С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ЖМ 4 КУРСЫНА АРНАЛҒАН ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР |
||
Факультеті жалпы медицина
«Бекітемін»
ІАОД директоры
_________________________
«______» _________________2015 ж
ЖМ 4 курсына арналған
« Фтизиатрия» пәнінің
Тесттік тапсырмалары
Алматы, 2016 жыл
Кафедра отырысында талқыланды, хаттама № 2 25 қыркүйек 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Ракишева А.С. бекітті__________________________
Ішкі ауруларға білім беретін бағдарлама Комитеттің отырысында тесттік тапсырмалар талқыланды
хаттама № ____ «________»______________ 2015 жыл
ІАБББК, м.ғ.д.
Жм 4 курсына арналған тесттік тапсырмалар
*Фтизиатрия*1*17*1
#1
*!Жаппай тексеру кезінде Манту сынамасын жүргізуде туберкулиннің аталған түрлерінің қайсысы қолданылады?
* диагностикум- эритроцитарлы туберкулезді антигенді
*+стандартты ерітіндегі тазартылған белок дериваты
* халықаралық стандартты туберкулин
* құрғақ тазартылған туберкулин
* альт туберкулин
#2
*!Аталған тексеру әдістердің қайсысы ошақты туберкулездің диагностикасында ең маңызды?
* 2 ТБ жасалатын туберкулин сынамасы
* қарап тексеруден алынған мәліметтер
* туберкулиннің Кох сынамасы
* зертханалық мәліметтер
*+рентгендік тексеру
#3
*!Өкпенің жедел диссеминирлі туберкулезінде өзіне тән ерекше рентгендік белгілер аталған қайсы мерзімде анықталады:
* ауру басталғаннан кейін алғашқы 1-3 күннен кейін
* ауру басталғаннан кейін 18-20 күннен кейін
* ауру басталғаннан кейін 21-24 күннен кейін
* ауру басталғаннан кейін 15-17 күннен кейін
*+ауру басталғаннан кейін 7-10 күннен кейін
#4
*!Өкпенің инфильтратты туберкулезіндегі өзіне тән морфологиялық ерекшелігі – ол:
*+ортада орналасқан ошақтың айналасындағы перифокальды қабынуы
* екі жақтағы ошақты көлеңкелердің полиморфизмы
* әртүрлі бояу қанықтағы ошақтар
* өкпе тінінің диссеминациясы
* өкпе тініндегі экссудат
#5
*!Қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтел, қан түкіру, үдейе берген әлсіздік, түнгі уақытта болатын тершеңдік 55 жастағы О. деген еркекті мазалады. Соңғы айда 4-5 кгсалмаққа жүдеді. Төменде аталған зерттеулердің қайсысы өте маңызды?
* плевра қуысына УДЗ өткізу
* электрокардиография
*+рентгенография
* рентгеноскопия
* спирография
#6
*!Туберкулема рентгенде қалай болып көрінеді?
* ошақты фокусты күнгірттену
*+12 мм астам домалақ көлеңке
* сакинатәріздес көлеңке
* инфильтратты көлеңке
* 1 см дейінгі көлеңке
#7
*! Төменде аталған клиникалық ағымдардың қайсысы бірінші рет анықталған кавернозды тубер-кулезге тән?
* оқтын оқтын өршумен
* бейсимптомді
* созылмалы
*+жеделдеу
* жедел
#8
*!Төменде аталған туберкулездің клиникалық формаларының қайсысы өкпенің фиброзды кавернозды туберкулездің дамыуына жиі әкеледі?
* туберкулезді бронхоаденит
* диссеминирлі туберкулез
*+казеозды пневмония
* циррозды туберкулез
* ошақты туберкулез
#9
*!Өкпенің циррозды туберкулезі кезінде болатын спецификалық өзгеріс:
* инкапсуляцияланған стабильды ошақтар
*+инкапсуляцияланған казеозды ошақтар
* созылмалы ошақтар
* фиброзды ошақтар
* жұмсақ ошақтар
#10
*!Төменде аталған асқынулардың қайсысы өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінде жиі кездеседі?
*+өкпеден қан кету, өкпелік-жүрек жетіспеушілігі
* созылмалы өкпелік жүрек
* спонтанды пневмоторакс
* қан түкіру
* ателектаз
#11
*!Туберкулез менингитін сипаттайтын қайсы цитоз?
* 700-800 жасуша- 1 мл-де, нейтрофильды-лимфоцитарлы
*+100-300 жасуша- 1 мл-де, лимфоцитарлы
* 400-600 жасуша- 1 мл-де, нейтрофильды
* 1-10 жасуша 1 мл-де, лимфоцитарлы
* санауға келмейді
#12
*!Туберкулезді плевриттің клиникалық түрі қалай сипатталады?
*+плевраның қабыну және плевра қуысына экссудаттың жиналуы
* плевраның стафилококктармен зақымдалуы
* плевраның ісік клеткаларымен зақымдалуы
* плевраның нейтрофильдермен зақымдалуы
* плевраның қабынуы және ауа бар
#13
*!Ересектерде перифериялық лимфаденитке алып келетін жағдай:
* имммунитеттің төмендеуі
*+эндогенді реактивация
* экзогенді реактивация
* екіншілік инфекция
* суперинфекция
#14
*!Cүйек-буын туберкулезінің дамуында қанша этап ажыратады?
*+4 этап
* 2 этап
* 3 этап
* 5 этап
* 6 этап
#15
*!Көз туберкулезі қай кезеңде дамиды?
* біріншілік туберкулездің асқынуы ретінде
* екіншілік туберкулездің асқынуы ретінде
* спонтанды
* біріншілік
*+екіншілік
#16
*!Туберкулезбен ауыратын науқастарға жүргізілетін химиотерапияның негізгі принципі қандай?
* препараттармен қамтамасыз етілу
* витаминдермен қамтамасыз етілу
* интермиттирленген
* парентеральды
*+бақыланатын
#17
*!Туберкулез профилактикасы бірнеше іс–шара кешенін құрайды, ол:
*+саясаттық, әлеуметтік, медициналық бағытта * медициналық, коммерциялық бағытта
* жеке меншік, жалпы білімдік бағытта * комерциялық, әлеуметтік бағытта * мемлекеттік, емдік бағытта
*Фтизиатрия*2*90*2
#18
*!Бала 6 жаста, ревакцинацияны егу алдында 2ТБ туберкулин сынамасын жасады, оның нәтижесі – папуланың өлшемі 9 мм болды. Баланы тексергеннен кейін диагноз қойды: «Вираж». Туберкулиннің Манту сынамасының нәтижесі нені дәлелдейді:
* ревакцинацияның қажеттілігін
* поствакцинальды аллергияны
* туберкулездің бар екенің
*+біріншілік жұққандықты
* қайта жұққандықты
#19
*!Перзентханада нәрістеге вакцинацияны егуге невропатолог бас миінің туарда алған жарақатына байланысты 2 айға медициналық қарсылық білдірді. 2 айдан кейін невропатолог және педиатр қарап тексергеннен кейін вакцинацияны егуге 2ТБ Манту сынамасын жасауын белгіледі.
