Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

35технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Шыршалық көңілді шаттық шеңбер.

Мақсаты: бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіруге үйрету. Денені түзу ұстап, тепе-теңдік сақтау қабілеттерін жетілдіру. Жағымды көңіл күй, өзіндік қимыл белсенділігін қалыптастыру. Аяқ пен табан бұлшықеттерін нығайту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: шырша, қимылды ойындар атрибуттары.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Шыршалық көңілді шаттық шеңбер». Бір-бірден сап-тізбекте жүру; шеңбер жасап тұру. Музыканың басталуына, аяқталуына көңіл қойып, назар аударуларын; бір-бірден сап- тізбекте жүріп, үйлесімді ырғақты қимыл жасау, аяқтың ұшымен бір-біріне қарама –қарсы жүру, жүгіру; 2 шеңбер жасап, шыршалық көңілді шаттық шеңберінде қол ұстасып, еркін би қимылдарын орындай жүру. Сап-тізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тоқтап, тапсырмаларды орындай жүгіру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1.«Шырша қасындағы көңілді шаттық шеңбер». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қолды шетке, жоғары көтеру. О: еденнен аяқты ажыратпай, жан-жаққа жеңіл шайқалу; қолды , қолдың басын сермеу: белгі бойынша қолды кеуде тұсында айқастыру, қолды төмен түсіру.

2. «Біздің шырша айналады». (қолды айналдыру).

3. «Біздің шырша биік». (аяқтың ұшына көтерілу)

4. Әкемнен де, анамнан да биік(жартылай отыру, аяқтың ұшына көтерілу).

5. «Төбеге дейін жетеді». (қолды оғары көтеріп созылу)

6.Эһ,эһ,эһ! Біз көңілді билейміз.

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

(Музыка ырғағына сәйкес еркін, түрлі би қимылдарын орындау).

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Бір орында тұрып, аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұру.

- Бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіру.

Қимылды ойын: « Жоғары лақтыр».

4-5 рет.

4-5 рет.

4-5 рет.

4-5 рет.

4-5 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Затыңды сақта».Ойыны

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: бір орында тұрып аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұруды; бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіруді.

Түсінеді: жаттығулардың маңызы

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]