Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

62технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Ұшақтар.

Мақсаты: алақан мен тізеге тіреліп, төрттағандап еңбектеп, модуль арқылы аунап өтуді үйрету. Аяқты-аяққа тақай қойып, алға жылжи жүру дағдыларын бекіту. Ырғақты және жеңіл жүгіруді дағдыларын дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: беті тегістеліп сүргіленген бөрене,шығыршық,торғайлар мен автомобиль бетперделері.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Ұшақтар». Музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес шеңбер бойымен қосарланып, шоқырақтап секіре, аяқты аяққа тақай қойып, алға жылжи жүру. «Ұшақтарды»бейнелей, қолды шетке созып жүру, бытырап, бұрылыс жасай жүгіру. Қозғалыс кезінде бастаушының артынан көрнекі бағыт бойынша бір сап-тізбектен екі сап-тізбекке тұру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. «Ұшаққа қол бұлғайқ». Б.қ..: аяқ сәл алшақ, қол төмен.

Жоғары қарап, қолды жоғары көтеріп, қол бұлғау (бір,екі қолмен), бастапқы қалыпқа оралу.

2. «Ұшқыштар биі». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қолды белге қойып түзу тұру; бір аяқпен тарс еткізіп, қолды алға созу; қолды шетке созып: «тарс-тарс»деу; бастапқы қалыпқа оралу. Келесі аяқпен орындау.

3. «Ұшақ қайда?» . Б.қ.: қолды белге қойып, малдас құрып еденге отыру. «Ұшақ қайда? Ұшақты көрсет». Сол қолды артқа апара, солға-артқа бұрылып: «міне»деу; бастапқы қалыпқа оралу. Оң жаққа қайталап орындау. Әр жаққа.

4. «Ұшақ жерге қонады». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен, тізені бүгіп, «жерге қондық»деу; бастапқы қалыпқа оралу.

5. «Ұшақ ұшты». Б.қ.: қолды кеудеге қойып, аяқты түзу ұстап, қарынға жату. «Ұшақ ұшты». Қолды шетке созып, артқа иілу, бастапқы қалыпқа оралу.

6. «Ұшақ қонуға орын іздеуде». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол шетке созулы. Алға еңкею, басты жайлап жан-жаққа бұру, бастапқы қалыпқа оралу.

7. «Қайта ұшу». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. «ұшуға дайындалу». Қолды кезек алға қарай айналдыру. «Қанаттар» қолды шетке созу-Ұштық! Жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Дем алу жаттығуы: «Сағат»

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу(биіктігі 20см).

-Алақан мен тізеге тіреліп, еңбектеп, модуль арқылы аунап өту.

Қимылды ойын: « Тік тауша».

4-5 рет.

4-5 рет.

3-4 рет.

5-6 рет.

5-6 рет.

5-6 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Не істелді?» ойыны.

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: Биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу(биіктігі 20см); алақан мен тізеге тіреліп, еңбектеп, модуль арқылы аунап өту.

Түсінеді: жаттығулардың маңызы.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]