Манту сынамасын жасау мақсаты қандай?
* туберкулезге қарсы иммунитет тудыру үшін (организмді туберкулезден қорғау)
*+организмге туберкулездің жұққандығын/инфицированности анықтау үшін
* БЦЖ-ға берілетін реакцияны бақылау үшін
* туберкулездің диагностикасы үшін
* диспансерлік бақылау үшін
#20
*!Бала 7 жаста, туберкулезбен ауырған әкесімен қарым қатынаста болған үшін туберкулиннің 2ТБ Манту сынамасы жасалды. 2ТБ жасалған Манту сынамасына берілген жергілікті реакцияны қашан тексеру керек?
* дереу (анафилаксия типа бойынша)
*+72 сағаттан кейін
* 36 сағаттан кейін
* 24 сағаттан кейін
* 12 сағаттан кейін
#21
*!Өкпенің жоғары бөлімінде ошақты туберкулездің көбіне орналасуы немен түсіндіруге болады?
* өкпе ұшының жиі қозғалуымен, гипервентиляциямен, лимфаның қайтуының баяулаумен
* лимфаның қайтуының баяулаумен, жоғарғы бөліктік бронхтың зақымдалуымен, гипервентиляциямен
* лимфаның қайтуының жылдамдығымен,өкпе суретінің деформациясымен, гиповентиляциясымен
* өкпе ұшының жылдам қозғалуымен, жоғарғы бронхтың зақымдануымен
*+өпке ұшында қозғалымның шектелуімен, лимфаның қайтуының баяулауымен, гиповентиляциямен
#22
*!Төменде сипатталған рентгенограммалардың қайсысы ошақты туберкулезде байқалады?
* өкпе ұшында бірен саран ошақты көленкелер, кейбір жерлер қосылып конгломерат құрап ортасында жарықтану учаскесін тудырды
*+бірінші және екінші сегменттерде әртүрлі бояу қанықтықтағы көп емес ошақтар көрінеді
* үшіншісі сегментте бірен саран қатты ошақтар, ал түбірде кальцинаттар көрінеді
* екі өкпенің жоғарғы бөлігінде көптеген полиморфты ошақтар көрінеді
* каверна айналасында бірен саран ошақтар және түбірге жол көрінеді
#23
*!Ошақты туберкулез эволютивты ағымында жиі неге ауысады?
* фиброзды кавернозды туберкулезге
*+инфильтратты туберкулезге
* кавернозды туберкулезге
* циррозды туберкулезге
* туберкулемаға
#24
*!Әйел И., 27 жаста, библиотекарь. Профилактикалық флюорографиялық тексерістен кейін қайта тексеруге шақырылды. Тыныс алу ағзаларына шағым айтпайды. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі. Рентгенограммада: күшейген өкпе суретінің фонында бояу қанықтығы әлсіз ошақты көлеңкелер сол өкпенің жоғарғы бөлігінде көрінеді. Бронхтың шайынды суының анализінде ТМБ анықталған жоқ. Қан анализінде: лейкоциттер-4,8х109 , ЭШЖ – 4 мм/сағатына.
Осы төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі
*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің карцинаматозы
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы
* өкпенің милиарлы туберкулезі
#25
*!Еркек 54 жаста. Дауысының қарлыққанына, тамағының ауырғанына шағымданып дәрігерге қаралды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: екі жақты полиморфты ошақтардың диссеминациясы анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жұқа қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз көрінеді (2,0х2,0 см).
Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы өте маңызды?
* атипиялық жасушаларға қақырықты зерттеу әдісі және бронхоскопия
* екіншілік флораға қақырықты зерттеу әдісі және бронхоскопия
* макрофагтарға қақырықты зерттеу әдісі және бронхоскопия
* кандидаға қақырықты зерттеу әдісі және бронхоскопия
*+ТМБ қақырықты зерттеу әдісі және бронхоскопия
#26
*!Еркек 54 жаста. Дауысының қарлыққанына, тамағының ауырғанына шағымданып дәрігерге қаралды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: екі жақты полиморфты ошақтардың диссеминациясы анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жұқа қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз көрінеді (2,0х2,0 см). Туберкулезбен ауырған ағасымен қарым қатынаста болғаны анықталды.
Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* фиброзды кавернозды туберкулез шашырау фазасы
*+өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі
* кавернозды туберкулез шашырау фазасы
* өкпенің жедел диссеминирлі туберкулезі
* өкпенің ошақты туберкулезі
#27
*!Еркек 54 жаста. Дауысының қарлыққанына, тамағының ауырғанына шағымданып дәрігерге қаралды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: екі жақты полиморфты ошақтардың диссеминациясы анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жұқа қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз көрінеді (2,0х2,0 см). Туберкулезбен ауырған ағасымен қарым қатынаста болғаны анықталды.
Төменде аталған болжама әдістердің қайсысы болуы мүмкін?
* фильтрирующиеся формаға қақырықты зерттеу анализы
* екінші флораға қақырықты зерттеу анализы
* L-формаға қақырықты зерттеу анализы
* кандидаға қақырықты зерттеу анализы
*+ТМБ-на қақырықты зерттеу анализы
#28
*!Еркек 54 жаста. Дауысының қарлыққанына, тамағының ауырғанына шағымданып дәрігерге қаралды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: екі жақты полиморфты ошақтардың диссеминациясы анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жұқа қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз көрінеді (2,0х2,0 см).
Тамағы жағынан қосарланған патологияның төменде аталған шараларының қайсысы ең орынды?
* ЛОР- дәрігерінің қарауы және жұтқыншақтан атипиялық жасушаларға зерттеуге алынған жағынды
* ЛОР- дәрігерінің қарауы және жұтқыншақтан кандидаға зерттеуге алынған жағынды
* ЛОР- дәрігерінің қарауы және жұтқыншақтан герпеске зерттеуге алынған жағынды
*+ЛОР- дәрігерінің қарауы және жұтқыншақтан ТМБ зерттеуге алынған жағынды
* бронхоальвеолярлы лаваж
#29
*!Еркек 54 жаста. Дауысының қарлыққанына, тамағының ауырғанына шағымданып дәрігерге қаралды. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: екі жақты полиморфты ошақтардың диссеминациясы анықталды. Екі өкпенің жоғарғы бөлімдерінде дұрыс пішінді жұқа қабырғалы қуыс перифокальды қабынусыз көрінеді (2,0х2,0 см).
