Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

19технологиялық картасы

(2 Сәбилер тобы)

Апта күні _______________________________________

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Қонжықтар.

Мақсаты: еңбектеу кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуге; көтеріңкі (зат үстінде) тіреуде статикалық тепе-теңдікті сақтауға; заттарды сол және оң жағынан айналып өтуін бекіту. Берілген белгіге көңіл аудару, қимыл-қозғалысты белгі бойынша орындау қабілеттерін жетілдіру.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:ойыншық, қонжық, кішкене бөшке «бавлымен», әр балаға 2 жалауша, заттар (ойыншықтар), орындықтар.

Оқу қызметінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация- қозғаушы

Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:

«Қонжықтар». Бір-бірден сап тізбекке,зал бойымен бытырап жүру. Аюдың,қонжықтың жүрісін бейнелей жүру. Жеңіл жүгіріс. Бір-бірден сап тізбекке тұру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады..

Іздену- ұйымдастыру

Жалпы дамыту жаттығулары

1.Өздігінен уқалау: «Қыста қалай?».

2. «Жалаушамен тарсылдат». Б.қ.:жалаушамен қолды алға созу,жалаушамен тарсылдату,қолды төмен түсіру.

3. «Жалаушаға қара». Б.қ.: түзу тұру, қол төменде. Қолды жоғару көтеру, жалаушаға қарау: «жоғары»деу; қолды шетке созу арқылы төмен түсіру: «төмен» деу.

4. «Еденге». Б.қ.: түзу тұру, қол төмен. Сәл отырып, жалаушаның сабымен еденді тарсылдату, тік түзу тұрып түзелу.

5. «Аю келді».

Аю келді қорбандап,

Сай,жырадан домалап (домалату)

Шоқ бұтаны шулатып,

Екі аяғымен секіріп,

Қорбан-қорбан етіп,

Аю келе жатыр.

(Балалар домалайды, еңбектеп жүреді).

-Қорбаңдай қонжық нені жақсы көреді?

-Балды.

-Олай болса, біздің қорбаңбай қонжыққа «бал» салынған бөшкемізді сыйға тартайық.

« Көжектер демалып жатыр» тыныс алу жаттығуы.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Тоқтап және тапсырманы орындай жүгіру (орындық үстінде тепе-теңдік сақтап тұру);

-Қойылған заттардың арасымен « ирелеңдеп» еңбектеу (қойылға заттардың ені 50 см) , 1,5 м қашықтық.

Қимылды ойын: « Үш аю»

4-5 рет.

4-5 рет.

4-5 рет.

4 рет.

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексивті -түзету

Қорытынды бөлім.

«Тиінге бүршік, жаңғақ, саңырауқұлақ бер». ойыны

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындады:алақан мен тізеге тіреле, тура бағытта еңбектеуді.

Түсінеді: берілген белгіге көңіл аударып, қимыл –қозғалысты белгі бойынша орындау керектігін.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]