Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

46технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Марғаулар.

Мақсаты: гимнастикалық орындықтан асып түсуді үйрету. Тереңдікке секіру- аяқты сәл бүгіп, табанды толық жазып, жерге қону тәсілін бекіту. Дене түзілісін бақылау. Музыка ырғағына сәйкес ырғақты қимыл (алақан шапалақтау, қолдың басын ию, бұрау, аяқты тарсылдату, орында тұрып айналу) жасау; музыканың басталуына және аяқталуына назар қойып, көңіл бөлу, бір-біріне соқтығыспай жүгіру, белгіге көңіл аудару дағдыларын жетілдіру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: ойыншықтар,мысық(бетперде), екі күшік, биіктігі 20 см заттар, гимнастикалық орындық.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

Түкті тоны шұп-шұбар,

Өзі жап-жас ,мұрты бар.

Ет пен сұтке өте құмар.

Бұл не?

«Марғаулар». Жайлап адымдайды; «кішкентай марғаулар»- (жүмсақ жүру),арқылы күжірейте жүру; белгі бойынша сәл отыру, тұрып жүруді жалғастыру; аяқтын ұшымен заттарды аттай жүру. Қосарланып белгі бойынша бағытты өзгерте жүгіру. Көрнекі бағыт бойынша қатардан шеңбер құрып тұру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Мысықтың баласы- марғау.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. «Табандарыңды көрсетіңдер». Б.қ.: н.қ., қол төмен. О: алақанды жоғары қаратып, қолды алға созып «міне, табандарымыз» деу, қолды артқа апарып: «табанды тығып қойдық» деу.

2. «Аяқтар». Б.қ.: н.қ., қол белде. «Мысықтар, аяқтарыңды көрсетіңдер» - тізеден бүгілген оң, сол аяқты кезек көтеру,

жайлап түсіру.

3. «Марғаулар ұйықтап жатыр»

Еденде еркін қалыпта жату: пыр-пыр, пыр-пыр, пыр-пыр; бір-біріне арқаларын тигізіп, аунайды. Оянғылары келмейді: пыр-пыр, пыр-пыр, пыр-пыр; түстерінде: пыр-пыр, пыр-пыр, пыр-пыр

4. «Марғаулар ойнайды (тентек)» Барлық мысықтар арқаларына жатты пырылдап: мияу-мияу, мияу-мияу; бір-бірлерінің арқаларына сүйкеніп: мияу-мияу, мияу-мияу.

Табандарын тарбитып(табандарын жоғары, төмен тарбитып, аяқ, қолдарын айналдыру), тентек бола бастады.

Барлығы ойнап, пырылдап: мияу-мияу, мияу-мияу! – дейді.

5. «Бәріміз бірге тату-тәтті ойнаймыз». Екі күшік тағайындалады. Екі күшік қатты үреді «Әуп! Әуп! Әуп!». Мысықтарды үйге жібермейді. Мысықтарды ұстап алуға тырысады.

Барлығымыз дос болайық!

Барлығымыз бірге тәту-тәтті ойнайық.

Құйрығымызды бұлғандатамыз(денені қозғалту),

Әуп! Әуп! Мияу! Әуп!Мияу!Әуп! Мияу! Мияу! Мияу!

Құйрығымызды бұлғаңдатамыз(денені қозғалту).

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Допты бастап асыра екі қолмен алға, жоғары(алысқа) лақтыру.

-Гимнастикалық орындықтан асып түсу.

Қимылды ойын: « Тауық пен балапандар».

5-6 рет.

5-6 рет.

4-5 рет.

4-5 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Тиінге бүршік, жаңғақ, саңырауқұлақ бер».Ойыны

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: допты бастан асыра екі қолмен алға, жоғары(алысқа) лақтыруды; гимнастикалық орындықтан асып түсуді.

Түсінеді: жаттығулардың маңызы

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]