Төменде аталған қосарланған аурулардың болжама диагноздарының қайсысы болуы мүмкін?
* созылмалы тонзилит
*+көмей туберкулезі
* бронх туберкулезі
* герпестік ангина
* көмей рағы
#30
*!35 жастағы науқас К. кеудесінің ауырсынуына, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. Қақырығын-да қан жолағы бар. 5 күннен астам субфебрильды температура мазалайды. Тынысы везикулырлы, сырыл естілмейді. Қақырығында ТМБ анықталмады. Қан анализінде: -лейкоциттер-9,5х109 , ЭШЖ-20мм/сағ. Рентгенограммада: оң өкпенің 2 сегментінде бояу қанықтығы әлсіз қанықтағы өлшемі 4см диаметріндегі біркелкі емес күнгіртену көлеңкесі көрінеді, контуры салыстармалы анықтықта және ортасында жарықтану байқалады.
Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+өкпенің инфильтратты туберкулезі
* жоғарғы бөліктік пневмония
* эозинофильды инфильтрат
* абсцестелген пневмония
* ракты пневмония
#31
*!Өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен ауырған науқас емнің қарқынды және жалғастыру фазасымен емделіп бітірген. Ыдырау қуысы жабылды және бактерия бөлуді тоқтатты. Емнің соңғы нәтижесі – жазылды.
Пациентті эпидемиялық есептен шығару мерзімінің уақыты қайсысы болуы мүмкін?
* + бактерияны бөлуді тоқтатқаннан бастап 1 жылдан кейін
* бактерияны бөлуді тоқтатқаннан бастап 2 жылдан кейін
* бактерияны бөлуді тоқтатқаннан бастап 6 айдан кейін
* бактерияны бөлуді тоқтатқаннан бастап
* ТМБ үш рет жоқ болғаннан бастап
#32
*!Өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен ауырған науқасты 2-ші диспансерлік есеп тобына ауыстыруға аталған критериялардың қайсысы мүмкіндік береді?
*+улану симптомдардың жоқ болуы, бактерияны бөлуді тоқтатқаны, ыдырау қуысының жабылуы
* улану симптомдардың жоқ болуы, емнің 4-ші категориясына ауыстыру
* бактерияны бөлуді тоқтатқаны, ыдырау қуысының өлшемінің ұлғаюы
* улану симптомдарының күшеюі, плевриттің қосылуы
* өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезіне ауысуы
#33
*!Өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен ауырған науқасты 1 –ші категория бойынша 2 ай емдегеннен кейін туберкулезді улану симптомдары жойылды. Бактерияны бөлуді тоқтатқан жоқ.
Сіздің емдеу тактикаңыздың қайсысы ең орынды?
* туберкулезге қарсы препараттарды ішуін тоқтату
*+1 айға емнің қарқынды фазасын созу
* жасанды пневмоторакс
* кортикостероидтар
* хирургиялық ем
#34
*!Еркек Д. 29 жаста. Терапевтке келесі шағымдармен қаралды: кешке қарай температурасы 38° жоғарлады, әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, жөтел шырышты қақырықпен қан жолағымен мазалады, оң жақ кеудесі сыздап ауырды, соңғы 3 айда 2кг жүдеді. Туб.контакт болған жоқ. Өкпенің оң жағында бірен саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Қан анали-зінде: эритроциттер-3,28х1012, Hb-138, эозинофилдер-2, сегментоядерлы нейтрофилдер 69, моноциттер-11, лимфоциттер-18, лейкоциттер 10,2х109 , ЭШЖ -38 мм/сағ.. Диагностиканың алгоритмі бойынша кең спектрлі антибиотиктармен ем жүргізілді. Жүргізілген терапия нәтиже бермеді, интоксикациялық синдром жойылған жоқ. Бақылап тексеретін рентгенограммада –өкпелік инфильтрат теріс себілуымен динамика берді.
Пациентті жүргізудегі тактикасының қайсысы ең орынды?
* дәріге сезімталдығын анықтаумен екіншілік флораға қақырық анализін тапсыру
* атипиялық клеткаға қақырық анализін тапсыру және онкологтың кеңесі
* атипиялық микобактерияларға қақырық анализін тапсыру
*+ТМБ қақырық анализін тапсыру және фтизиатрдің кеңесі
* кандидаға қақырық анализін тапсыру
#35
*!Пациент С. 30 жаста. Терапевтке келесі шағымдармен қаралды: кешке қарай температурасы 37,7° жоғарлады, тершендік, әлсіздік, дімкәстік, жөтел қақырықпен мазалады, оң жақ кеудесі ауырды, салмақ тастады.
Аталған шаралардың қайсысы ең орынды?
*+қақырықты ТМБ зерттеу, жалпы шолу рентгенограммасы
* бронхоскопия, жалпы шолу рентгенограммасы
* спирометрия, жалпы шолу рентгенограммасы
* электрокардиография, спирометрия
* плевра қуысына УДЗ өткізу
#36
*! Пациент С. 30 жаста. Терапевтке келесі шағымдармен қаралды: кешке қарай температурасы 37,7° жоғарлады, тершендік, әлсіздік, дімкәстік, жөтел қақырықпен мазалады, оң жақ кеудесі ауырды, салмақ тастады. Тексерілгеннен кейін оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі,ТМБ+ қойылды.
Аталған шаралардың қайсысы ең орынды?
*+туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерге ауруханалық ем қабылдауға жіберу
* туберкулезге қарсы күрес жүргізетін санаторияға жіберу
* ҚКА/ГКБ пульмонологиялық бөлімшесіне жіберу
* күндізгі ауруханаға ем қабылдауға жіберу
* диагностикалық алгоритмді жүргізу
#37
*!Пациент М. 50 жаста. Терапевтке келесі шағымдармен қаралды: кешке қарай температурасы 37,6° жоғарлады, тершендік, әлсіздік, дімкәстік, жөтел қақырықпен мазалады, оң жақ кеудесі ауырды, салмақ тастады, қан түкіру байқалды. Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезімен ауырған әпкесімен туб.контакта болды.
Аталған шаралардың қайсысы ең орынды?
