Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Технологиялық карта 8

Екінші сәбилер тобы:3

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Тауық пен балапандар».

Мақсаты: бір-біріне допты домалатуды үйрету. Допты домалату кезінде қолдың қозғау күшін, қимыл үйлесімділігін, ұсақ сезім мүшелерін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ұсақ резеңке шарлар, ұзын жіп, доптар.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: сап-тізбекте бірінің соңынан бірі дағдылы, аяқты тырпылдатпай басып жүру. Бірінің соңынан бірі жүру, жүгіру. «Тауық пен балапандар» қимылын бейнелей жүру: балапандар жүр; балапандар жүгіріп жүр; балапандар су ішеді; балапандар қанат қағады.

Бір – бірден сап-тізбекке тұру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Жалпы даму жаттығулар:

1.Өздігінен уқалау: алақан арасында ұсақ резеңке шарды домалату.

2. «Допты жоғары». Б.қ.: еденде отырып,аяқ пен қол еркін қалыпта, доп қолда. 1-доппен қолды жоғары көтеру: «жоғары» деу, допқа қарау: «төмен» деу, доппен қолды төмен түсіру.

3. «Допты алға». Б.қ.: еденде отырып, аяқ алшақ,доп қолда. 1-доппен қолды алға созу: «алға»деу; 2- алға еңкейіп, допты аяқтың жанына қою; 3- бастапқы қалыпқа оралу. 1-қолды алға созу; 2-еңкейіп допты алу; 3-бастапқы қалыпқа оралу.

4. «Серіппелер». Б.қ.: түзу тұру, доп еденде,қол белде ,серіппелі қимыл жасау.

5. «Сипайық». Б.қ.: түзу тұру,доп еденде. Жартылай отыра, допты сипау:

«домалақ тегіс» деу, тұрып түзелу.

4-5 рет қайталайды.

4-5рет қайталайды.

4-5 рет қайталайды.

4-5 рет қайталайды.

Ұйымдастыру кезеңі

6. «Допты айнала». Б.қ.: түзу тұру,доп еденде. Допты айнала секіру

Тыныс алу:

«Кішкентай шарды үрлейді» (ұсақ резеңке шарларды тегіс жазықтыққа орналастыру).

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

1.ұзындыққа секіру (ені 25см, ұзындығы 2,5м);

2.Бір-біріне доп домалату. (тізерлеп отыру, арақашықтығы 2м).

«Түлкі мен қояндар»ойыны:

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

30 секунд

2-3 рет

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды бөлім.

«Не естіледі?» қимыл-қозғалысы аз ойыны.

Түрлі жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспадан қандай жануардың дауысы екенін анықтайды.

Мысалы: «шиқ-шиқ» деген тышқан, «қарқ-қарқ» деген қарға ғой.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бір-бірден допты домалатуды.

Түсінеді: допты домалату кезінде қолдың қозғалу күшін, қимыл үйлесімділігін,ұсақ сезім мүшелерінің дамитындығын.

Қолданады: педагогтің тапсырмасын тыңдау, орындау, белгі бойынша тоқтау дағдыларын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]