20 Билет
1.Парсы кенесіне қарсы ветеринариялық шаралар Парсы кенелеріне қарсы кешенді шараларды жүргізу-оларды күс қораларында толық жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін құсты уақытша лагерлерге көшіріп, құс қорасьга және оның маңындағы ағаштарды, қуыстарды мұқият зерттеу қажет. Құс қорасындағы аралық қабырғаларды және т.б. тетіктерді сыртқа шығарып ыстық сумен жуып кептіру керек. Қабырғадағы саңылаулардың сылағын түсіріп, жарыққа ыстық соляр майын немесе бояу жағады. Қора ішін дәрілеу үшін 1% неоцидол, дикрезил немесе карбофос, 1% циодрин, 4-5% натрий фенолят эмульсиясы әр 1 м2 көлемге 100-200 мл. мөлшерде шашады. Бұл дәрілерді бүрку үшін ДУК, ВДМ, ЛСД қондырғылары және гидропульттер қолданылады. Құс қораларын 3-5 күннен кейін қайта екінші рет және керек жағдайда үшінші рет дәрілейді. ТАН аэрозоль қондырғысы көмегімен бағытталған аэрозоль тұманын жасау үшін 3% карбофос ерітіндісі және 0,5% ДДВФ қолданылады. Қүс қоралары мен қүс фабрикаларын елді мекендерден алыс орналастырады. Оларды бақ немесе ағаш ішіне салмайды, себебі жаз уақытында парсы кенелері ағаш қабығы астына жөне ондағы құс ұяларына тығылып жатады. Қора кенелерін жою үшін 1% дилор суспензиясы, анаметрин Н дәрісінің 0,25% эмульсиясы, неоцидолдың (диазинонның) 0,05% эмульсиясы қолданьшады. Бұл дәрілерді 200-400 мл м2 мөлшерде қораға шашады. Күзде қойды қораға қамарда оларды қайталап дәрілеу шарт. Малға жабысқан кенелерді жою үшін өсері ұзартылған фосфорорганикалық дөрілер қолданылады. Ол ушін 0,025 г/кг мөлшер- де қолданылған сульфидофос - 20 және 0,040 г/кг мөлшердегі диоксофос жақсы нәтиже береді. Салмағы 40 кг қойға омыртқа жотасы тұсынан өлшегіш аспаппен 5 мл. сульфидофос немесе 10 мл диоксофос тамызады.
2.Құмытылар, жіктемесі, морфологиясы мен биологиясы Құмытылар - ең ұсақ қосқанатты қансорғыштар (гематофагтар). Олар жануарларға мыңдап шабуыл жасайды. Сондай-ақ, індетті және инвазиялық аурулар қоздырғьшггарын механикалық, биологиялық әдістермен тасымалдайды. Орысша «мокрец» деген аты бұл жәндіктердің ылғалды жерлерге бейім екендігін көрсетеді. Бұл жәндіктер Dірtега тегіне, Nетаtосега тек тармағына, Сегаtороgопidае тұқымдасына жатады. Құмытылардың 350 түрінен біздің елімізде 50 түрі кездеседі. Олар Сиlісоіdеs, Lерtосопорs және Lаsіосһеllа туыстары боп жіктеледі. Ветеринариялық маңызы бар түрлері: СиІісоidеs риlісагіs, С. пиbесиlоsus, Lерtосопорs bогеаlіs және т.б. Морфологиялық кұрылысы. Шіркейлерге қарағанда құмыттылардың денесі сымбатты көрінеді. Тұмсығы жіңішке және ұзындау, аяқтары да ұзынша келген. Дене тұрқы 0,8-3 мм. Мұртшалары 13-15 буылтықтан құралған, тұмсығы тікен-сорғыш тұрлі, қан соруға бейімделген. Кеудесі шығыңқы, қанаттары жалпақ, көншілік түрлерінің қанаттарында дақтары бар. Құмытының жайшылықта қанаттары құрсақ ұстінде жиъшып жатады. Құрсақ бөлімі жұмыртқа тәрізді, 10 буылтықтан құралған. Өсіп, өнуі. Үрықтанып қан сорған соң, аналықтары ылғалды жерге және саяз суларға бір ретте 40-120 жұмыртқа салады. Бір маусымда 350-дей жұмыртқа шығарады. 2-5 тәуліктен соң жұмыртқалардан ұршық тәрізді балаң құрттар пайда болады. Олардың дене тұрқы 0,5 мм, бас жағы қоңыр, ал қалған буылтықтары ақ түсті. Балаң құрттар 3 рет түлеген соң, 25-30 тәуліктен кейін қуыршаққа айналады. Қуыршықтан 3-5 тәулік ішінде қанаттанған құмытылар дамып шығады. Жануарлардың қанын тек қана аналығы сорады, салмағы бірнеше есе артып, құрсақ бөлімі созылып, қып-қызыл болып тұрды. Бір жылда құмытылар 2-5 ұрпақ береді. Құмытылар жануарларға ашық аспан астында да, қора ішінде де, күні-түні бірдей шабуыл жасайды. Әсіресе жауын-шашын алдында, күн шығарда және кұн батар да, тынық жене жылылық 13°-тан жоғары күндері олар қаптап шығады.