*+бактериоскопиялық әдіспен қақырықты ТМБ зерттеу анализы және GenXpert
* бактериоскопиялық әдіспен қақырықты ТМБ зерттеу анализы және BACTEC
* бактериоскопиялық әдіспен қақырықты ТМБ зерттеу анализы
* бактериологиялық әдіспен қақырықты ТМБ зерттеу анализы
* флюоросцентты әдіспен қақырықты ТМБ зерттеу анализы
#38
*!Еркек Ж. 25 жаста. Терапевтке келесі шағымдармен қаралды: кешке қарай қалжарататын 37,3° субфебрильды температура, әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, жөтел шырышты қақырықпен мазалады, оң жақ кеудесі сыздап ауырды, соңғы 3 айда 3кг жүдеді. Туб.контакт болған жоқ. Өкпенің оң жағында бірен саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі қан анализінде: эритроциттер-3,28х1012, Hb-138, эозинофилдер-4%, сегментоядерлы нейтрофилдер 67%, моноциттер-11%, лимфоциттер-18%. Диагностиканың алгоритмды бойынша кең спектрлі антибиотиктармен ем жүргізілді. Жүргізілген терапия нәтиже бермеді, интоксикациялық синдром жойылған жоқ. Бақылап тексеретін рентгенограмма оң динамика берген жоқ.
Төмен аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+өкпенің инфильтратты туберкулезі
* оң жағының экссудатты плевриты
* ауруханадан тыс пневмония
* өкпенің ошақты туберкулезі
* кандидозды пневмония
#39
*!Әйеі М. 47 жаста. Терапевтке келесі шағымдармен қаралды: кешке қарай температурасы 37,3° жоғарлады, тершендік, әлсіздік, дімкәстік, ауырсыну, қиын бөлініп шығатын қақырықпен жөтел мазалады, жүдеді. Тексерілгеннен кейін сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкуле-зі,ТМБ- қойылды.
Анықталған жағдайдың жіктелуіне сәйкес аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?
*+жаңадан анықталған жағдай
* ауыстырылған
* басқалар
* рецидив
* сәтсіз ем
.#40
*!Казеозды пневмонияны инфильтратты туберкулездің варианттарынан ажырататын негізгі морфологиялық айырмашылығы неде:
* бронхогенді диссеминацияға бейімді болу
*+ казеозды некроздың басым болуы
* қабынудың продуктивты типі
* ірі бронхтардың зақымдалуы
* ауқымды зақымдану
#41
*!Босанғаннан кейінгі кезендегі казеозды пневмонияның ағымы жиі қалай сипатталады:
* жүктілік кезіндегі ағымнан айырмашылығы жоқ
*+үрдістің үдей бастау қауіпі жоғары
* шектелген ағыммен
* торпидты ағыммен
* қолайлы ағыммен
#42
*!Казеозды пневмонияның дамуына әкелетін басты патогенетикалық фактор:
*+иммунокомпетентты жасушаларының апоптозының көп болуы
* Т-лимфоциттердің функциональды активтігінің төмендеуі
* макрофагтардың санының төмендеуі
* Б-лимфоциттердің жоғарлауы
* Т-лимфоциттердің төмендеуі
#43
*!Казеозды пневмонияға аталған реакциялардың қайсысы тән?
* 2ТБ Манту сынамасының гиперергиялық реакциясы
* 2ТБ Манту сынамасының нормергиялық реакциясы
* 2ТБ Манту сынамасының гипоергиялық реакциясы
*+теріс анергия
* оң анергия
#44
*!Төменде аталған диагноздардың қайсысы өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезінің дамуына әкеледі?
* туберкулезді бронхоаденит
* диссеминирлі туберкулез
*+казеозды пневмония
* циррозды туберкулез
* ошақты туберкулез
#45
*!47 жастағы Т. деген әйелден терапевтке улану симптомдарымен (жалпы әлсіздік, температу-расы 37,6° жоғарлауы, жөтел шырышты іріңді қақырықпен болған, қан түкіру мазалаған) қарал-ғанда сол өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себінді фазасы, ТМБ+ деген диагноз анықталды.
Аталған шаралардың қайсысы ең орынды?
*+туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерге ауруханалық ем қабылдауға жатқызу
* терапиялық клиникаға ауруханалық ем қабылдауға жатқызу
* клиникаға ауруханалық ем қабылдауға жатқызу
* күндізгі ауруханаға жатқызу
* санаторияға жіберу
#46
*!50 жастағы А. деген еркек қант диабетінің 1 типі декомпенсациясымен эндокринологқа қарал-ғанда оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себінді фазасы, ТМБ+ деген диагноз анықталды.
Аталған типтердің және емнің категорияларының қайсысы пациентте болуы мүмкін?
*+жаңадан анықталған жағдай, 1-ші категория
* жаңадан анықталған жағдай, 2-ші категория
* басқалар, 2-ші категория
* сәтсіз ем, 4-ші категория
* рецидив, 2-ші категория
#47
*!50 жастағы М. деген еркек қант диабетінің 1 типі декомпенсациясымен эндокринологқа қарал-ғанда оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау және себінді фазасы, ТМБ+ деген диагноз анықталды.
Төменде аталған шаралардың қайсысы ең орынды?
*+089 және 058 есеп формаларын СЭС-ке жіберу
* 063 және 112 есеп формаларын СЭС-ке жіберу
* 089 және 030 есеп формаларын СЭС-ке жіберу
* 016 және 015 есеп формаларын СЭС-ке жіберу
* 05 және 06 есеп формаларын СЭС-ке жіберу
#48
*!Бірінші рет анықталған оң өкпенің 1-ші сегментінің инфильтратты туберкулезімен ауырған 25 жастағы К. деген науқас 2 ай ауруханада қарқынды фазасын төрт АБП және 4 айлық жалғастыру фазасымен емделді. Бактерия бөлуді тоқтатты. Рентгенограммада:- оң өкпенің 1-ші сегментінде домалақ пішінді, біртекті түзілім көрінеді, шеті анық контурленген, диаметрі 3,0х3,0 см.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* домалақ инфильтрат
* перифериялық рак
*+туберкулема
* толған киста
* эхинококк
#49
*!27 жастағы А. Науқасқа оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ- деген диагноз қойылды. 1-ші категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ анықталмады. Туберкулеманың өлшемі 6см диаметрінде. Наркоманиямен зардап шегеді.
Сіздің келешектегі емдеу тактикаңыздың қайсысы ең орынды?
* антибактериальды терапияны жалғастыру
* жасанды пневмоторакс
* эндотрахеальды құю
* пневмоперитонеум
*+үнемді резекция
#50
*!Диагностикалық материалдан алып жүргізілген гистологиялық зерттеу мәліметтерінің қайсысы «туберкулема» диагнозын верифицирлейді?
* нейтрофилдер
* лейкоциттер
* гистоциттер
* қан жолағы
*+казеоз
#51
*!Аталған рентгендік белгілердің қайсы туберкулемаға сәйкес келуі мүмкін?
