Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

50технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Әжейге қонаққа барамыз.

Мақсаты: еденнен екпінмен серпіле екі аяқпен зат үстінен секіруге үйрету. Допты қос қолмен бастан асыра жіп арқылы лақтыруды үйрету. Тепе-теңдік сақтап, еденнен 20 см көтерілген сатының таяқшаларынан аттап жүруді бекіту. Қолдың басын айналдыра, қол бұлғап, бытырап жүруді. Бір-біріне соқтығыспай, тепе-теңдік сақтап, екпінмен серпілі заттың үстінен секіріп, сәл бүгілген аяқпен жұмсақ жерге қонуға; басты түсірмей, музыка ырғағына сәйкес би қимылдарын бірқалыпты, жұбымен келісе орындауға жаттықтыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: жаңбыр, шаршық макет, әр балаға екі түсті резенке, бір орамал; сыйлықа бір үлкен орамал, биіктігі 10 см заттар.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Әжейге қонаққа барамыз».

-Әжемізге баратын жол ирелең жол. Шағын топпен жай жүру, заттарды айнала ирелең жолмен жүру. Қол бұлғап шеңбер бойы және бытырап жүгіру. «Жаңбыр жауып кетті. Аяғымызды сулап алмау үшін аяқты жоғары көретіп, шалшықтардан секіріп өту керек. Асығайық, асығайық, жаңбырдан қашып құтылайық» - жүгіру, қолдың басын айналдыра қол бұлғап, бытырап жүгіру. Сапқа тұру, көрнекті бағыт бойынша түзелу.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. «Қара». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Орамалды қолды(қызыл, сары резенке) шетке созу арқылы жоғары көтеру, оған қарау; бастапқы қалыпқа оралу. Орамалды келесі қолға ауыстырып, осы қимылды қайталау; бастапқы қалыпқа оралу.

2. «Отырамыз тұрамыз». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Отырып,

орамалды еденге салу, « еденге салдық» деу, бастапқы қалыпқа оралу.; отырып , орамалды еденнен алу, « еденнен алдық» деу, бастапқы қалыпқа оралу.

3. «Түсіріп алма» . Б.қ.: қолды жанына қойып тіреле, орамалды тізеге қойып, еденге отыру. Аяқты бүгу және жазу. Басты төмен түсірмей, тік ұстау. Еркін тыныс алу.

4. «Жаңбырдан тығыламыз». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. «Жаңбыржауды»- орамалды жоғары көтеріп, басқа жабу; қолды артқа апарып ұстау. Бастан орамалды алып, қолды төмен түсітіп, «жаңбыр жоқ» деу.

5. «Биге шақыру».

-Әжемізге орамал сыйлап, оны биге шақырайық. Б.қ.. Бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жеңіл иіліп, биге шақыру. Қосарланып, еркін би қимылдарын орындау.

6. Тыныс алу жаттығу«Орамалға үрлейік»

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Екі аяқпен зат үстінен секіру (биіктігі 10 см).

-Диаметрі 15 см допты қос қолмен бастан асыра жіп арқылы лақтыру.

Қимылды ойын: « Шалшық арқылы».

4-5 рет.

5-6 рет.

4-5рет.

5-6 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

Қатты қимылмен қолын түзулей отырып, екі қолмен кеуде тұсынан доп лақтыруға жаттықтыру.

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: екі аяқпен зат үстінен секіруді (биіктігі 10 см ); диаметрі 15 см допты қос қолмен бастан асыра жіп арқылы лақтыруды.

Түсінеді: жаттығулардың маңызы

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]