- •Тұрмыс деңгейінің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
- •Жалпы ережелер
- •2. Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі көрсеткішін болжау.
- •Хольт – Винтерстің трендпен және маусымдылықпен экспоненциалды тегістеу әдісімен атаулы ақшалай табыстың болжамды мәнін анықтау
- •4. Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің шағын моделін болжау
- •Айнымалылардың орташа мәндерін есептеу
- •Ковариация, корреляция және дисперсия коэффициенттерін есептеу
- •Корреляция коэффициентінің мәні t-статистика
- •Автокорреляция коэффициенті және Дарбин-Уотсон критерийлері
- •2015-2017Жж. Қысқа мерзімді кезеңге кедей халық үлесінің болжамды мәндері
- •Атаулы ақшалай табыстың айлық мәндерін Хольт – Винтерстің трендпен және маусымдылықты экспоненциалды тегістеу әдісімен болжау
- •2014 Жылы кедей халықтың санына зейнетақы өзгеруінің (өсу және төмендеу) әсері
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
Төрағасының міндетін атқарушы
______________Б.Иманәлиев
2015 жылғы «24» желтоқсан
№11
Тұрмыс деңгейінің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Жалпы ережелер
Әдістемелік ұсынымдар «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген статистикалық әдіснамаға жатады.
Болжау объектісі ретінде табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі және халықтың атаулы ақшалай табыстары қолданылады.
5. Осы Әдістемелік ұсынымдарда келесі анықтамалар пайдаланылады:
атаулы ақшалай табыстар – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке жəне жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаттары;
болжам (болжау) – бастапқы байқауларда жоқ тәуелсіз айнымалылардың кейбір жинағы үшін тәуелді айнымалының бағасын құру;
болжаудың нақтылығы – болжау қатесіне қарама-қарсы ұғым. Егер болжау қатесі үлкен болса, онда оның нақтылығы төмен және керісінше, егер болжау қатесі аз болса, онда нақтылығы жоғары. Болжам қатесін (MAPE) бағалау – болжау нақтылығына кері шама;
детерминация коэффициенті – факторлық белгінің вариациясымен түсіндірілген нәтижелілік белгінің вариация үлесін көрсететін корреляция коэффициентінің квадраты (көптік);
Дарбин-Уотсон критерийі автокорреляцияны табу үшін ең танымал болып табылады. Регрессия теңдеуін статистикалық талдау кезінде бастапқы кезеңде бір алғышарттың орындалушылығын жиі тексереді: ауытқулардың өз арасында статистикалық тәуелсіздік шарттары. Бұл ретте көршілес ei шамалардың корреляцияланбағандығы тексеріледі;
ковариация коэффициенті – осы айнымалылардың өзінің орташаларынан ауытқуы көбейтіндісінің орташа шамасы, екі айнымалы арасындағы өзара байланыстың шамасы болып табылады;
корреляция коэффициенті – екі айнымалының сызықтық байланыс дәрежесін көрсететін шексіз шама. Корреляцияның сызықтық коэффициенті – 1-ден +1-ге дейінгі мәндерді қабылдайды. Белгілер арасындағы байланыстар әлсіз және күшті (тығыз) болуы мүмкін. Олардың критерийлері Чеддок шкаласы бойынша бағаланады;
регрессияның сызықтық теңдеуі мына түрде болады y = bx + a. Регрессияның бағалау теңдеуі (біріктірілген деректер бойынша құрылған) келесі түрде болады y = bx + a + ε, мұндағы ei – εi, қателердің (бағалаудың) бақылау мәні, а және b – табу қажет регрессиялық модельдің α және β параметрлерінің сәйкесінше бағасы, мұнда ε – кездейсоқ қате (ауытқу);
сатып алу қабілеті – сатып алудың орташа бағасы бойынша зерттелетін үй шаруашылықтарының жан басына шаққандағы орташа табысының сомасына сатып алуға болатын тауарлар саны. Сатып алу қабілеті табыстардың ең төменгі күнкөріс шамасымен арасалмағы арқылы берілуі мүмкін;
табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі (кедей халықтың үлесі) – тұтынуға пайдаланылған табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі қатынасы;
уақыттық қатарлар - уақыттың бірнеше тізбекті сәттеріндегі қандай да бір көрсеткіш мәндерінің жиынтығы (уақыттық бөлік);
Фишер критерийі (F-статистика) – регрессия модельінің маңыздылығын тексеру. Есептік мәні зерттелетін көрсеткішті бақылаудың бастапқы қатарының дисперсиясы мен осы модель үшін қалдық жүйелілік дисперсиясының ығыстырылмайтын бағасына қатынасы ретінде табылады.
6. Осы Әдістемелік ұсынымдар еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының қызметкерлеріне тұрмыс деңгейі көрсеткіштеріне талдау жасау кезінде пайдалануға арналған.