* бояу қанықтығы орташа домалақ біртекті емес көлеңке, контуры салыстырмалы анықтықта
*+домалақ көлеңке анық контурасымен, айналасында фиброзды ошақты көлеңке
* домалақбіртекті көлеңке а айналасындағы өкпе тіні өзгермеген
* домалақ біртекті көлеңке түбірге қарай бағытталған «жол»
* домалақ көлеңке кедір бұдыр тегіс емес контурасымен
#52
*!Туберкулеманың жаңа басталған ыдырауын жоққа шығаратын аталған зерттеу әдістердің қайсысы ең орынды?
* өкпенің шолу рентгенограммасы
* өкпенің рентгеноскопиясы
*+компьютерлі томография
* өкпенің флюорографиясы
* томографиясы (бойлық)
#53
*!Оң өкпенің төмеңгі бөлігінің туберкулемасы, ыдырау фазасы, ТМБ+, жаңадан анықталған жағдай 29 жастағы Б. науқастан анықталды. Қант диабетінің 1 типімен ауырады.
Сіздің келешектегі тактикаңыздың қайсысы ең орынды?
* 4 «Г» категориясы бойынша емдеу
*+1 категория бойынша емдеу
* 2 категория бойынша емдеу
* 3 категория бойынша емдеу
* 4 категория бойынша емдеу
#54
*!47 жастағы Ф. деген науқасқа оң өкпенің төмеңгі бөлігінің туберкулемасы, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозы қойылды. Анамнезінде: 6 ай бұрын оң өкпенің инфильтратты туберкуле-зінен ауырып жазылған. Қант диабетінің 2 типімен ауырады.
Аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?
* жаңадан анықталған жағдай
* емнің үзілісі
* басқалар
* сәтсіз ем
*+рецидив
#55
*!Науқас М. 50 жаста. Бірінші рет анықталған сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен білтір емделген және 1 категория бойынша терапияның толық курсын бітірген. Терапиялық нәтижеге жеткен, бактерия бөлуді тоқтатқан, бірақ ыдырау фазасының орнында каверна түзілген. Рентгенограммада: сол өкпенің жоғарғы бөлігінде жіңішке қабырғалы сакинатәріздес көлеңке анық контурларымен көрінеді.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды кавернозды туберкулезі
* сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ыдырау фазасы
*+сол өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі
* сол өкпенің абсцестелген пневмониясы
#56
*! Химиотерапия барысында түзелген өкпенің кавернозды туберкулезіне НЕ ТӘН ЕМЕС:
* жіңішке қабырғалы каверна аз фиброзбен және себілу
* физикальды мәліметтердің жоқ болуы
*+массивты орасан көп бактерия бөлу
* улану симптомдардың жоқ болуы
* қалыпты гемограмма
#57
*!Өкпенің кавернозды туберкулезі кезінде ыдырау қуысының көлемінің ұлғаюына әкелетін негізгі себептердің қайсысы болуы мүмкін?
*+бронхтың дренажды функциясының бұзылуы
* бронхоплевральды жыланкөздің түзілісі
* қан айналуының бұзылуы
* спотанды пневмоторакс
* кавернаның гангренасы
#58
*!Төменде аталған рентгендік синдромдардың қайсысы өкпенің кавернозды туберкулезін сипаттайды?
*+қуыс жіңішке қабырғалы 2-4 см диаметрінде айналасында ошақты көлеңкелер көрінеді
* қуыс деформацияланған, қалың қабырғалы, майда, сәулелі қабырғасымен
* дұрыс домалақ формалы қуыс қалың қабырғасымен
* дұрыс домалақ формалы қуыс 4-6 см диаметрінде
* қуыс формасы дұрыс емес, қалың қабырғалы
#59
*!Төменде аталған туберкулездің клиникалық формаларының қайсысы өкпенің кавернозды туберкулезінің дамыуына жиі әкеледі?
* туберкулезді бронхоаденит
*+инфильтратты туберкулез
* диссеминирлі туберкулез
* циррозды туберкулез
* ошақты туберкулез
#60
*!Өкпенің кавернозды туберкулезінің кезінде бактерия бөлудің сипатының қайсы түрі тән болуы мүмкін?
* формальды және тұрақты емес
* көп және тұрақты емес
*+аз және тұрақты емес
* көп және тұрақты
* жоқ болуы
#61
*!Жаңадан анықталған науқастардың арасында төменде аталған туберкулездің клиникалық формаларының қайсысы «асқынған/запущенный» түрлеріне жатады?
*+фиброзды кавернозды
* туберкулезді плеврит
* көз туберкулезі
* инфильтратты
* туберкулема
#62
*!Төменде аталған себептердің қайсысы өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезімен ауырған науқастың қайтыс болуына себепкер болуы мүмкін?
*+тыныс жетіспеушілігі және созылмалы өкпелік жүрек
* бронхтың дренажды функциясының бұзылуы
* өкпеден қан кету және қан түкіру
* ішкі ағзалардың амилоидозы
* туберкулезді улану
#63
*!Өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезімен ауыратын дәріге төзімділігі бар науқасты қайсы диспансерлік есеп тобында бақылау ең орынды?
* +1 «В» тобында бақылау
* 1 «А» тобында бақылау
* 1 «Б» тобында бақылау
* 2-ші тобында бақылау
* 3-ші тобында бақылау
#64
*! Егерде бірінші рет анықталған науқастардың арасында өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезімен ауырғандардың саны көп болғанда, онда ерте анықтаудың сапасы қандай болады?
* өршу кезінде анықталған жағдай
*+қанағаттанарлықсыз
* қанағаттанарлық
* уақытылы емес
* сапасыз
#65
*!Шектелген өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезінің кезінде химиотерапиямен бірге нені қолдану нәтижелі болады?
* патогенетикалық терапияны
*+хирургиялық тәсілді
* климатотерапияны
* колапсотерапияны
* физиотерапияны
#66
*! Нәрістенің әкесі өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезімен ауырады.
Ауырған әкесімен баланың қарым қатынасы қажет емес, бірақ мүмкін:
* егерде нәрістеге БЦЖ егілсе, онда перзентханадан шыққаннан кейін
*+БЦЖ егілгенен кейін 6-8 аптадан соң
* БЦЖ егілгенен кейін 6-8 айдан соң
* емігенде контакт қауіпті емес
* ауырған әкесі жазылған соң
#67
*!2 ай бұрын 52 жастағы Б. деген науқас туберкулезден емделген. Оған өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезі шағындысы оң деп диагноз қойылды. Анамнезінде: 5 жыл бұрын казеозды пневмониядан емделген. Нәтижесі: жазылған.
Төменде аталған типтердің қайсысы болуы мүмкін?
