- •Тұрмыс деңгейінің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
- •Жалпы ережелер
- •2. Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі көрсеткішін болжау.
- •Хольт – Винтерстің трендпен және маусымдылықпен экспоненциалды тегістеу әдісімен атаулы ақшалай табыстың болжамды мәнін анықтау
- •4. Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің шағын моделін болжау
- •Айнымалылардың орташа мәндерін есептеу
- •Ковариация, корреляция және дисперсия коэффициенттерін есептеу
- •Корреляция коэффициентінің мәні t-статистика
- •Автокорреляция коэффициенті және Дарбин-Уотсон критерийлері
- •2015-2017Жж. Қысқа мерзімді кезеңге кедей халық үлесінің болжамды мәндері
- •Атаулы ақшалай табыстың айлық мәндерін Хольт – Винтерстің трендпен және маусымдылықты экспоненциалды тегістеу әдісімен болжау
- •2014 Жылы кедей халықтың санына зейнетақы өзгеруінің (өсу және төмендеу) әсері
Хольт – Винтерстің трендпен және маусымдылықпен экспоненциалды тегістеу әдісімен атаулы ақшалай табыстың болжамды мәнін анықтау
24. Деректердің құрылымында маусымдық ауытқулар болған жағдайда болжау қателерін азайту үшін Винтерс ұсынған экспоненциалды тегістеудің үш параметрлі моделін пайдалану ұсынылады. Бұл әдіс оның алдындағы Хольт моделінің кеңейтілген нұсқасы болып табылады. Маусымдық вариацияларды есепке алу үшін қосымша теңдеу қолданылады, және бұл әдіс толықтай төрт теңдеумен сипатталады.
(20) теңдеу тегістелген қатарларды түзетеді. Экспоненциалды тегістелген қатар формуласы:
(20)
мұндағы,
k, b, q – сәйкесінше деңгей, тренд және маусымдылық үшін тұрақты тегістеу;
s – маусымдық ауытқу кезеңінің ұзақтығы;
–
бастапқы
деректердегі маусымдылық.
Т
рендті
бағалау
(21)
Маусымдылықты бағалау (22)
А
лдын
ала р
кезеңге болжам
(23)
Тегістелген қатардың бастапқы мәні бірінші байқауға тең деп қабылданады, ол кезде тренд нөлге тең, ал маусымдылық коэффициенттері бірге тең.
25. (20),(21),(22),(23) формулаларындағы коэффициенттердің мәндері: k=0,5, b=0,9, q=0,5 деп есептеліп, 7–кестеде 2015 жылдың наурыз-желтоқсан кезеңіне болжамды есептейміз.
26. Болжамның нақтылығы – 0,997% = 100% MAPE, болжамның жоғары деңгейін көрсетеді:
(24)
27. Бұл жағдайды 3-қосымшаның 3-суретінде график түрінде көрсетіп; атаулы ақшалай табыстардың нақты және болжамдық мәндерінің сызығын көреміз.
Хольт–Винтерстің трендпен және маусымдылықпен экспоненциалды тегістеудің осы әдісі бір жылдан аз (айлық, тоқсандық) кезеңге болжамды құру кезінде пайдалануға ұсынылады.
4. Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің шағын моделін болжау
28. Тұрмыс деңгейінің жекелеген көрсеткіштеріне болжамды құраушы табыстар бойынша тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу базасында құру ұсынылады. Шағын модельді құру үшін қажет көрсеткіштер: жалдану бойынша жұмыстан түсетін табыс, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түсетін табыс, жасы бойынша зейнетақы, стипендия, атаулы əлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, балалары бар отбасына мемлекеттік жəрдемақы, мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы, арнайы мемлекеттік жəрдемақы, мемлекет беретін трансферттің басқа түрлері, заттай түрдегі əлеуметтік трансферттер, алименттер, жылжымайтын мүлікті сатудан түсетін табыс, жеке жəне үй мүліктерін сатудан түсетін табыс, өзге де ақшалай түсімдер. Бастапқы деректер ретінде үй шаруашылықтарының келесі әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары : жынысы, жасы, үй шаруашылықтары мүшелерінің реттік нөмірі, балалардың саны (15 жасқа дейінгі) және ӘАОЖ бойынша елді мекендердің кодтары пайдаланылады.
29. Қарастырылған модельде кедей халықтың санына табыстардың қандай да бір түрлерінің мөлшерін өзгерту кезінде болжам жасалады. Болжам бойынша есептеулерді Access бағдарламалық топтамасында жүргізу ұсынылады, оған пайдалануға дайын тұрған, жоғарыда аталған қажетті көрсеткіштер тізімі бар Excell бағдарламасындағы деректер базасы импортталады. Барлық табыстардың жиынтығы базада үй шаруашылықтарының салмағына көбейтіледі.
Модельдік табыстар таза (қолда бар) табыс болып табылады, бұдан әрі үй шаруашылықтары төлеген салықтың сомасын келесі формула бойынша анықтаймыз:
Салықтың сомасы = таб.салығы *(ж/а + (ж/а – ең төменгі ж/а)) (25)
Қолда бар табыс = ж/а + зейнетақы + басқа табыстар – салық (26)
Жаңа табыс = ж/а+зейнетақы*1,03+басқа табыстар - салық (27)
(25), (26), (27) формулалары бағдарламаға енгізіледі, көрсеткіштердің болжамдық мәндері анықталады. Аталған шағын модельде табыстарды симуляциялау бойынша нәтижелер 2-қосымшаның 8-кестесінде келтірілген.
30. Осы шағын модельді тұрмыс деңгейінің басқа көрсеткіштеріне қатысты осындай жолмен пайдалану ұсынылады.
Тұрмыс деңгейінің
болжамды көрсеткіштерін
қалыптастыру жөніндегі
әдістемелік ұсынымдарға
1-қосымша
1-кесте
