Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

61технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Ұшақтар.

Мақсаты: биіктікте еденге салынған шеңберге секіріп түсуді үйрету. Аяқты-аяққа тақай қойып, алға жылжи жүру дағдыларын бекіту. Ырғақты және жеңіл жүгіруді дағдыларын дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: беті тегістеліп сүргіленген бөрене,шығыршық,Қасқыр мен қойлар бетперделері.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Ұшақтар». Музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес шеңбер бойымен қосарланып, шоқырақтап секіре, аяқты аяққа тақай қойып, алға жылжи жүру. «Ұшақтарды»бейнелей, қолды шетке созып жүру, бытырап, бұрылыс жасай жүгіру. Қозғалыс кезінде бастаушының артынан көрнекі бағыт бойынша бір сап-тізбектен екі сап-тізбекке тұру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. «Ұшаққа қол бұлғайқ». Б.қ..: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Жоғары қарап, қолды жоғары көтеріп, қол бұлғау (бір,екі қолмен), бастапқы қалыпқа оралу.

2. «Ұшқыштар биі». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қолды белге қойып түзу тұру; бір аяқпен тарс еткізіп, қолды алға созу; қолды шетке созып: «тарс-тарс»деу; бастапқы қалыпқа оралу. Келесі аяқпен орындау.

3. «Ұшақ қайда?» . Б.қ.: қолды белге қойып, малдас құрып еденге отыру. «Ұшақ қайда? Ұшақты көрсет». Сол қолды артқа апара, солға-артқа бұрылып: «міне»деу; бастапқы қалыпқа оралу. Оң жаққа қайталап орындау. Әр жаққа.

4. «Ұшақ жерге қонады». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен, тізені бүгіп, «жерге қондық»деу; бастапқы қалыпқа оралу.

5. «Ұшақ ұшты». Б.қ.: қолды кеудеге қойып, аяқты түзу ұстап, қарынға жату. «Ұшақ ұшты». Қолды шетке созып, артқа иілу, бастапқы қалыпқа оралу.

6. «Ұшақ қонуға орын іздеуде». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол шетке созулы. Алға еңкею, басты жайлап жан-жаққа бұру, бастапқы қалыпқа оралу.

7. «Қайта ұшу». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. «ұшуға дайындалу». Қолды кезек алға қарай айналдыру. «Қанаттар» қолды шетке созу-Ұштық! Жүгіру. Белгі бойынша тоқтау.

Дем алу жаттығуы: «Сағат»

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Беті тегістеліп сүргіленген бөрене үстімен жүру;

-Биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу(биіктігі 20см).

Қимылды ойын: « Дорбашаны кім алысқа лақтырады».

4-5 рет.

4-5 рет.

3-4 рет.

5-6 рет.

5-6 рет.

5-6 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Не істелді?» оыйны.

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: Беті тегістеліп сүргіленген бөрене үстімен жүру; биіктіктен еденге салынған шеңберге секіріп түсу(биіктігі 20см).

Түсінеді: жаттығулардың маңызы

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]