3.Жануарларды қан сорғыш жәндіктерден қорғаудың биологиялық әдістері Қансорғыштардың табиғаттағы санын биологиялық реттеуші тұрғысында Mermitidae тұқымдасына жататын гельминттердің болашығы мол. олардың әлемде 700 астам түрі белгілі. суда еркін мір сүретін бұл жұмыр құрттардың личинкалары өсіп өуіне қансорғыштардың балаң құрттарында не ересегінде аяқтайды. Оңтүстік шығыс қазақстан сона личинкаларының 7,7 ден 80 пайыз мрмитоза шалдығады.Масаның 60 түрінде мермитоз экстенсивтігі (75-95) пайызға жеткен. шіркей личинкаларының 37-63 пайызынан 100пайызға дейін мермитозға шалдығады. Биологиялық күрес әдістері сол сияқты өртүрлі насе- ком жыртқыштарын өсіріп, оларды табиғи биотоптарға енгізіп, қансорғыштарды қүрту мәселелерін қарастырады. Бүлардың ішінде гидробионттық буынаяқтылардың бола- шағы мол, әсіресе кәдімгі су бүргесі (Иоіопесіа ^іаиса), су шаяны (№ра сіпегеа), су қоңыздары (Оуіівсісіае), ранатра (Яапаіга Ііпеагіз). Олар барлық табиғи аймақтарда кездеседі және обырлығы ерекше, төулігіне 15 тен 50 дейін маса личинкаларын жояды.Аэробионтты буынаяқтылардың ішінде белсенді жырт- қыш насеком инеліктер (Оёопаіа отр.) Олар тәулігіне 7-8 сона және 70 тақау масаны жояды.Қансорғыштардың табиғатта санын реттеуде, таяз суда тіршілік ететін үсақ балықтар түрлерінің маңызы өте зор. Олар өзен, көлдердің, жайлым сулардың ашық таяздау жерлерінде өсіп-өніп маса, құмыты, шіркей личинкалары- мен қоректенеді. Олардың 10 нан астам түрлері (амур шабағы- Рseudorasbога рагvа; жалган тас балық — Рseudogobia rivularis, апплохелиустар т.б.) өте нәтижелі ларвифагтар, Аedes саspius және Ае.flavescens личинкаларының 153 тен 604-ке дейінгісін қүртады.Табиғатта қансорғыштардың биологиялық реттеушілерін пайдаланудың өзіндік қиыншылықтары бар, өйткені өзірге олардың биологиялық жөне экологиялық қасиеттері, тоғы- шар-иелік қатынас ерекшеліктері, қос қанатты қансорғыш- тармен олардың табиғи жануарлармен ауру қоздырушылары- ның экологиялық баптарының сәйкестігі толық анықталма- ған. Бүған қарамастан қос қанатты қансорғыштарға қарсы жүргізілетін күрес жүйесінде биологиялық өдістердің үлесі жылдан — жылға артуда.
