- •І.Жалпы бөлім
- •1.1 Курстық жобаның құрамы
- •1.2 Ақтөбе қаласының климаттық және тарихи жағдайы
- •1.3 Құрылыс алаңының жалпы сипаттамасы
- •II. Сәулеттік-құрылыстық бөлім
- •2.1 Бас жоспар
- •2.2 Телім жоспар бойынша техника техника-экономикалық көрсеткіштер
- •2.3 Көлемдік-жоспарлау шешімдері
- •2.4 Бірінші қабат экспликациясы
- •Екінші қабат
- •2.5 Қоршау қабырғаларының жылу техникалық есебі
- •2.6 Ғимараттың құрылымдық шешімдері
- •2.7 Қабаттар аражабындары мен төбежабындары бойынша тізімі
- •2.8 Іргетас көпшіктері және блоктары бойынша тізімі
- •2.8 Іргетас көпшіктері бойынша тізімі
- •3.1 Жылумен қамтамасыз ету
- •3.2 Жылыту және желдету
- •3.3 Сумен қамтамасыз ету
- •3.4 Кәріздендіру
- •3.5 Газбен қамтамасыз ету
- •3.5 Электр қамтамасыз ету және электр жабдықтары
- •3.6 Электрмен қамтамассыз ету және электр жабдықтары
- •3.7 Өртке қарсы және жарылуы қауіпсіздік іс-шаралары
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі қорытынды
КІРІСПЕ
Азқабатты ғимараттың құрылысына әртүрлі технолоияны қолданады:
Панелдік, монолиттік, жинақталатын - монолитпен; кірпіш пен блоктық (бетондық негізде, газобетон, пенобетон) ғимараттардың технологиясы қолмен нақты қабырғаларға кірпіш өру арқылы жасалады; ал ағаштан - шабылған арнайы бөренелік қабырғалардан т.б, алайда ең көп тарағны жеңіл металдық құрастырылушы материалдар, олар жылдам көтерілетін толық кешенді болып келеді.
Сәулет өнері - адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар,сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар,сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын- «сәулет өнері» інемесе «сәулет» дейді. Сәулет латынша «architectur», ал грекше «architekton», яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Сәулет деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы, етіп ұйымдастыру. Сәулет туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алмайтындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.
Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек деген.
Олар:
А)Беріктік- инженерлік есеп;
Ә)Қолайлылық-тұрмыс жағын білуге байланысты;
Б)Әдемілік- талант- талғамға байланысты.
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады.
Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді.
Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм.
Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды.
Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады.
Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған. Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті салтанатты өмір сүргілері келеді.Сондықтан сәулет өнері адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты.Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, сәулеткерлік ой керек.
Сәулет өнерінің мақсаты- кеңістіктегі ортада адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым-құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып іске асыру. Функцианалдық ерекшелігіне байланысты ғимараттағы бөлмелер құрамы, өлшемі, арасындағы байланыстар анықталады. Ол қоғамның дамуына тікелей байланысты. Осы талаптар негізінде ғимараттар кеңістіктегі үш өлшемде, планда, фасадта, қимада жобаланады. Ғимараттың сыртқы және ішкі әсемдігіне көп көңіл бөлінеді.
Барлық ғимараттардың сол және басқадай функционалды процесстеріне сәйкес келетін рационалды жоспарлануынан басқа, баспалдақ, лифт, жабдықтар инженерлік құрылғыларды(санитарлық жылытқыш вентиляциялық аспаптар) дұрыс жайғастыру қамтамасыз етіледі. Осылайша ғимарат пішіні көбіне функционалды заңдылықтарымен анықталады, бірақ оған қоса ол әсемдік зағдары бойынша салынады.
Құрылыс шығындарын қысқарту ғимараттың рационалды көлемді- жоспарлау шешімдері, құрылыс және әрлендіру материалдардың дұрыс таңдалынуы , конструкцияны жеңілдету , құрылыс әдістерін жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттің экономикалық нарыққа өтуіне байланысты, конструктивті және декоративті құрылыс материалдарының қағидалы жаңа түрлерүнүң саны артты. Осы арада , құрылыс материалдар нарығында бәсекелестіктің өршуіне байланысты олардың арзандалуы , сапасы мен сұрыптамасының қайтымсыз жақсаруы ұдайы жүріп жатады.
Ұсынылатын жоба конструктивті ерекшеліктері мен қолданылатын материалдары бойынша ыңғайлы жобаланған ,қатал функцианалды талаптарға жауап беретін архитектуралық мәнерлігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде қымбат емес және сапалы тұрғын.
І.Жалпы бөлім
1.1 Курстық жобаның құрамы
Жобаның есептік түсініктеме жазбасы 2 беттен тұрады.
Жалпы курстық тақырып Ақтөбе қаласындағы орналасқан екі қабатты коттедж.
№1т курстық жобаның графикалық бөлімінде төмендегідей масштабтарымен сызбалар сызылады
1)Басқасбет М 1:100
2) Жан қасбет М 1:100
3) 1-ші қабат жоспары М 1:100
4) 2-ші қабат жоспары М 1:100
5) Төбежабын жоспары М 1:100
6) Аражабын жоспары М 1:100
7) Тілік 1 М 1:100
8) Тілік 2 М 1:100
9) Шатыр жоспары М 1:100
10) Іргетас жоспары М 1:100
11) Телім жоспары М 1:100
12) Перспектива М
1.2 Ақтөбе қаласының климаттық және тарихи жағдайы
Климаттық аудан – III
Көпжылдық орташа температурасы - + 5,3C
Ылғалдық аймақ – орташа
Абсолютті максималды – 42,9
Абсолютті минималды – -48,5
Жылдағы ең суық ай – қаңтар
Ең ыстық ай – шілде
Ақтөбе қаласының климаты:
Құрылыстар аудан құрылысының IIIА климаттық аймағына жататын Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы болып табылады.
