16.Билет.
1.Гиппобоскоз, этиологиясы, ветеринариялық шаралары. Гиппобоскоз жылқының қансорғыш ауруы.Puperia отрядына жататын Vippoboccidae қансорғыш жәендіктер.Бұл қойдың қансорғыштарына ұқсас, екі үлкен қанаты бар, сорғыш түкті, аяқтары жақсы дамыған, көздері жақсы дамыған, шыбынға ұқсас бөгелек жәндіктер туғызады.Ветеринариялық шаралар.Жылқыны және басқа қансорғыштарға қарсы синонтроидтарды өңдеп тұру керек.Циодрин 1%, неоцидол 0,5% 50 мл шошып отыру керек.Жаз кезінде сауылатын сиырға оксамат 20%-50 мл көлемәнде шашуға болады, оны 2күнде шашып отыруға болады.Кейбір зерттеушілер аверсек, ивермек қазіргі кезде қолданылатын дәрілерді ұсынады.Алдын алу үшін қораларды таза ұстау, жылқы қораларының ішіне дезинсекция жұмыстарын жүргізу керек.
2.Эпидермоптоз.Құстардың терісінің астында тіршілік ететін,саркоптоз тұқымдастығына жататын кенелер туғызады.Кене 0,03 мл аралығындағы өте ұсақ кенелер.Ерекшелігі кененің артында ұзын қылшығы болады.Даму сатысына келсек кенелер толық метоморфозбен дамиды.Яғни толық даму сатысынан өтеді.Тері асты қабатынан протонимфа, теленимфа сатысынан өтеді.Бұл ауру негізі толық зерттелмеген.Әсіресе құс шаруашылығында бұл кене туғызатын аурумен ауруы мен ауырмауы мүмкін, сондықтан толық зерттелмеуі жатады..Шет мемлекеттерде Еуропа, Америка елдерінде таралған.Диагностикасы.Терінің эпидермис қабатынан кене зерттелу керек. Құстың арахноз ауруы болып табылады.Еміне аверсек 2, дектомакс, иверсек тері астына егуге болады.Алдын алу шарасы ретінде құс қораларына уақытылы кенелерге қарсы дезакаризация жұмыстарын жүргізу керек.Қораның температурасын қадағалау керек.Қора жылы болса құстар арасында кене көбейіп кетуі мүмкін.Құстарды кенелерге қарсы дәрілермен егу керек.
3.Қой псороптозы . Қой псороптозы.Қойдың көнқотыры жіті және созылмалы өтетін инвазиялық кене туғызатын ауру.Негізгі белгілері малдың жүні түсіп, зақымдалған жері қатты қышиды, арықтайды, кейде мал өліммен аяқталады.Эизоотолгиясы.Псороптозға барлық қой тұқымдары, әсіресе биязы және жартылай биязы жүнді қойлар сезімтал.Қора ылғаллдылығының шамадан тыс жоғарғы көтерілуі, сау және ауру малдың бірге тығыз орналасуы мен қоса күтім мен азық түліктің жетіспеушілігі, гельминтоздар және басқада аурулардың шығуы, көнқотырының таралуына мүмкіндік туғызады.Жазда ауру қоздырушысын ортаға жаңадан қосылған қойлар тасымалдайды.Көңқотыры қойға басқа мал түрлерінде таралуы мүмкін.Жазда қырқылған қойда қотыр басылып, күзде басталып, қыста жаппай мал қотырға шалдығады.Патогенезі.Жүні қалың, биязы жүнді қойлардың ауруға қарсы төзімділігі нашарлаған кезде қотыр шыға бастайды.Көң қотыры малдың екі жақ бүйірінен басталады.Псороптид кенелері ұзын тұмсығымен теріні зақымдап, аяқтарының табан сорғышымен сезімтал жүйкенің ұшын тітіркендіріп, қышытады.Қой қасынып, қышыған жерін тістелеп, теріні зақымдап, кенелердің дамып, көбеюіне мүмкіндік жасайды.Кенелер қоректену кезінде жараға улы сілекейін ағызып, теріні қабындырады.Зақымдалған жерде, жарақаттан сөл ағып, тері бетінде қоюланып, эпидермистің өлі тоғышарлармен тығыз қабыршақтардың пайда болуына мүмкіндік береді.