Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапевтикалы таайындалан медициналы ралдар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.45 Кб
Скачать

5. Индуктотермия

Ағза ұлпаларына қажетті жылулық эффектіні в тканях организма может быть получен не только с помощью высокочастотного жоғары жиіліктегі электр тогымен ғана емес (диатермия) немесе өріспен ғана емес (УЖЖ-терапия), сонымен қатар жоғары жиіліктегі магнит өрісімен электромагниттік индукция құбылысы есебінен де алуға болады.Мұндай әдіс электромагнитной индукция деп аталады. Индуктотермия кезінде магнит өрісі катушканың(индуктордың ) көмегімен катушканың бойынан ағып өтетін жоғары жиіліктегі токтан алынады.Айнымалы магнит өрісінің ағза ұлпаларына құйынды токтар туғызатын индукцияның электр қозғаушы күші бағытталады. Осы токтардың жылулық эффект туғызатын әрекетіне индуктотермия әдісі негізделген.

Индуктордың эквиваленттік электр тізбегі схемасы (жүргізу кезінде ) ағзаның эквивалентті белсенді кедергісіне жүктелген жоғары жиілік трансформаторы түрінде болады.

Индуктотермия жүргізу схемасы

6. УЖЖ -терапия

УЖЖ-терапия ең көп таралған , электроемдеу әдісі болып табылады. Ол ауру адамның ағзасына ультрадыбыс жиілігіндей электр өрісімен әсер етуге негізделген. Мұндай электр өрісі УЖЖ тербелістері генераторына өткізгіш сымдармен жалғанған екі конденсаторлық электродтардың көмегімен алынады.Әсер етуге қойылған дене бөлігі электродардың арасына орналастырылады. Электродтардың біреуі ағзаның сәйкес қуыс бөлігіне ,екіншісі — дене бетінде орналастырылады.

УЖЖ - ТЕРАПИЯ ЖҮРГІЗУ СХЕМАСЫ

Диатермиямен салыстырғанда УЖЖ-терапияның басты артықшылығы электродтар мен дене беті арасындағы қуыстарға процедура жасау мүмкіндігінің болуы. и поверхностью тела. Бұл тізбек бөлігінің ауа қуысынан құралған тізбегінің аумағының сиымдылық электр кедергісі УЖЖ аймағында ауру адамның электр кедергісімен өлшемдес болады. (параллель қосылған R кедергі мен С сиымдылық). Диатермияда қолданылатын жиіліктерде ауа қуысының электр кедергісі өте үлкен болады, да тізбектегі ток одан өте алмайды. Электродтың маңайында электр өрісінің ең үлкен күш сызықтарының концентрациясы болатын ,электродтың маңайында қуыстардың болуы деннің бетін қажет емес қыздырудан сақтайды.Олар аурудың денесіне бөлек орналасады.

Тағы бір артықшылығы диатермиядағы сияқты УЖЖ-мен процедура жүргізгенде дене мен электрод арасында тікелей жанасуды қажет етпейді.

УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ТЕРАПЕВТІК АППАРАТУРА

Ультрадыбыстық терапия жүргізудің физикалық негізделуі мен әдістемесі

Қатты ,сұйық және газ тәрізді денелердегі сияқты адам ағзасында да механикалық (серпімді) тербелістер мен толқындар пайда болуы мүмкін. 16 Гц-тен төмен механикалық тербелістер мен толқындар инфрадыбыстар деп аталынады. Мұндай тербелістердің емдік мысалын вибрациялық массаж түрінде көруге болады. Жиілігі 16 Гц –тен 20 кГц-ке дейінгі тербелістер мен толқындар дыбыс деп аталады және оны адам құлағы естиді. Жиілігі 20 кГц-тен артық тербелістер мен толқындар ультрадыбыс тербелістері мен толқындары деп аталады ( немесе ультрадыбыс деп те айтуға болады)және ол адам құлағына қабылданбайды. Ультрадыбыстық тербеліс спектрінің жоғары шегі әлі қойылмаған.Қазіргі кезде жиілігі бірнеше жүздеген миллион герц болатын ультрадыбыс алынған .

