Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

53технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Автобуспен Наурыз мерекесіне барамыз.

Мақсаты: аяқпен алма –кезек жеңіл секіруге үйрету. Еденнен бір аяқпен екпінмен серпіле секіріп, екінші аяққа тұруды бекіту. Табан бұлшықеттерін нығайту, дамыту. Дұрыс жүруді талап ету, дене түзілісін қадағалау. Балалардың берілген белгіге назар аудару, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: руль орташа көлемдегі шығыршықтар, жалпақ шығыршықтар. Тауық пен балапандардың бетпердесі.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Автобуспен Наурыз мерекесіне барамыз». Автобуспен келе жатқанды бейнелей жай жүру. Автобус жүргізушінің рульді, қолдың басын айналдырып жүру, аяқпен серіппелі, аяқты табанға толық қойып, би қимылдарын жеңіл орындай жүруі. Бір-біріне кедергі жасамай, қол мен аяқты үйлесімді қозғап, адымдап, зал бойы жылдам қарқынмен тура бағытта, «ирелең жолмен», бытырап жүгіру. «Қызыл түс» деген белгі бойынша тоқтау. Шеңбер құру, көрнекі бағыт бойынша түзелу.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. «Алға ». Б.қ.: аяқ сәл алшақ , рульмен қол кеудеде. О: рульмен қолды алға созу, «алға» деу; бастапқы қалыпқа оралу; «артқа» деу.

2. «Оңға, солға». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, рульмен қол алда. Қолды

оңға, рульге қарау; бастапқы қалыпқа оралу; қолды солға, рульге қарау; бастапқы қалыпқа оралу.

3. «Алға,артқа» . Б.қ.: тізеге тұру, қол төмен. «Алға қарай кеттік»-қолды алға созып, тізерлеп алға қарау жылжу, қызыл түс-«тоқта». Артқа қарай жылжу.

4. «Жоғары». Б.қ.: Шалқадан жату, рульмен қол кеудеде. Рульді жоғары, оған қарау; бастапқы қалыпқа оралу.

5. «Бұрылыс». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, рульмен қол кеудеде. «Жүріп келеміз, жүріп келеміз,жүріп келеміз»- «алда бұрылыс» бас пен иықты оңға еңкейте бұру; бастапқы қалыпқа оралу. «Жүріп келеміз, жүріп келеміз,жүріп келеміз»- «алда бұрылыс» бас пен иықты солға еңкейте бұру; бастапқы қалыпқа оралу.

6. «Наурыз мерекесін тойлайық». Рульді еденге қойып, музыка ырғағына сәйкес өзіндік би қимылдарын орындауға талпындыру;

(Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту)

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Еденге қойылған жалпақ шығыршық үстімен жүру.

-Аяқпен алма-кезек секіру.

Қимылды ойын: « Тауық пен балапандар».

4-5 рет.

5-6 рет.

3-4рет.

5-6 рет.

4-5 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

Қатты қимылмен қолын түзулей отырып, екі қолмен кеуде тұсынан доп лақтыруға жаттықтыру.

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: еденге қойылған жалпақ шығыршық үстімен жүруді; аяқпен алма-кезек секіруді.

Түсінеді: жаттығулардың маңызы

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]