Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

38технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Цирктегі жануарлар.

Мақсаты: ұзындыққа бір орында тұрып, аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіруге үйрету. Шектелген алаңмен тепе-теңдік сақтай жүруді бекіту. Сап-тізбекке бойына қарай тұру. Дене түзілісінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Аяқ бұлшықеттерін дамыту, музыка ырғағына сәйкес табиғи, еркін қимыл жасауға таплпындыру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: ойыншық жануарлар ( немесе бетперде): түлкі,қонжық, қасқыр, бауырсақ, мысық; 2 ұзын жіп..

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Цирктегі жануарлар». Біз цирктегі қандай жануарларды білеміз? Жануарлардың жүрісін бейнелеу.

Біз аяқтың ұшымен жүреміз,

Содан соң өкшемен жүреміз.

Түлкіше жайлап жүреміз,

Маймақ аю сияқты.

Сұр қоян секіріп, бірақ жылап келеді.

Сұр қасқыр сияқты,

Енді мысық сияқты жүреміз.

Зал бойы түрлі бағытта, ырғаққа сәйкес жеңіл жүгіру. Сап-тізбекке бойына қарай тұру

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1. Өздігінен уқалау.

Сұр қоян құлағын қысып отыр, қысып отыр(алақанмен басу), сұр қоян ақырын құлағын ысқылап отыр.

2. «шапалақ». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қол төмен. Қолды шетке созып,жоғары көтеіп,қол шапалақтау. Қолды шетке созып, төмен түсіру, дем шығару: у-у-х.

3. «Бауырсақ». Б.қ.:етпетінен жату, кезек-кезек бір жаққа, келесі жаққа аунау. Әр жаққа 3 реттен.

4. «Тізе қайда». Б.қ.: еденде отыру,қол төменде. Оң(сол) аяқты өзіне қарай тартып, тізені қолмен қапсыра ұстап, тізеге басты салу: «Тізе қайда?». Аяқты жазып түзеу, «Тізе міне» деу.

5. «Пыр-пыр». Б.қ.,: аяқ бірге,қырынан жату, қол бетінің астында. Тізені бүгу, аяқты қарынға қарай тарту: «Марғау ұйықтап жатыр». «Марғау оянды» -қолмен еркін қозғалыс жасау, демді ішке тарту: «пыр-пыр-пыр»,-деп дем шығару, бастапқы қалыпқа оралу.

6. «Аңдар биі» музыка ырғағына сәйкес қол шапалақтау, аяқты тарсылдату, өзіндік қимылдарын орындау. Өзіндік қимылдарын орындауға жетелеу,мүмкіндік жасау.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Ирелең жолмен жүру (ені 25 см, ұзындығы 2,5 м);

-ұзындыққа бір орында тұрып секіру (арақашықтығы 40 см).

Қимылды ойын: « Бермеймін».

4-5 рет.

5 рет.

4-5 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай

орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Затыңды сақта». Ойыны

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады: ұзындыққа бір орында тұрып, аяқпен неғұрлым күшті серпіле секіру.

Түсінеді: секіру кезінде қолдарын екпінді қимылмен жаза білу керектігін.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]