- •І.Жалпы бөлім
- •1.1 Курстық жобаның құрамы
- •1.2 Ақтөбе қаласының климаттық және тарихи жағдайы
- •1.3 Құрылыс алаңының жалпы сипаттамасы
- •II. Сәулеттік-құрылыстық бөлім
- •2.1 Бас жоспар
- •2.2 Телім жоспар бойынша техника техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.3 Көлемдік-жоспарлау шешімдері
- •2.4 Бірінші қабат экспликациясы
- •Екінші қабат
- •2.5 Қоршау қабырғаларының жылу техникалық есебі
- •2.6 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
- •2.7 Қабаттар аражабындары мен төбежабындары бойынша тізімі
- •2.8 Іргетас көпшіктері және блоктары бойынша тізімі
- •2.8 Іргетас көпшіктері бойынша тізімі
- •3.1 Жылумен қамтамасыз ету
- •3.2 Жылыту және желдету
- •3.3 Сумен қамтамасыз ету
- •3.4 Кәріздендіру
- •3.5 Газбен қамтамасыз ету
- •3.5 Электр қамтамасыз ету және электр жабдықтары
- •3.6 Электрмен қамтамассыз ету және электр жабдықтары
- •3.7 Өртке қарсы және жарылуы қауіпсіздік іс-шаралары
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі қорытынды
2.5 Қоршау қабырғаларының жылу техникалық есебі
Құрылыс аймағы: Ақтөбе қаласы
1.ҚМжЕ II-3-79* І-қосымшасы бойынша 3 - ылғалдылық аймағын анықтаймыз (құрғақ).
1.МСТ 12.1.005-76 бойынша бөлмелердің ішкі температурасы және жобалау нормалары бойыншаТB= от 18-20 0 C.
1.Қажетті көрсеткіштерді жинақтап кесте жасаймыз.
Қабат атауы |
Қабат қалыңдығы
|
Жылу өткізгіштік
|
Жылу қабылд. коэфф. S=Bm/M2C0 |
Жылу беруге кедергі Ri=M2C0/Bm |
Цементті-құмды ерітінді |
0.02 |
0,76 |
9,60 |
0.003 |
Силикат кірпіш
|
X |
0,76 |
9,77 |
0,451 |
Цементті- құмды ерітінді |
0.02 |
0,76 |
9,60 |
0.003 |
5. Жылу беруге қажетті кедергіні мына формула бойынша анықтаймыз:
мұнда n- қоршау конструкцияларының сыртқы бетінің сыртқы ауаға қарағанда қатынас коэффициенті, ҚМЕ 11-3-79*№ 3 кесте бойынша қабылдаймыз n=1,
tn- Сыртқы ауаның есептік қысқы температурасыtnһ – 18 0С
∆tH – температураның нормативті ауысуы № 2 кесте бойынша анықталады;
∆tH = 7 0С
£b жылу беру коэффициенті № 4 кесте бойынша анықталады
£b = 8,7 Вт/ М2С0 анықтаймыз :
7. Жылу беру кедергісін анықтаймыз
,
мұнда £ n қысқы жағдайларда жылу өткізгіштік коэффициенті
Ri=
Ln= 23 Вт/ М2С0
σ = R2 , λ= 0,18*0,76=0,14
Қабырға қалыңдығы 510 мм. қабылданған.
2.6 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
Жеке тұрғын үйдің ось бойынша өлшемдері:
Бірінші қабаттың биіктігі:..........
Екінші қабаттың биіктігі:
Жалпы биіктігі: 6.0м
Іргетас құрастырмалы-жиналмалы болып жобаланды.Сыртқы көтеру қабырғаларының қалыңдығы - 510 мм. Ішкі көтергіш қабырғалар – 380мм.
Іргетас ғимараттың немесе құрылыстың, түсірілген салмақты – жердің негізгі қабатына беретін ғимараттың немесе құрылыстың жер немесе су астындағы бөлігі; ғимараттың топыраққа түсіретін салмағын көтеріп тұратын жер асты немесе су астындағы бөлігі.
Аз қабатты тұрғын үйдің құрылымдық шешімдері қаңқасыз тұрғын үйге жатады. Жеке тұрғын үйімнің іргетасы жиналмалы блоктардан құрастырылған, іргетас көпшіктері жиналмалы құрастырмалы. Өлшемдері Каталог «ТОО Строй Деталь» бойынша таңдалған.
Қабырғаларға келетін болсам осы жобамда қабырға тастар мен қыш тақтайшалары пайдаланылды.Сыртқы қабырғаларына табиғи тас «Ракушняк» тасы пайдаланылады.Бұл тасты пайдалану себебі ғасырлар бойы табиғаттың өзінің қалауымен жасалған құрылыс материалдары. Табиғи тас теңіздің түбінде пайда болған және адамның өміріне химиялық қосылыстарға өте бай құнды құрылыс материалы болып есептеледі.
