Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

24технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Тиінге қонаққа барамыз.

Мақсаты: жай жүру, аяқтың ұшымен жүру, жүгіру; жүгіру; бытырап,бір –біріне соқтығыспай, заттарды айнала жүру. Басты дұрыс ұстап, табанға толық басып жүру. Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру, текшенің үстінде тепе-теңдік сақтап тұру. («тиін бұтаққа секіреді» -текше, орындық үстіне шығып, шектеулі алаңда тепе-теңдікті сақтау). Заттардың арасынан «ирелеңдеп» жүру. Екі аяқпен бір мезгілде серпіле қос аяқпен алға жылжи секіру және жерге жеңіл , аяқтың ұшымен қонуға үйрету. Қимылды белгілі тәсілмен, белгіленген бағытта нұсқау бойынша бастап,орындап, аяқтауға тәрбиелеу. Музықаға деген әсерленушілік сезімін бекіту. Дене бітімінің дұрыс дамуын қадағалау.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:ойыншық тиін, бүршіктер салынған себет, әр балаға 2 түсті саңырауқұлақ, текше, жіп немесе гимнастикалақ таяқ.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

Тиінде қонақта. Жай жүру, аяқтың үшімен жүру,жүгіру. Бытырап, бір-біріне соқтығыспай,заттардың арасымен, заттарды Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады..

айнала жүру. Түзу жолмен жүгіру. Шеңбер құрып тұру.

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1.Өздігінен уқалау – саусақтардың кездесуі

2. «Қара». Б.қ.: н.қ. қолды шетке созу арқылы жоғары көтеру –саңырауқұлақтарға қарау (басты тым артқа шалқайтпау), қолды шетке созу арқылы төмен түсіру

3. «Әткеншек». Б.қ.: н.қ,, тізені сәл бұгіп,секіріп, саңырауқұлақтармен қолды артқа – алға сермеу (бәсең –шапшаң).

-Ең жақсы әткеншек, әткеншек пе?

Балалар: Иә,иә,иә.

Тиін бұтақтар тербеле ме?

-Иә,иә,иә.

Кім тербелсе, сол ренжімейді (қамықпайды)

-Иә,иә,иә.

4. «Бұрылып қара». Б.қ.: қолды шетке созып, етпетінен жату. Басты оңға бұру –қызыл саңырауқұлаққа қара. Басты солға бұру – ақ саңырауқұлаққа қара.

5. «Саңырауқұлақтарди жинауға көмектес».

Тиін келе жатты,келе жатты,

Ақ саңырауқұлақ тапты.

Бір саңырауқұлақ, екі саңырауқұлақ, үш саңырауқұлақ.

Тез себетке түс.( саңырауқұлақтарды шашып тастау, асықпай, себетке жинау)

6.»Саңырауқұлақтардың айналасында» Саңырауқұлақтардың айналасында жүгілу.

« Біз тиінмен доспыз» биі

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Қос аяқтап алға жылжи секіру(тиінге дейін арақашықтығы 3 м)

- Қойылған заттардың арасымен «ирелеңдеп» еңбектеу.

Қимылды ойын: « Шеңбердегі доп»

4-6 рет.

4-6 рет.

4-5 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Кім тыныш өтеді?». Ойыны

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады:Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіруді, текшенің үстінде тепе- теңдік сақтап тұруды,заттардың арасынан «ирелеңдеп» жүруді.

Түсінеді: берілген белгіге көңіл аударып, қимыл –қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]