17 Билет.
1.Маллофагоз, этиологиясы, анықтау, ветеринариялық шаралары. Маллофагоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы. Бұл аурулар тобын Mallophaga тегіне жататын эктопаразиттер қоздырады. Ауруға шалдыққан жануарлар қышынады, аздап түгі, құстардың қауырсыны, мамығы түседі, мал мен құс арықтайды, өнімі төмендейді.Қоздырғыштары.Маллофагоздың қоздырғыштары қанатсыз ұсақ жәндіктер сүтқоректілерде маллофагоз ауруларын жүн жегіштер ал құстарда мамық жегіштер қоздырады. Олардың түрлері өте көп, бірақ баршасы осы Mallophaga тегіне жатады. Сүтқоректілер денесінде кездесетін жүн жегіштердің бірқатары Trichodectidae тұқымдасына жатады. Ірі қарада Bovicola bovis түрі, жылқыда B. equi, қойда B. ovis, ешкіде B. caprae түрлері өмір сүреді. Сондықтан бұл ауруларды бовиколез деп те атайды. Өсіп өнуі.Аталығымен ұрықтанған ұрғашылары 20-60 жұмыртқа салады, жұмыртқалары ақшыл түсті, сопақ пішінді, тұрқы 0,5-1 мм.Оларды аналықтары мал түгіне, құс қауырсынына немесе терісіне жыныс мүшелері өндірген желіммен жапсырады.Паразит жұмыртқаларының 7-12 тәуліктен соң балаң сатысы шығады, олар сырттай қарағнда ересектеріне ұқсас, бірақ тұрқы кішірек.Балаң сатысы 12-20 тәулікте үш рет түлеп, ересек имагоға айналады,Эпизоотологиялық деректері.Инвазия көзі маллофагозбен ауру мал мен құс.Маллофагтар ауру мал, сау малмен жанасқанда және басқа қолданыстағы заттар арқылы жұғады.Малды ылғады қораларға тығыз қамау, нашар азықтандыру, мал күтімі жоқтығы маллофагтардың таралуына мүмкіндік туғызады.Сырт белгілері.Жүн жегіштермен зақымданған сүтқоектілердің жүні үрпиіп, қышынады, тынышсызданады,қасынған жерлерінің жүні түседі және мойын, иық, әуке,құйрық түптері дерматитке шалдығады.Маллофагоз тауыққа ауыр өтеді.Олар қатты қышынғандықтантерісін және қауырсындарын шоқиды, құс бірте бірте азады, жұмыртқалағыштығы төмендейді.Қауырсындары мен мамығы жаппай түсіп, денесі, әсіресе қарын тұсы, арқасы, мойны жалаңаштанады.Диагнозы.Ауру анықтауда мал денесіндегі жәндіктің әрбір даму сатысын табудың маңызы зор.Құс денесіндегі мамық жегіштерді де жай көзбен оңай көруге болады.Ол үшін құстардың қауырсындары мен терісі тексеріледі.Сүтқоректілер жүнжегіштерін биттерден ажырата білу керек.Биттердің басына қарағанда кеуде бөлімі жалпақ, тұмсығы тікенді сорғыш типті.Маллофагтардың басы үлкен, кеуде бөліміне қарағанда жалпақ, аузы кеміруге бейім, себебі олар малдың түгі, құстың қауырсыны сияқты қатты заттармен қоректенеді.Емі.Жануарлар денесіндегі жәндіктерді жою үшін әтүрлі инектицидтерді ерітінді, эмульсия, ұнтақ дәрі немесе аэрозоль түрінде қолданып, ем шаралары жүргізіледі.Маллофагтардың жұмыртқалары интекцидтердің әсеріне өте төзімді.Сондықтан ем шаралары жылдың жылы уақытында 8-12 тәуліктен соң, суық кезеңде 12-16 тәуліктен соң қайталанып екінші рет жүргізіледі.
2.Цистолихоз.Ауру қоздырғышы.Тыныс алу мүшесінде қыста болып, колония түзу.Саркоптоз туысына жатады.Бұл кенелер құстардың бронхтары мен кеңірдектерінде тіршілік етеді.Сирек жағдайда құрсақ қуысы сір қабығынан,тер шел қабатынан анықталған.Ауру 50% ға дейін тарап кетуі мүмкін.Тек құстар түшкіріп, тауықтардың бәріне таралуы мүмкін.Сорғыштары бар, аталықтарда қылшықтары бар.Псороптидия туысына ұқсайды, кеміргіш типті.Дамуы жұмыртқа жетіліп, балаң кене туады.Тірі туатын кене кейбіреуін құрсақ қуысына енгізіп, құрсақ қуысында 2 кене 25 кенеге көбейген.Бұлар сыртқы ортаға өте төзімді, бөлме температурасында өнім жойылмайды.Тауық тұқымдастар ауырады.Клиникалық белгілері.Жұққан соң 4-5 айдан кейін ғана білінеді.Кілегей сұйық ағады, тыныс алуы қиындайды, түшкіреді, басын шайқайды.Арықтайды, өнімі төмендейді, газ алмасуы бұзылады.Кілегей сұйық жиналады, сір қабықтарында 1-2 млн цисталар анықталады.Цистаны алып зат шыныға қойып, микроскоп арқылы кенелерді көруге болады.Емдеу.Емі зерттелмеген.Акарацидтердің емі анықталмаған.Ветеринариялық іс шаралары.Бұл шаруашылыққа бұл кене алып келмеуі үшін цисталарға тексеру, клиникалық белгілерін тексеру, құста кене болса тауықтарды емдеу керек.Ауру шықса кененің таралуын, құстың тобын жемдеп етке жіберу.Қораны дезакаризациялайды.Неостомазан, ниоцидол тиімді.
3.Ит саркоптозы.Қышыма қотыр иттердің жамбасы, шабы, құлағының ұшынан басталады.Зақымдалған тері қатты қышиды, жүні түсіп, тері қатпарланып, бетінде қалың қабыршақ пайда болады.Тері жарықшақтанып, жарылып, ашық жараға айналады.Ит мазасызданады, арықтап, жүдейді.Ауруды клиникалық белгілері мен қырындыны тексеру арқылы анықтайды.Емдеу.Теріде іріңді жара пайда болса, оны тазалап, антибиотиктерді пайдаланып, организмнің төзімділігін күшейту үшін, тамағын жақсартып, витаминдерді қолданады.Қышыма кенелерін жою үшін, зақымдалған теріге аэрозольді дәрілер акродекс, дерматозол пайдаланылады.Қышыма қотырынан толық арылу үшін он не он екі күннен соң оларды дәрілейді.Итке дәріні жолатпау үшін, оның мойнына арнайы қарғыбау кигізеді.Иттің 5 кг таза салмағына 0,1 мл мөлшерінде тері астына ивомек жібереді.Қайталап дәріні 7-10 күн қткен соң қолданады.Иттер тұрған қора, үйшіктерді дезакаризациялайды.