Бұл жерде көптеген микробтардың көбеюәне жағдай туады.Қойдың жүні түседі.Өлі кенелер мен тері торшаларының, зат алмасу қылдықтарының, физиологиялық белсенді және микробтардың улы заттарының организмге сіңуі, орталық жүйке жүйесіне, зат алмасуына, ретикулоэндотелий мен қан құрамының бұзылуына әсерін тигізеді.Сырт белгілері.Көң қотырдың белгісі, кенемен зақымдалған қойда, он күннен соң пайда болады, ал қозыларда 1,5-2 айдан соң байқалады.Псороптоз жіті, созылмалы және латентті түрде өтеді.Ауруды анықтау.Індеттанулық, клиникалық белгілері, зертханалық зерттеу, Көң қотырдың жіті түрде өтуін, клиникалық белгілеріне сүйеніп, анықтауға болады.Жүнін қайырып, терісін ашып қарағанда, оның қызарып, ісініп, көпіршік бөртпелегенін байқауға болады.Зақымдалған теріден кенені табу үшін, сау тері мен шекаралас жерінен қырынды алынады. Көң қотырын басқа да ұқсас аурулардан ажырату қажет.Терінің қышуы кейбір паразит және басқа да ауруларда байқалады.Ол үшін жүнді алып, теріні мұқият тексеру керек.Псороптозды басқа қышыма қотыр түрлерінен, хориоптозбен саркоптоздан ажырату қажет.Хориоптоздан қотыр малдың аяғында ғана болады.Саркаптоз қылшық жүнді қойда кездеседі, ең алдымен малдың басы мен құйрық жағы зақымдалады.Теріде қалың қабыршық пайда болады.Ауруды емдеумен алдын алу шаралары.Шаруашылықта көңқотырын құрту үшін коплексті шаралар жүйесін жүргізу керек.Ауру мал анықталғанда бүкіл малды емдейді. Қораны тазалау, дезинфекциялық жұмыстар жұргізу керек.Ауру малды оқшаулау, Ем шаралары ретінде ылғалды әдіс және құрғақ әдіс арқылы жүргізу.Қотыр шыққан отардағы қойларды ең соңында қырқу.Псороптоздан таза емес аймаққа қойды жылына бір рет қүзде малды қораға қояр алдында дәрілеу.Құрғақ әдісте қолданылатын дәрілер ретінде Ивермекті тері астына 50 кг салмағына 1мл мөлшерінде егеді.Сонымен қоса Аверсек 2 препаратында қолдануға болады. Ал ылғалды әдісте қолданылатын дәрілер ретінде айтсақ ваннада тоғыту және әртүрлі механикаландырылған дәрі бүріккіш қондырғыларды қолдану.Қойды дәріге тоғытудың тиімділігі, қой ваннада жүзгенде ерітінді ішінде жеткілікті уақыт болады да, акарацидті ерітінді жүнге әбден сіңеді.Шаршаған, терлеген немесе шөлдеген қойды тоғытуға болмайды. Олар тоғытар алдында қашада бір түнеуге тиіс.Ауру қойды да ерітіндіге тоғытуға болмайды.Өріске шығар алдында қойдың жүні толық кебуі керек.Егер шаруашылықта малда қотыр шықса, алдымен сау, соңынан бірыңғай ауру отарларды тоғытады.Бұларды қайталап тоғытқанда, бірнеше рет алдымен тоғытылған отарлар соңына қалдырылады.Қайталап тоғытуды он немесе он екі күннен соң жүргізу керек. Екі не үш жұмадан соң жасалған ем шараларының нәтижесін тексереді. Неостомазан 5 мл 1:1000 қатынасында 0,1% ерітіндісін дайындап қолданамыз. Сонымен қатар кенлерге қосымша синтетикаклық перитроидтарды қолданамыз. Жалпы қорытындылай келсек кенелерге қарсы акарацидтік дәрілер қолданып дер кезінде ем шараларын жүргізген тиімді.Қазіргі заманауи талапқа сәйкес дәрілер қолданған жөн.Малдармен жұмыс жүргізгенде әсіресе қырқы жұмыстарын лұрыс істеу.Азық құрамын толық рационға сәйкес беру.Барлық ветеринариялық санитариялық шараларды қатаң түрде қолдану керек.