Ультрадыбыстың жиілігіндей тербелісте болған кез келген дене ультрадыбыс көзі бола алады. Бірнеше ондаған кГерц ультрадыбысты алу үшін магнитострикция құбылысы пайдаланылады. Оның мағынасы айнымалы магнит өрісінің әсерінен өріске бойлай қойылған ферромагниттік материалдан жасалған стерженьнің ұзындығының периодты өзгеруі.Мұндай периодты ұзарып және қысқарып өзгеру стерженьнің ұшында орналасқан ортаны тербеліске келтіреді.Ультрадыбыс осылай пайда болады. Медицинада терапиялық мақсат үшін салыстырмалы жоғары 800—3000 кГц жиіліктегі ультрадыбыс қолданылады.Мұндай жиіліктегі ультрадыбысты кері пьезоэлектрлік эффект құбылысының көмегімен алады. Кері пьезоэлектрлік эффект дегеніміз көптеген кристаллдарда (кварц, сегнет тұзы, титанат барий титанаты т.б) электр өрісінің әсерінен заттың негізгі құрылымына кіретін атомдардың полярлық топтарының өзара ығысуы жүреді.Олардағы жоғарыда айтылған сәйкес өзгерістер кристаллдардың өлшемдерінің өзгерісіне алып келеді.

Егер белгілі бір тәртіппен кесіліп алынған кварц кристалынан жасалған пластинканың бүйір бетіне электродтардың көмегімен айнымалы электр өрісін түсірсе пластинканың ұзындығы мен қалыңдығы кезектесіп ұзарып және қысқарып отырады. Ұзарып қысқарудың мөлшері түсірілген кернеудің жиілігіндей болады. Пластинканың қалыңдығы кішірейгенде оны қоршаған ортаның қабаттарында сиректелу жүреді қалыңдығы үлкейгенде — орта бөлшектерінің қоюлануы жүреді .Осылайша пьезоэлектрлік түрлендіргіш деп аталатын пластинка қалыңдығының периодты түрде өзгеруі нәтижесінде берілген ортада пластинка бетіне перпендикуляр бағытта таралатын ультрадыбыс толқындары пайда болады. Ультрадыбыспен емдеу аппараты электрлік тербелістер генераторынан және тербелмелі контурға қосылған пьезоэлектрлік түрлендіргіштен тұрады. Түрлендіргіш жеке бөлік болып ( ультрадыбыс шығарушы) бөлініп аппаратқа кабельмен жалғанған. Соңғы жылдары ультрадыбыстық терапевттік аппараттарда титанаты керамикасы кеңінен қолданылады. Барий титанаты керамикасы жоғары температурада пісірілген ұсақ кристаллдар ,яғни поликристаллдық құрылым деп саналады. Кварцпен салыстырғанда артықшылығы арзан және ультрадыбысты қоздыруға арналған кернеу шамасының төмендігі ( Кварц пластинкада 880 кГц жиілікте және 2 Вт/см2 интенсивтілікте кернеу 1500 В-тан асады.Барий титанаты керамикасынан жасалған пластинкада кернеу 100 В-тан аспайды). Бұл аппараттың конструкциясы мен схемасын қарапайым етіп жасауға төменгі вольттық кабелді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ультрадыбыспен ағза ұлпаларына әсер ету ультрадыбыс әсер ететін жерге аппараттың қолданылатын бас жағының бетін тікелей денеге қою арқылы жүзеге асады. Мұндай тәсіл салыстырмалы жазық болып келетін беті жұмсақ болатын ұлпаларға қолданылады,және қозғалмайтын болуы мүмкін (стабильді),және қозғалатын да (лабильным) болуы мүмкін.Ультрадыбыстық басын жай ғана басып қозғалтып әсер ету аймағының барлық бөлігінің бетіне орын ауыстырып отырады.

Ультрадыбыстық терапия дозиметриясының мәні ультрадыбыстың берілген интенсивтілік шамасы мен әсер етуді қою ұзақтығын тағайындау болып табылады Интенсивтілік Вт/см2. Аппараттың реттеу шкаласында шығу қуатын көрсетеді. Қозғалмалы әдістемеде интенсивтілік шамасы 0,5—1,5 Вт/см2, қозғалатын әдістемеде 0,05—0,3 Вт/см2болып берілген.

Әдебиеттер:

1. Көшенов.Б Медициналық биофизика Қарасай 2008

2. Самойлов В.О. Медицинская биофизика. СПб.: СпецЛит, 2004. –496 с.

3. Антонов В.Ф., Черныш А.М., В.И. Пасечник и др. Биофизика. М., Владос, 2000.

4. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика.М., Высшая школа, 2003.608 с.

5. Ливенсон А.Р. Электромедицинская аппаратура. М: Медицина, 1981, 344с

Тексеру сұрақтары:

1. Терапевтік тағайындалған медициналық құралдардың классификациясы.

2. Терапевтік тағайындалған медициналық жабдықтарға қойылатын талаптар.

3 .Терапевтік процедуралар жүргізудің физикалық негіздері.

4. Терапевтік тағайындалған құралдардың техникалық сипаттамалары

11