Ақтөбе қаласының климаттық жағдайы: қаланың табиғи климаты мұхиттар мен биік таулардан шалғай жатыр, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Қыста облыс Сібір антициклонның ықпалында болса, жазда жылы жел даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз еркін жетеді. Ауа –райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның кереғарлығында, күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Жалпы жыл ішінде ауа температурасының барысы қыста тұрақты аязды, жазда ыстығымен сипатталады.
Ауаның айлық неғұрлым төменгі орта температурасы қаңтар , ақпан айларында -33С болады. Жылдың ең жылы айы шілде, орташа + 26С .
Атмосфералық жауын- шашын мөлшері :
Орташа жылдық мөлшері 100-160 мм-ге дейін құбылады.Жыл бойы ылғал тегіс түспейді . Кейбір жылдары жауын-шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып отырады. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай –маусым (35мм), ең аз түсетін ай қыркүйек (19мм) .
Жер беті топырағы неізінен қара топырақты. Мұнда топырақтың қара шірінділері аз болады, негізіне қиыршық құмдар болады. Дегенмен, ылғал талапқа сай жетпейді.
Топырақты метрлік қабатындағы тиімді ылғалдығының орта есебі өсімдік қоректенуі мүмкін бөлігі, жаздық дақылдарын себетін уақытта кеңістікте 100-150 мм болады. Жылдың орташа жел жылдамдығы 2.4 м/с. Жылдық орташа ауаның ылғалдығы 68%. Жауын – шашынның орташа жылдық есебі 546 мм, жылы мезгіл – 300 мм ,ал суық мезгіл шамамен 192 мм.
Ақтөбенің континентті климаттық жағдайы :
Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді.
Ауа райының континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның , және күн радияциясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Бұның кесірінен солтүстік батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пвйда болады.
Ақтөбедегі жиынтық күн радиациясы тәулігіне 108 ккал- ға тең , күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші – 2316 сағат. Жазы ұзақ әрі ыстық . Жылына 5 ай бойы күндізгі орташа температура 20С асып түседі. Қысы қоңыр салқын,жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады ( 31 см) .Ашық , бұлтты және жауын- шашынды күндердің жылдық саны – 174,148 және 43. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті 5,7 баллға тең. Атмосфералық жауын – шашын ең көп түсетін ай- қыркүйек (19мм).
Ақтөбе қаласының тарихы:
Ақтөбе қаласының негізгі 1869 жылы 28 маусымда қаланды.Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.Ақтөбе облысының әкімшілік аумағы 2,3 мың шаршы километрі құрайды. Оған қала аумағында бес селолық округ ( Благодар,Қарғалы , Қурайлы ,Новый,Сазды ) кіреді.
Ақтөбе қаласы биіктігі 250-400 метр болатын Орал үстіртінің бөлігінде Орал өзенінің сол жақ құйылысы – Електің сол жақ жағалауында орналасқан. Қала солтүстік – батыс жағында Ақтөбе облысының Мәртөк ауданымен , солтүстік – шығыста Қарғалы ауданымен , шығыста Хромтау ауданымен, оңтүстігінде және оңтүстік – батыста Алға ауданымен шекараласады. Қала 1869 жылы Ресей империясының оңтүстік – шығыс батысындағы тыныштығын қорғау мақсатында құрылған көптеген бекіністердің бірі ретінде тұрғызылған.
Бекініс екі жақын орналасқан төбелерде құрылған, бұл төбелердің біреуінің шыңында ақ тастан жасалған мұсылман қабірлері болған. Осыдан да «Ақ – төбе» атауы берілген. Ол жыл да өтпей империяның шекарасы қашыққа оңтүстікке жылжып, Ақтөбе стратегиялық маңызды бекеттен қарапайым тұрғылықты мекенге айналды, бұл жерлерге Империяның басқа өңірлерінің қоныс аударушылар көшіп келе бастады. Тағы он жвлдан кейін 1891 жылы Ақтөбе қала мәртебесіне ие болды.
Қаланың ерекше назар аударарлық орындарының бірі – бүгінгі таңда 1967 жылы ашылған Қазақстандағы бірінші планетарий, бұл жерде күннің және айдың тұтылуы, метеорлы жауындар, кометалар мен болидтер сияқты аса қызық аспан құбылыстарын байқауда болады. Мешіт пен сауда – көңіл көтеру оның біріктіре құрылған (өзгеше үйлесімділігін айта кету керек) «Нұрдәулет» кешені де назар аударарлық орын.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты.
Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республика5а 1970 – 1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соң мен 2000-шы жылдарың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды.
2000-шы жылдары қаладағы құрылыс саласында үлкен серпіліс орын алды: құрылыстың қарқыны бойынша Ақтөбе қаласы мен облысы ел ордасы. Астанадан асып түсті. 2005 жылы 137,1 мың тұрғын үй тұрғызылғаны белгілі болды.
Жеке құрылыс көреткіші жоспарланған мөлшерден бес есе асып түсті. Жалпы алғанда 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есе артық тұрғын үй қолданысқа берілген екен.
