19 Билет
1.Қандалалар, зияны, ветеринариялық шаралары үй қандаласы үйлерде, құс қораларымен қояндар фермаларында, лаб-қ жануарлар (тышқан,егеу құйрық, теңіз шоқасы) тұратын жерде ұялайды. Олардың Cemicidae тұқымдасына қарасты 2500 түрі белгілі. Құстарда cimexinodorus ж/е C.columbarius жиі кездеседі. Зияндылығы қандалалар бір қора жайдан екіншісіне торшалар, оттықтар, құрл сайман ж/е т.б жабдықтар арқылы, сондай-ақ күтушілердің арнайы киімдері арқылы да таралады. Қандалалар кейбір індет ж/е инвазиялық ауру қоздырғыштарын тасымалдайды. М/ы, кеміргіштер мен адамның туляреиясын, құс спирохетозын, егеуқұйрық сүзегін, тауық обасын сы қандлалар тасымалдайды. Қандаланыңшыққаны аса көп сезілмейді. Бірақ шыққан жері қан сорып болған соң қатты қышиды, себебі зақымдалған жерге уытты сілекей енеді, оның қан ұйытпайтын ж/е тітіркендіргіш әсері бар. Жануарлар мен құстар беймазаланады, денесінің зақымдалған жерлерін қасиды, арықтайды, тауықтардың жұмыртқалағыштығы кемиді, қандала шығуын әсіресе балапандар ауыр көтереді. Қандала шыққан жерлерге жергілікті қабыну құбылысы байқалады, папула шығады. Үй қояндары мен теңіз шошқаларының қасыну салдарынан терісі қабынып, дерматике ұшырайды. Емі мен шаралары. Мал және құс шаруашылығындағы қора- жайларды, виварийларды дер кезінде жөндеп, керекті санитариялық жағдайда ұстаған жөн. Қандаласы бар қора жайдан жабдық, құрал-сайман басқа қора жайларға тасылуына жол бермеу керек. Қандала шыққаны байқалса, қора-жайды түгелдей дезинфекциялайды. Кейде технология бойынша қора-жайды жануарлардан немесе құстан босатуға мүмкіндік болмаса, мұндайда қандала ұялаған жерлерді ғана дезинфекциялайды.Жәндіктердің таралып кетуіне жол бермес үшін, бірінші дезинфекцияны қора-жайды тазалаудан бұрын малды шығарысымен-ақ жасай бастайды. Қандаланың жұмыртқалары инсектицидтердің әсеріне төзімді болғандықтан, дезинфекцияны 8-10 тәуліктен соң қайталап қолданады.
2.Акарапидоз немесе кенелік ауру, акарапис Вуди кенесі тудыратын, ересек аралардың инвазиялық ауруы.Кенелер аралардың трахеасында тоғышарлық етіп, бітеп тастайды. Олар организмдегі қоректі заттарды сіңіріп, өздерінен улы токсин бөліп шығарып, аралардың өліміне әкеп соғады.Трахеаға түскен аналық кенелер он шақты жұмыртқаларын салады. Организмнен тыс кенелер рамкаларда, омарта қабырғаларында, балда және т.б. жерлерде кем деген де 3-4 күн тіршілік ете алады. Акарапидоз жыл мезгілінің кез келген уақытында шығуы мүмкін, көбінесе жазғытұрым пайда болады.Санитарлық баға - акарапидоз және басқа да кенелер тудыратын аурулардан таза емес барлық ара семьяларына, көктемде фольбекс және тедион аэрозолымен залалсыздандырады. Басты алдын алу шарасы болып – араларды өсірген кезде барлық ветеринарлық-санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет.
3.Риноэстроз - Qestridae тұқымдасына, Rhinoestrus туысына жататын кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаңқұрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы. Ауруға шалдыққан жылқының кеңсірік, даңдай қуыстары кілегей қабықтары қабынады, алқым және шықщыт бездері ісінеді, жылқы арықтайды және жұмыс қабілеті төмендейді, ал кейде өлім-жітімге шалдығады. Қоздырғыштың өсіп-онуі. Жылқының танау қуыс бөгелектері жылдың ыстық кезеңінде, күннің ысып, өбден жылынған сағаттарында ұшады. Салқын ауа райына олар өте сезімтал. Бөгелектер жер бетінен көтеріңкі заттарда отырып, дем алады. Ұрықтанғаң үрғашы бөгелек екі аптадай қозғалмай отырады. Бұл уақытта оның жыныс бездерінде балаң құрттар өсіп-жетіледі. Үрғашылары I сатыдағы балаңқұртгарын жылқының танауына жақын келіп бүркіп жібереді. 2-3 апта ішінде бөгелектің бір ұрғашысы 700-800-ге жуық балаңқұрт шашады. Патогенезі. Танау бөгелегі балаңқұртгарыньщ патогендік әсері - олардың санына және жылқы организмінің төзімділігіне байланысты. Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып жүргенде-ақ мал тынышсызданады, жиі пысқырады, басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы оттамай, бөрі бір жерге топталып, танауларын бір-бірінің жал-қүйрығынатығып тұрып алады. Өлекседегі өзгерістер. Өлген жылқының басын жарып тексергенде - мандай қойнауынан, кеңсірігінен балаңқұрттар табылады. Кілегей қабықтары қабынған, қарайып - қызарыңқыраған, әр жерінде уылған жаралар кездеседі. Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тәрізді зат бар. Емі. Әрбір жылқының танауына ДДВФ- ның2% вазелин майындағы сүртпесін 3-5 тәулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет. Дауа шаралары. Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда әр жерден еліктіргіш қалқаншалар қойьшып, оларды 10% гексахлоран үнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым, ескісінен 8 км қашықтықга болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін, жүгеннің мандай қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.
