Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 КИШ ДЕНСАУЛЫК ТЕХ КАР-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.49 Кб
Скачать

Технологиялық карта 14

Екінші сәбилер тобы:

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Тышқандар».

Мақсаты: тура бағытта төрттағандап еңбектеуге үйрету. Сап-тізбекке бір-бірден тұру; тоқтап және тапсырманы орындай жүру; музыкаға сәйкес қимыл жасауға жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сылдырлайтын, дыбыс шығаратын резеңке ойыншықтар, тышқандар мен мысықтың бетпердесі.

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: Сап – тізбекке тұру, тоқтап және тапсырманы орындай жүру; қолды жоғары көтеріп, қол мен денені байсалды оңға еңкейту. «Тышқандар қалай жүреді?»- жеңіл жайлап жүру. Қолды төмен түсіріп, жоғары көтеріп, денені байсалды төмен еңкейту; Тыныш, тыныш, тышқандар, шатырда мысық отыр. Желпімеңдер, сыбдырлатпаңдар. (Басты шайқап, сол қолды кеуде тұсында ұстап, «тыныштық» дегенді ыммен көрсету.

«Шу да шу» -қолды байсалды (жайлап) төмен түсіру, жоғары көтеріп, денені байсалды төмен еңкейту. «Түн таяп қалды»м – алақанды ауызға апарып (дем алу)

Қолды жайлап алға созып дем шығару. «Түн» дегенде қолдарын жақтарының астарына салып, жүрелеп отыру. «Түн бітті, таң атты» дегенде бытырап жүгіру. Бір –бірден сап тізбекке тұру.

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Жалпы даму жаттығулар:

1. «Біздің қолдарымыз қайда?». Б.қ;н.қ. Біздің қолдарымыз қайда? (қолдарын артқа тығады).

Біздің қолдарымыз жоқ.

Міне, міне, біздің қолдарымыз (қолдарын алға созып, қолдың басымен жұмыс жасау)

Біздің қолдарымыз, міне, алақандарымыз.

Біздің қолдарымыз билейді, билейді,

Шаршағанды білмейді.

4-5 рет қайталайды.

6 рет қайталайды.

Ұйымдастыру кезеңі

2. «Шарт- шұрт». Б.қ.: аяқ алшақ, қол белде. Алға еңкейіп, аяқтың арасында алақан шапалақтап «шарт-шұрт» деу, тік тұрып түзелу, қолды жоғары көтеріп, қолға қарау. Аяқты бүкпеуге әдеттендіру (жаттықтыру)

3. «Жоғары көтеріл». Б.қ.: өкшемен отыру, қол белде. Тізеге тұрып, жоғары созылып: «Жоғары-жоғары» деу, бастапқы қалыпқа оралу, «отырдық» деу.

4. « Қысқа және ұзын». Б.қ.: аяқты бүгіп, шалқадан жату, аяқтарды бүгіп «қысқа» деу; аяқтарды созып: «аяқтар ұзын» деу.

5. «Кішкентай тышқандар». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол артта. Қолды шетке созу, алға еңкею. Қолға сүйеніп: «пи-пи-пи» деу. Бастапқы қалыпқа оралу.

6. «Тышқан». Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен (қол еркін қалыпта). 8-10 рет секіру (жеңіл, жайлап) және 8-10 адым жасау (ақырын –ақырын, аяқтың ұшымен; табанға толық басып жүру).

Тыныс алу:

«Тышқандар демалып жатыр» (жатып дем алу- дем шығару).

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

1.Қос аяқпен секіру (аяқтары бірге-аяқтары алшақ).

2. Тура бағытта төрттағандап еңбектеу( 6 м арақашықтықта).

«Сақина салу»ойыны:

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

5 рет қайталайды.

5 рет қайталайды.

5 рет қайталау

4-5 рет қайталайды.

3-4 рет

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

Ойынға жаппай қатысады.

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытынды бөлім.

Педагогтіңм қалауымен бір қимыл-қозғалыс аз ойын ойнатылады.

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: тура бағытта еңбектеуді, бір-бірден сап-тізбекке.

Түсінеді:,бір-бірден сап- тізбекке қалай тұру керектігін.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]