Бұл тастың құрамына қарай, қаттылығына қарай бірнеше түрі болады. Химиялық құрамы адамды таңқалдырады, ракушняктың ішінде теңіз тұзы бар.
Тастың құрамына қарай қабатталған теңіз малюскалары, құмнан, известтен және әртүрлі элементтермен табиғаттан құралған материал. Оның қиындысынан табуға болады: ертедегі фауна және флора қалдықтарын табуға болады.
Жылу өткізгіштігі : силикат кірпіштің жылу өткізгіштігі қыш кірпіштің мықтылығына және жылу өткізгіштігіне кем бөлінеді. Силикат кірпіштің жылу өткізгіштік күші -0,070 В/м С. Кірпіштің тығыздығы -1750кг/м. Бұл кірпішті жақында ашқан небәрі 130 жыл бұрын, бірақта көп сұранысқа ие.Салмақ түсетін қабырға 510см, болып қаланған. Салмақ түспейтін қабырғалары, яғни бөлмелерді бөлуге арналған қабырға 120см болып қаланады. Салмақ түсетін қабырғаға төбе жабынынан, шатырдан түскен салмаққа қарсы төтеп береді.
Қабырға қалағанда арасы раствор салынып қаланған. Қабырғаның сырты да ішкі беті де, бөлмелерді бөлуге арналған қабырғаларды да құм ерітіндісі мен сылақ жүргізіледі.Содан құм ерітіндісінен кейін гипс ерітіндісі сылақ, соңынан қабырға бетіне желімді ертінді шпаклевка сылақ жұмыстары жүргізіледі.Жеке тұрғын үйдің санторап бөлмесінің қабырғасы қыш тақтайшамен (кафель) жабыстырылған. Қабырға, сылақ, әрлеу жұмыстары құрылыс мөлшері және ережелеріне (ҚНжЕ) сай сақталынған.
Ал менің еденіме ламинат төселінеді, ламинаттың астына подлошка жайылады, қабырға мен еденнің түйіскен жерінде қазіргі заманға сай пластмасса бір-біріне кигізілетін плинтус орнатылған.
Шыны сәулетші материалы ретінде тарихта өте бай.
Шыны өнеркәсібінің алға басқан техникалық прогресі ХVII ғасырда жапырақ шынының пайда болуына жол аша отырып, біздің шыныға деген күнделікті қарапайым көзқарасымызды түбегейлі өзгертті.
Адамның күнделікті қолдану сферасында шыны соңғы жылдары кең қолданыста.Бұл дегеніміз шыны қазіргі таңның өзгертілмейтін атрибутына айналды.
Дүниежүзінің сәулетшілері мен дизайнерлерін шынының түпнұсқалылығы, мөлдірлігі мен ерекше дыбыс изоляциялық және және жылу изоляциялық қасиеттері қатты қызықтырады.
Заманауи сәулеттік шыны – бірегей құрылыс және ерекше өңдеу материалы бола алады және ол өзінің аса нәзіктігіне қарамастан химиялық әсерлерге берік болып келеді.
Бастысы – сәулеттік нысандардың тектоникалық структурасына жаңа, ерекше мүмкіндіктер аша отырып, сәулеттік-дизайнерлік жобалау шешімдерінің сан алуандылығына үлкен мүмкіншіліктер береді.
Шыныны пайдаланудағы оның негізгі абстракциялық қасиеті бар, бұл оны шексіз қылып көрсетеді. Шыныны тондауға (тонировать) оған айна тәрізді қылдыруға болады, ол бір текті болуы мүмкін, бірақ ол өзінің басты қасиеті мөлдірлігін жоғалтпайды. Бұл қасиетін сан алуан пайдалануға болады.
Ғимараттың сыртын шыны мен жабдықтай келе ол тек мөлдір болмай, ол металл және тас тәрізді тұнық болуы мүмкін. Сонымен қатар шыны өзінің күн өткізгіштік қасиетімен ғимараттың кей бөліктеріне күн сәулесінің өтуіне әсерін тигізеді.
Қазірде шыны жаңа заман сәулетінде қаланың көп қабатты үйлерді, жеке тұрғын үйді, демалыс орындарын тұрғызуда лайықты және үлкен сұранысқа ие. Мен де жобамның яғни жеке тұрғын үйімнің екі жақ бөлігінде орналасқан үлкен екі тереземді осы сәулеттік шыны материалымен құрастыруды жөн санадым.
