұмстың ғылыми жаңалығы және практикалық құндылығы: жұмыста алғаш рет крахмал және поливинил спирті (ПВС) негізінде тігілген (со)полимерлер алынған. ИҚ-спектроскопия әдісінің көмегімен жалғанған полимерлеу сутегілік байланыстармен жүретіні анықталған. ПВС және крахмал негізіндегі қолданыстық қасиеттері жоғары үлдірлерді алу мақсатында ылғал күйдегі (со)полимерлерді радиациялық өңдеуден өткізу тиімділігі анықталған. Тігілген үлдірлердің суда және спирт-су, натрий хлориді ерітінділеріндегі ісіну көрсеткіштері БПҚ құрамына және спирттің проценттік үлесіне, ортаның температурасына тәуелділігі анықталған. ПВС-крахмал негізіндегі үлдірлердің биоыдырауна қоршаған ортаның ылғалдылығы мен микроорганизмдер мөлшері әсері тағайындалды. ПВС және крахмал негізінде алынған радиациялық өңдеуден өтпеген үлдірлерді бетондар құрамына қосу бетонның су сіңіру қасиетіне, қозғалғыштығына оңтайлы әсер көрсетті, сонымен қатар бетонның негізгі қасиеті - беріктілігін 20-25%-ға арттыратыны байқалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]