Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

32технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Аязатаға қонаққа барамыз.

Мақсаты: еденде жатқан жалпақ шығыршыққа екі аяқпен екпінмен серпіле секіріп, аяқтың ұшына тұруды. Педагогтің лақтырған добын қағып алу және кері лақтыру және допты саусақтарды еркін ұстап, алақанмен қағып алуды үйрету. Алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіруді бекіту. Кеңістікті бағдарлау. Питрушканың қимыл ерекшеліктерін(жеңіл секіру, айналу, көңіл күй) бере білу, әуенге сәйкес қимыл жасай білу. Сап-тізбекте өз жұбын есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: Аязата, Күлдіргіштің костюмі, әр балаға Күлдіргіштің бас киімі, 2 сылдырмақ, доптар, жалпақ шығыршықтар.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Аязатаға қонаққа барамыз». Бірінің соңынан бірі қалмай, алдында келе жатқан балаларды озбай жүру. Сап-тізбекте қосарланып, тізені жоғары көтере және қолды сермей жүру. Шыршаның айналасында шеңбер құрып, қол ұстасып жүру. (Аязата шырша жанында, шеңбер ортасында), белгі бойынша бағытты өзгерте жүру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. Өздігінен уқалау: (алақанды ысқылап, алақанды ашып, су алуды бейнелеу).

Біз аяздан қорықпаймыз,

Біз суық судан қорықпаймыз.

Тап-таза болып жуынамыз(бетті жайлап ысқылау ),

Жиі-жиі жуынамыз.

Аязатаны көріп,күлімсіреп,(күлімсірейміз )

Құшақ жая қарсы аламыз (құшақ жаю)!

2. «Еңкею». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қол төменде. Басты оңға, солға еңкейту. (сылдырмақтың сылдырына сәйкес); бастапқы қалыпқа оралу.

3. «Сылдырмақтың сылдыры». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол санда. «Міне, сылдырмақтар сылдырлайды». Қолды жоғары көтеріп,сылдырмақтарды сілкіп, сылдырмақтарға қарау; бастапқы қалыпқа оралу.

4. «Шетке». Еденге отыру, қол мен аяқты алшақ шетке созып, сылдырмақтарды сылдырлату, бастапқы қалыпқа оралу.

5. «Күлдіргіштер биі». (таныс, жеңіл би қимылдарын орындау).

6.Тыныс алу жаттығуы:

Біз жоғары үрлейміз с-с-с (аяқтың ұшына көтерілу)

Біз төмен үрлейміз с-с-с (жартылай отыру)

Біз жақын үрлейміз с-с-с (қолды ауызға жақындату)

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіру(арақашықтығы 10 см).

-Еденде жатқан жалпақ шығыршыққа секіру.

Қимылды ойын: « Сылдырмаққа шығыршық арқылы».

4-5 рет.

4-5 рет.

4-5 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Сары шымшықты тауып алайық».Ойыны

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: алаңның бір шетінен екінші шетіне жүгіруді; еденде жатқан жалпақ шығыршықтан секіруді.

Түсінеді: жаттығулардың маңызы

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]