18 Билет.
1.Бүргелер, зияны, ветеринариялық шаралар.Бүргелер сүтқоректілер мен құс денесінде өмір сүретін, ұсақ қанатсыз қансорғыш жәндіктер.Зияндылығы.Бүргелер Siphonaptera тегіне жатады.Бүргелердің қансорғыштар ретінде, сондай ақ індет және инвазиялық аурулардың қансорғыштарын тасымалдаушысы ретінде зияндылығы мол.Бүрге шағуынан мал ауырсынады, қышынады, шаққан жері бөртеді.Тұяқтылар мен құс бүргелері ұзақ уақыт қан сорып, жануарларды бірқатар қансыратады.Бүргелермен зақымданған ит пен мысықта және шошқада дерматит дамиды, олар арықтайды, тауықтардың жұмыртқа салғыштығы 5-50% төмендейді, балапандарының өсіп, жетілуі баяулайды.Сондай ақ бүргелердің денесінде оба, бруцеллез, пастереллез, топалаң, псевдотуберкулез, листериоз, үй қояндарының миксоматозы, сіреспе және т.б. жануарлардың қауіпті ауруларының қоздырғыштары сақталып, оларды басқа жануарларға тасымалдайды.Ветеринариялық шаралар.Бүргелерге қарсы күрес шараларын ұйымдастырғанда, жәндіктердің таралып кетуі мен көбеюіне кедергі жасау және оларды мал қоралары мен жануарлар үстінде жою сияқты шаралар жүргізіледі.Ьүргелердің таралып кетуіне жол бермеу үшін, жаңадан келіп түскен малды тексеруден қткізіп, зақымдалған жануарларды инсектоцид препараттарымен дәрілеу қажет.Мал үстіндегі бүргелерді жою үшін 0,05% перметрин эмульсиясы және т.б ерітінділер қолданылады.Бұл дәрілерді тері үстіне бүркку әдісімен шашады.Осы препараттарды бүргесі бар қораларды дезинфекциялау үшін және бүргелердің өсіп, өнетін жерлерін зарарсыздандыру үшін де пайдалануға болады.
2.Варроатоз.Кенелер туғызатын ауру.Қазақстанда 1979 жылы бар екенін анықтаған.Қоздырғышы.Varroo Jocobson.Паразитоформды кенелеріне жатады.Ұрғашы кенелер 1-8 мм,еркектері 0,9 ммге жетеді.Араның арқасына, әсіресе басы мен кеудесі жабысқан жерге жабысады.Балапан құрттарғада жабысып, гемолимфасын сорады.Ұрғашы кенелер аралардың ұрғашыларына салады.Жұмыртқадан кененің дамуы 7-8 күн кетеді.Бұлар сыртқы ортада тіршілігін сақтай алмайды.Кенелер жайылымда, ара ұясында 40 күн тіршілігін сақтайды.Жаздың ортасында 10 есе көбейеді.Клиникалық белгілері.Денесі қыза көрінеді, ара тынышсызданады, 10 шақты көбейсе аралар өледі.Ұяны қараған кезде тесіп тастап, балаңқұрттар лимфасынан қоректенеді.Ісңресе аналық аралар өліп шыдамайды.Негізгі тарататын бірінші ұядан екінші ара ұясына бал құрайды.Анықтау.Кенені араның денеісне алып, ұлпамен қарайды.Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында бар.Бұл варратоздан зардап шегеді.Ветеринариялық санитариялық сараптау.Бірнеше әдістермени жояды, физикалық және химиялық әдістермен және биологиялық әдістермен. Биологиялық әдіс.Бұл ауру таралған шаруашылықтарда күзде барлық араларды жояды.Балапан балаңқұрттарын қалтыруы мүмін.Дезинфекциялық жұмыстарды жүргізеді.Химиялық әдіс.Арнайы химиялық дәрілерді қолданады.Қымыздық ерітіндісімен залалсыздандырады.Арнайы дәрілер «Вибор", "Варротин"деген аэрозольдер қолданылады және "Фенбекс"арнайы қағаз жағып өңдейді.Ветеринариялық санитариялық шаралар.Карантинге шектеу қояды.Арнайы әдістермен өңдейді.
3.Шошқа саркоптозы.Көбінесе созылмалы түрде өтеді.Негізгі белгісі тері қышиды, қатпарланады және қабыршақтанады.Эпизоотологиясы.Аурудың негізгі көзі ересек ауру шошқалар.Оларда ауру клиникалық белгісіз өтеді, сау малға кене кұтім жабдықтары мен тасымалдануы мүмкін.Ауру белгілері.Шошқада қышыма қотыры екі түрде кездеседі:құлақ қышымасы және дене қотыры.Құлақ қышыма қотыры көбінесе кәрі мегежіндермен қабандарда байқалады.Қотыр құлақтың айналасымен қалқаншасын зақымдайды.Қышыма қотырының бүкіл денеге жайылуы жас 3-6 айлық торайларда жиі байқалады.Тері алдымен қызарып қабынады, одан соң қышиды, күлдіреп, бөртеді.Тері тығыздалып, қалыңдап, қатпарланып, жарықшақтанады.Қылшықтары түсіп, қалың қабыршақтар пайда болады.Торайлардың құлақ қышымасында орталық жүйке жұмысы бұзылып, ауыр түрде өтеді.Шошқа қышыма қотыр кенелері адамға да қауіпті.Олар тіршілік циклын толық аяқтамасада, адам терісін бүлдіріп, қышыма қотырын туғызады.Ауруды анықтау.Клиникалық белгілері мен тері қырындысын тексеру арқылы анықталады.Емдеу және алдын алу шаралары.Қышыма қотырын емдеу нәтижелі болу үшін, алдымен шошқа денесінің зақымдалған терісінің сыртын қабыршақтан арылту қажет.Ол үшін зақымдалған жерді сабынды жылы сумен жуып, бір күннен кейін қабыршақтарды тазалап, жылы сумен шаяды.Тес осыдан соң акарицид дәрілерін пайдаланады.Синтетикалық пиретроидтардан шошқа саркоптозында 0,1-0,2%-дық стомазан эмульсиясымен бүркіп шылау жақсы нітиже береді.8-10 күн аралығында екі рет шошқаның 50 кг тірі салмағына 1мл мөлшерінде тері астына жіберген ивомек жақсы нәтиже береді.Қора мен жабдықтарды міндетті түрде дезакаризациялайды.Шаруашылыққа басқа жақтан әкелінген шошқалар карантинге қойылып, тексеріліп, алдын ала сақтандыру мақсаты мен акарицидтермен дәріленеді.