* бірінші рет анықталған
* режимді бұзу
*+рецидив
* сәтсіз ем
* ауысқан
#68
*! Төменде аталған туберкулез ауруының қайсысында көмей және ауыз қуысы зақымдалады?
*+өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезінде
* өкпенің кавернозды туберкулезінде
* өкпенің циррозды туберкулезінде
* өкпенің ошақты туберкулезінде
* өкпе туберкулемасында
#69
*!Төменде аталған туберкулездің қайсы клиникалық формасы өкпенің фиброзды кавернозды туберкулезіне ауысады?
* кавернозды туберкулез
*+казеозды пневмония
* циррозды туберкулез
* ошақты туберкулез
* туберкулема
#70
*!Аталған себептердің қайсысы өкпенің циррозды туберкулезінің дамуындағы дәнекер тіннің диффузды өсуі болуы мүмкін?
*+лимфа тамырдардың айналасындағы интерстициальды тінде, перибронхиальды және перивас-кулярлы өсуі
* лимфа тамырдардың және бөлікаралық қалқаның айналасында өсуі
* перибронхиальды тіннің айналасында өсуі
* периваскулярлы тіннің айналасында өсуі
* альвеолада және ацинуста
#71
*!Өкпенің циррозды туберкулезі кезінде қайтыс болу нәтижесі жиі ненің дамуымен байланысты?
*+өкпе-жүрек жетіспеушілікгің және ішкі ағзалардың амилоидозының дамуымен
* өкпе-жүрек жетіспеушілігінің дамуымен
* плевраның эмпиемасының дамуымен
* бүйрек жетіспеушілігінің дамуымен
* экссудатты плевриттің дамуымен
#72
*!Стабильды өтетін циррозды туберкулездің клиникалық көрінісінің пайда болуы немен байланысты?
* посттуберкулезді өзгерістердің бар болуымен
*+бейспецификалық инфекцияның жұғуымен
* бронхоплевральды жыланкөздің дамуымен
* спецификалық эндобронхиттің дамуымен
* туберкулезі кавернаның бар болуымен
#73
*!Өкпенің циррозды туберкулезінің өршігенін қайсы симптом көрсетеді?
* шырышты қақырықтың көп мөлшерде шығуы
* температурасының жоғарлауы
* ұстамалы жөтелдің күшеюі
* көңіл күйінің нашарлауы
*+бактерия бөлуы
#74
*!Өкпе туберкулезімен ауыратын науқаста ұзақ уақытты қан түкіру қандай асқынуға алып келуі мүмкін?
*+аспирационды пневмонияға
* гематогенді диссеминацияға
* плевра эмпиемасына
* бронх туберкулезіне
* амилоидозға
#75
*! Туберкулезбен ауыратын науқаста қан түкіру нені білдіреді?
* плевра бүтіндігінің бұзылуын
* процесстің регрессиясын
*+өкпе тінінің ыдырауын
* процесстің өршігенін
* процесстің үдегенін
#76
*!Науқас бозғылт, суық тер, тахикардия, сол бүйрінде қатты ауру сезімі мазалады. Сол жақта дауыс дірілі анықталмайды, перкуторлы- қораптық дыбыс, тыныс шулары әлсіреген.Науқасқа ауыру сезімін басатын, жүрек- қантамырлық препараттар енгізілген. Жағдайының ауырлығы өршіп жатыр.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+клапанды (вентильды) спонтанды пневмоторакс
* жабық спонтанды пневмоторакс
* ашық спонтанды пневмоторакс
* пиопневмоторакс
* плеврит
#77
*!36 жастағы Б. еркектің жағдайы бірден нашарлады: ол жөтелді және ауыз қуысынан алқызыл көпіршікті қақырық шықты. 50 мл көлемінде қан бөлінді. Жолаушылар «жедел жәрдем» шақырған.
Осы симптоматикаға сәйкес келетін асқыну формасын таңданыз:
* асқазандық қан кету * мұрыннан қан кету * өкпелік қан түкіру * өңештен қан кету
*+өкпелік қан кету
#78
*! Өкпенің инфильтратты туберкулезімен ауыратын пациентте асқынуы анықталған: «Оң жақтық жоғарғы бөліктік бронх туберкулезі».
Қандай инструментальды тексеріс барысында асқыну анықталған?
* трансторакальды пункция
*+бронхоскопия * бронхография * аускультация * томография
#79
*!Төменде келтірілген шұғыл жағдайлардың қайсысы өкпе туберкулезіне тән?
* плеврит, біріншілік генезді туберкулезден кейінгі өзгерістер
*+өкпелік қан кету, спонтанды пневмоторакс * құрғақ плеврит, индуративті алаң * эмфизема, орта бөліктік синдром * жайылған фиброз
#80
*! Оң кеудесінің ауырсынуына, құрғақ жөтелге, ентігуге, жүрек қағысына шағымданған 40 жастағы В. деген еркекті пульмонология бөлімшесіне жеткізді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, суық тер, цианоз, тахикардия, АҚҚ -160/90 мм сын.бағ. Перкуссияда оң жағында қораптық дыбыс естіледі.Тыныс шулары жоқ.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+спонтанды пневмоторакс
* қабырғааралық невралгия
* оң жақты плеврит
* пневмоплеврит
* гидроторакс
#81
*!Туберкулезді менингит деген диагноз 23 жастағы А., науқасқа қойылды. Аурудың алғашқы аптасында диагноз анықталған. Базиллярлы менингит болжамданады.
Туберкулезді менингиттің базиллярлы формасына сәйкес келетін төменде аталған белгілердің қайсысы тән?
*+бас–ми нервтерінің зақымдануы
* перифериялық гемипарездер
* интеллекттің бұзылысы
* гидроцефалия
* кахексия
#82
*! Бас ауруына, немқұрайлылыққа, қатты шаршағыштыққа, тітіркенгіштікке, ұйқының бұзылы-сына, жарықтан қорқуға, субфебрильды температураға 37,3оС шағымданып 28 жастағы әйел босанғаннан кейін (бала 3 айлық) дәрігерге қаралды. Науқас өзін апта бойы аурумын деп санайды. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, перифериялық лимфа бездері пальпацияланбайды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 1,5 көлденең саусақ анықта-лады. Кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: оң жақ төменгі бөлікте Гон ошағы және оң түбірінде кальцинаттар көрінеді.
Туберкулезді менингитті уақытылы анықтау үшін төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?
