26 Билет
1.Гиппобоскоз, этиологиясы, ветеринариялық шаралары.Hippobosca equina— көбінесе оңтүстік аймақтарда кездесетін жәндік. Құрылысы. Ересек сатысы — қоңыр-сары түсті, түрқы 7-9 мм., сырты қалың хитинмен қапталған, екі үлкен қанаты бар. Көзі күрделі.Ауыз ағзалары жетілген, сорғыш-тескіш түрлі боп келеді. Үш жүп аяғы жақсы дамыған, талтақтанған, жақсы дамыған тырнақтары бар. Жыныс ағзалары анустың айналасында орналасқан.Даму айналымы. Hippobosca equina жәндіктің дамуы толық метаморфозды емес. Шағылысқан соң үрғашы бір-ақ қана ірі балаң күртты туады. Оны қораның қуыс жерлеріне саплды. Балаң 5-6 сағатта қуыршаққа айналады. Қуыршақтан 20-30 күнде имаго ұшып шығады. Бұл жәндіктер өте көп үшпайды. Көбінесе түгі аз, тері жұқалау жерлерде қан сорады.Індеттанулық деректер. Аталған жәндіктер оңтүстік аймақтарда өте жиі кездеседі.Анықтау әдістери Этиологиялық диагноз қойылады. Малдың денесінен жәндіктің имаго, яғни ересек сатысын көруге болады.Емі: Емге қолданатың инсектицидтер:1)0,04%-дық циодрин эмульсиясы;2)0,5%-дық хлорофос ерітіндісі.Бұл дәрілерді бүркіп-шашып екі рет емдейді, арасына 20-25 күн тастап қайталайды.
2.Эпидермоптоз. Эпидермоптоз-тауық терісінің қауырсын астында тіршілік ететін саркоптоформес отрядына жататын кенелер туғызатын ауру. Epidermoptes lilobatus –ұсақ кенелер 0,8-0,23мм. Аталықтары оданда кіші 0,3-0,13мм. Аяқтары жақсы жетілген, сорғыштары бар, ұсақ. Толық метоформаозбен дамиды. Жұмыртқа салады. Балаң кене протонимфа, теленимфа сатыларында болады. Ауру толық зерттелмеген.Қазақстанда жоқ. Айқын клиникалық белгілері жоқ. Еуропа, Америка елдерінде тараған. Кеуде, мойын терілерін зақымдайды. Жүні, қауырсыны түсіп, терісі қызарып, суланып тұрды. Анықтау:Диагностакасы зертханалық тексеру. Теріні эпидермисин кенеге зерттеу. Емдеу мәселесі толық зерттелмеген.
3.Қой псороптозы. Қой псороптозы - P.ovis. Дене тұрқы 0,8 мм.Олардың тұмсығы ұзын ,теріні тесіп малдың сөлін соруғы икемделген.Төрт жұп аяқтары ұзын, жақсы дамыған.Бірінші, екінші ,төртінші жұп аяқтарында ,ұзын және бунақтал,ған тірекшелерінің ұшында сорғыш жабысқақтары бар.Бірақ еркек кенелердің төртінші аяқтарында дамымаған.Жыныстық диморфизм жақсы дамыған.Еркек кенелердің арт жағында екі бүртігі бар.Олардың әрқайсысында 4тал қылшық бар,сондай ақ жыныс жабысқағы бар.Ұрғашы кенелердің арт жағы дөңгеленіп келген. Псороптозды анықтағанда оның сыртқы белгілеріне : қышыну, қасын, терідегі қабыну өзгерістеріне ,яғни қызару, ісіну, түйіршіктер және іріңді безеу де пайда болуы ,жүннің түсіп ,терінің қатпаршақтануы т.б. мәе беру керек. Сондай ақ эпизоотологиялық деректерді де есепке алу шарт.Қотырдың етек алып мал арасына таралатын мерзімі күзгі қысқы масым.Тек қана үй қояныныда ғана қотыр жыл бойы кездесе беруі мүмкін. Анықтау.Қотыр ауруларын нақты анықтау үшін микроскопиялық зерттеулер жүргізу керек.Зерттелетін зат- ауру малдан алынатын тері қырындысы.Ол үшін қандауырдың үшкір жағымен терінің сау және зақымданғае жерінің шекарксынан қырынды алынады.Қырындының көлемі 0,5-1 см3.-дай болуы керек.Қырынды ішінен қотыр кенелерін табудың бірнеше әдісі бар.1 ) Ауру малдан алынған қырындыны бактериологиялық тостағанға салып қақпағын жабады да ,қақпақ жағын төмен қаратып термостат ішіне немесе ыстық суға толы стакан үстіне қояды.5-10 минут өткен соң тостағаның қақпағын қырындыдан босатып алып микроскоп немесе күнтартқыш лупа арқылы зерттейді.2) Шыныдағы қырындыға бірнеше тамшы керосин тамызып ,үстін жапқыш шынымен жауып езгілейді де микроскоппен кенелерді іздестіреді.3) Шыныдағы қырындыны бірнеше тамшы 10% сілті ерітіндісімен жұмсартып , 10 минуттан соң қысқышпен аз аздан алып микроскоп арқылы зерттейді.Вет-сан шаралары.Қотырды болдырмас үшін ,қой малын жылына 2 рет акарицид дәрілерінің біреуімен жазғытұрым және күзде тоғыту қажет.Сондай ақ мезгіл-мезгіл мал басын дәрігелік байқаудан өткізіп отыру керек.Сырттан әкелінген малды 1 ай бойы оұшаулап бағып ,оған үнемі малдәрігерлік байқау жасайды.Қотыр мал бқлек бағылып емделеді.Мал ішінен қотыр шыққан шаруашылықтан бірде-бір бас малды басқа жаққа шығаруға болмайды. Қора жай ,құрал саймандарды химиялық , физикалық әдістермен мезгіл-мезгіл зарарсыздандырып отыру керек. Жайылымдар мен сууаттарды ,мал тұрған шарбақтарды биологиялық әдіспен зарарсыздандырады.Ол үшін қотыр шыққан жерді жазда 2,5 ай . ал қыста 5 апта пайдаланбайды.Яғни ол жерге мал ұстамайды. Қора жайларды қотыр кенелерден тазарту үшін креолиннің 3-5% ыстық эмульсиясын қолданады.Ал қотырдан өлген мал терісін 12% әк ерітіндісімен 6 сағаттай зазарсыздандырады.Сондай ақ қора мен аула ішін зарарсыздандыру үшін 5% сабынды карбол ыстық ерітіндісі, күкіртті карбол қоспасының 3% ерітіндісі , 3% лизолдың ыстық ерітіндісі қолданылады. Шет елдік дәрілерден қора жайды зарарсыздандыру үшін стомазон 1:210 ерітіндісі де бүрку арқылы қолданылады.Ерітіндіні жұмсау мөлшері 30-50 мл м2,яғни әрбір шаршы метрге 30-50 мл стомозон 1:200 ерітіндісі жұмсалады. Жануарларды сыртқа шығару тек қышымаға қарсы домдаудан кейін,мемлекеттік ветеринарлық инспектордың рұқсасымен іске асырылады.