* биохимиялық қан анализі
*+люмбальды пункция
* бойлық томография
* жалпы қан анализі
* бас миының КТ
#83
*!Облыстық аурухананың реанимация бөлімшесіне «Жедел жәрдем» көмегімен 23 жастағы әй-ел ауыр жағдайда жеткізілді, ес түссіз. Әкесінің айтуы бойынша өзін аурумын деп соңғы бір айда сезінеді, өйткені бас ауруы, шаршағыштық, тітіркенгіштік, жылағыштық, жүрек айну мен құсу пайда болып мазалағанда. Үйде симптоматикалық ем қабылдаған, дәрігерге қаралмаған. Балаға қарауына байланысты демалыста жүр. Бала 7 айлық. Көңіл күйінің және жалпы жағдайының нашарлауы соңғы 2 аптада байқалды. Объективті: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор жағдайында, тырысулар, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі 4 көлденең саусақ , Керниг, Брудзинский симптом-дарының оң болуы, бас ми нервтерінің зақымдануы (3, 6,7, 9, 12). Ликворда цитоз – 28 жасуша, белок – 12 г/л, қант және хлоридтер - төмендеген.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* туберкулезді базилярлы менингит
*+туберкулезді менингоэнцефалит
* іріңді менингоэнцефалит
* серозді менингит
* іріңді менингит
#84
*!18 жастағы еркектен оң жақты экссудатты плеврит анықталған. Анализде: серозді-геморра-гиялық экссудат , 162 кл. (лимфоцит- 88 %, нейтрофильдер- 8 %, эозинофильдер- 4 %). Рентгено-граммада: өкпе алаңы мөлдір, оң жақты бронхопульмоналды лимфа бездер ұлғайған. Манту сы-намасы - 20 мм, Диаскинтест – 15 мм. 2 ай бұрын полиартрит бойынша емделген.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* туберкулезді перифокальды плеврит
*+туберкулезді аллергиялық плеврит
* ревматоидты плеврит
* жегілік плеврит
* іріңді плеврит
#85
*!Біріншілік туберкулез кезінде аталған жолдардың қайсысы плевриттің дамуына алып келеді?
*+контактты, аллергиялық, лимфогематогенді
* бронхогенді, аллергиялық, рецидивті
* продуктивті, жабыспалы, лимфогенді
* аллергиялық, рецидивті, гематогенді
* контактты, экссудатты, лимфогенді
#86
*!Төменде аталған рентгенологиялық симптомдардың қайсысы бөлікаралық плевритке тән?
* бөлікаралық жүлгедегі «теннис ракеткасы» түріндегі көлеңке
*+бөлікаралық жүлгедегі «линза» түріндегі көлеңке
* бөлікаралық жүлгедегі «шар» түріндегі көлеңке
* «жиектік инфильтрат» түріндегі көлеңке
* «Сержан үшбұрышы» түріндегі көлеңке
#87
*!Мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, олардың ауыру сезіміне, дене температурасының 38оС жоғарылауына, әлсіздікке шағымданып 18 жастағы Д., еркек терапевтке келді. Қарау барысында лимфа бездері үстіндегі тері қабаты гиперемияланған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластика-лы, қозғалмалы, бір- біріне жабыспаған, ауыру сезімді. Кеуде торша ағзаларының рентгенограм-масында өкпе түбінде петрификаттар анықталған.
Аталған тексеру әдістерінің қайсысы ең информативті?
* лимфа бездерінің рентгенографиясы
* туберкулин диагностикасы
*+эксцизионды биопсия
* пункциялық биопсия
* беткей биопсия
#88
*! Мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, олардың ауыру сезіміне, дене температурасының 38оС жоғарылауына, әлсіздікке шағымданып 18 жастағы Д., еркек терапевтке келді. Қарау барысында лимфа бездері үстіндегі тері қабаты гиперемияланған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластика-лы, қозғалмалы, бір- біріне жабыспаған, ауыру сезімді. Кеуде торша ағзаларының рентгенограм-масында өкпе түбінде петрификаттар анықталған.
Зақымдалған лимфа бездерінің консистенциясын мен мөлшерін анықтауда аталған зерттеу әдістердің қайсысы ең орынды?
* лимфа бездерінің пункциясы
* рентгенографиялық зерттеу
*+ультрадыбысты зерттеу
* морфологиялық зерттеу
* гистологиялық зерттеу
#89
*!Мойын лимфа бездерінің ұлғаюына, олардың ауыру сезіміне, дене температурасының 38оС жоғарылауына, әлсіздікке шағымданып 18 жастағы Д., еркек терапевтке келді. Қарау барысында лимфа бездері үстіндегі тері қабаты гиперемияланған. Пальпация кезінде лимфа бездері эластика-лы, қозғалмалы, бір- біріне жабыспаған, ауыру сезімді. Кеуде торша ағзаларының рентгенограм-масында өкпе түбінде петрификаттар анықталған.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* мойын лимфа бездерінің бейспецификалық лимфоадениті
* флюстан кейінгі бейспецификалық лимфоадениті
*+мойын лимфа бездерінің туберкулезі
* герпетикалық лимфоаденит
* мононуклеоз
#90
*!38 жастағы Л., әйел шаршағыштыққа және түнгі уақытта арқасындағы ауыру сезіміне шағымданып дәрігерге келді. Ауыру сезімі күш түскенде артады. Карап тексеру кезінде арқа бұл-шық еттерінің ригидтілігінен мәжбүрлі қалпы байқалады. Кеуде қуысын пальпациялау кезінде ауыру сезімі кеуде қуысына және іш аймағына иррадияцияланады.
Нақты диагноз қоюда аталған тексеру әдістерінің қайсысы өте маңызды?
* екі проекцияда шолу рентгенограммасы
* компьютерлі томография
* жалпы қан анализі
* артроскопия
*+МРТ
#91
*!Аяғына алған травмадан кейін оң жақ жамбас буынында біртіндеп күшейіп келе жатқан ауыру сезіміне шағымданып 49 жастағы еркек травматологқа келді.Ауыру сезімі аяғына түскен күштен кейін күшееді. Қарау кезінде жергілікті қызу, тері гиперемиясыз, бұлшықет гипотрофиясы және гипотониясы анықталады. МРТ-да оң жақ жамбас буынының остеопорозы, буын аралық тесіктің кішіреюін, эпифизде ыдырау аймағы анықталған..
Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
* оң жақ жамбас буынының бейспецификалық полиартриті
* оң жақ жамбас буынының деформациялық артрозы
* оң жақ жамбас буынының остеоартрозы
* оң жақ жамбас буынының остеомиелиті
*+оң жақ жамбас буынының туберкулезі
#92
*!Сүйек- буын туберкулезінің клиникалық көрінісіне тән абсцесс:
* «гипертермиялық»
* «гипотермиялық»
* «перифокальды»
* «казеозды»
*+«суық»
#93
*!Жастың ағуына, жарықтан қорқуына, көбінесе сол жақ көзіндегі ауыру сезіміне шағымданып 27 жастағы Н., әйел окулистке келді. Қарау кезінде - қасаң қабықта тамыр гиперемиясы, сол жақ конъюнктива ісінуі, майда сұр түсті түйіндер анықталған. Қан тамырлық қабатта және көз торын-да көлемді бөртпелер анықталған. Антибиотиктер және қабынуға қарсы жүргізілген жергілікті терапиядан кейін ешқандай өзгеріс болмады.
Диагнозды верификациялау кезінде төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы өте маңызды?
*+туберкулинді диагностика, офтальмологиялық аппаратта тексеру
* ультрадыбысты тексеру, офтальмологиялық аппаратта тексеру
* рентгенография, офтальмологиялық аппаратта тексеру
* биохимиялық қан анализі
* жалпы қан анализі
#94
*!Жасөспірім Ж.,15 жаста. Біріншілік туберкулезге байланысты емделеді. Мойын, кеуде айма-ғында ауыру сезімсіз түйіндер пайда болған, бір-біріне жабысқан. Түйін үстіндегі тері көкшіл түсті, жұқарған.
Төменде аталған іс-шаралардың қайсысы ең орынды?
* ультрадыбысты тексеру
* Манту сынамасы 2 ТБ
* клиникалық тексеру
*+тері биопсиясы
* Диаскинтест
#95
*!Тері туберкулезінің кең таралған түрі қандай?
* папула-некрозды туберкулез
* базен индуратты эритемасы
* ойық жаралы туберкулез
*+туберкулездік жегі
* сүйелді туберкулез
#96
*!Бірінші рет анықталған оң жақ өкпенің S1 инфильтратты туберкулезі, ТМБ+ деген диагнозбен 25 жастағы К., науқас ауруханада төрт АБП-мен қарқынды фазасын 4 ай қабылдап емделді. Бактерия бөлу тоқтаған. Рентгенограммада – оң жақ өкпенің S1 инфильтрацияның сорылуы және ошақтардың тығыздалғаны динамикада көрінеді.
Науқасты жүргізудегі тактикасының қайсысы ең орынды?
* қарқынды фазасын күндізгі стационарда жалғастыру
*+жалғастыру фазасын амбулаторлы жалғастыру
* жалғастыру фазасын стационарда жалғастыру
* қарқынды фазасын амбулаторлы жалғастыру
* қарқынды фазасын санаторияда жалғастыру
#97
*!55 жастағы В., еркектен өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі анықталған, ТМБ+. Анамнезінде: 10 жыл бұрын туберкулезден ауырып жазылған. Емнің соңғы нәтижесі: жазылған.
Төменде аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?
* бірінші рет анықталған
* ауыстырылған
* режимді бұзу
* қолайсыз ем
*+рецидив
#98
*! «Өкпенің инфильтратты туберкулезі,ыдырау және себілу фазасы, ТМБ+, жаңадан анық-талған жағдай» деген диагнозбен 62 жастағы Д, еркек ауруханада 2 ай бойы емделді. Интоксикация симптомы жойылған. Бактерия бөлу тоқтаған жоқ, жалғасуда.
Науқасты емдеу тактикасының қайсысы ең орынды?
* интермиттирленген әдіс еміне ауыстыру
*+емнің қарқынды фазасын жалғастыру
* жалғастыру фаза еміне ауыстыру
* амбулаторлы емге ауыстыру
* хирургиялық әдіспен емдеу
#99
*!Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ- деген диагнозбен 34 жаста ғы Е, әйел емделген. 2 ай емнен кейін бактерия бөлу анықталған.
Төменде аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?
* жаңадан анықталған жағдай
* ауыстырылған
* режимді бұзу
*+сәтсіз ем
* рецидив
#100
*!Қаскеленнің туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерінде өкпе туберкулезіне байла-нысты 37 жастағы З, еркек 4 ай бойы емделген. Алматы қаласы Турксиб ауданына көшіп келген. Турксибтің туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансеріне емін жалғастыру мақсатында есеп-ке тұрған.
Төменде аталған типтердің қайсысы пациентте болуы мүмкін?
* жаңа анықталған жағдай
*+ауыстырылған
* режимді бұзу
* сәтсіз ем
* рецидив
#101
*!Туберкулездік инфекция кезіндегі медициналық профилактикалық іс -шаралар:
*+сау адамдардың инфицирлену қаупін төмендетеді және туберкулезбен аурудың алдын алады * инфекциялық аурулармен қарсыласуға көмектеседі * тұрғындардың әлеуметтік құндылығын арттырады
* материалды жағдайдың жақсаруына үлес қосады * халықтың мәдениетінің артуына үлес қосады
#102
*!Туберкулез ошағында эпидемияға қарсы күрес жүргізу іс-шараларының мақсаты:
*+ТМБ жаңадан инфицирлену жағдайларын алдын алу және науқас айналасындағылардан жаңадан ауырған жағдайды бодырмау
* айналадағылардың жұққандық қатеріне баға беру * есептен шығаруға ошақты дайындау * ТБ 093у есеп формасын рәсімдеу * іс-шара жоспарын өңдеу
#103
*!Химиопрофилактика жайлы деректер мына есептік формаға тіркеледі:
*+ф.026у
* ф. 030у * ф. 090у
* ф. 089у
* ф.058у
#104
*!Химиопрофилактика жүргізу үшін төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы ең орынды?
*+Манту реакциясы 2 ТБ – папуласы 8мм, Диаскинтест – 10 мм.
* Манту реакциясы 2 ТБ - 8 мм, Диаскинтест теріс * функцияның бұзылысымен бүйрек ауруы
* функцияның бұзылысымен бауыр ауруы
* Манту реакциясы 2 ТБ - 5 мм
#105
Науқас киімін қандай ерітіндіге салып қою керек?
*10 % хлорлы әктас ерітіндісінде 2,5 сағат бойы
*+кір жуғыш ұнтақта және 15-20 минут қайнату
* 5 % хлорамин ерітіндісінде 6 сағат бойы
* 3 % хлорамин ерітіндісінде 4 сағат бойы
* 2 % сода ерітіндісінде 2 сағат бойы
#106
*!Санитарлы профилактиканың бағыты:
*+сау балалардың инфицирленуінен және ауруға шалдығуынан алдын алу
* алкоголизммен және наркоманиямен күрес жүргізу
* өлім-жітім көрсеткішін алдын алу
* тамақтануын жақсарту
* балаларды оңашалау
#107
*!Науқастың ыдыс-аяқтары немен дезинфицирленеді?
* 10 % хлорлы әктәс ерітіндісімен
* 20 % хлорлы әктәс ерітіндісімен
*+2 % сода ерітіндісімен қайнату
* 1-2 % хлорамин ерітіндісі
* 5 % хлорамин ерітіндісі
