15 Билет.
1.Мелафагоз, этиологиясы, ветеринариялық шаралары. Мелофагоз-Melaphagus ovinus қансорғыштары қоздыратын ауру.Бұл ауруға терінің қышынуы, дерматит, жүннің біртіндеп түсуі, арықтау, қозылардың кейде өлім жітімге ұшырауы тән.Этиологиясы.Сары қоңыр түсті, қанатсыз жәндіктер туғызады.Паразит тікенекті тұмсықтарымен қойды шағып, терідегі жүйке тамыр ұштарын тітіркендіреді, мал денесін қышытып, мазасыз алады.Қой қышыған терісін қасып, сызат түсіреді, теріде дерматит дамиды, жүннің сапасы төмендейді.Қой мелофагозы малды қорада ұстау кезеңінде көптеп кездеседі.Отарға басқа жақтан енген паразит 2-3 ай ішінде ондағы мал басына түгелдей тарайды.Ветеринариялық шаралар.Мелофагозга шалдыққан қойды, қотыр ауруларын емдеген тәрізді, акарацид ерітінділерімен тоғытып емдейді.Басқа шаруашылықтардан әкелінген мал денесінде жәндіктер бар жоғын тексеру керек.Бар болған жағдайда дәрі дірмектермен дәрілейді.Жәндіктер шыққан отардағы қойды жазғытұрым және күзде дезинфекциялық ерітінділер мен эмульсияларда тоғытады.Керек болған жағдайларда дезинсекциялық даустарды да пайдалануға болады.Сондай ақ қойды дәрілеумен қатар қора жайды, қой қотандарын да лизол және т.б. ерітінділер және эмульсиялармен дезинсекциялау қажет.Қой қан сорғышына қарсы қолданылатын инсектицидтерді, жылқы қан сорғышына жоюға қолданады.
2.Демодекоз. Ірі қара демодекозы. Қазақстанда кең таралған ауру бо- лғанымен, толық жете зерттелмеген. Көбінесе 6 айдан асқан төл ауруға шалдығады. Оларда демодекоз желтоқсаннан тамызға дейін байқалады.Патогенезі. Демодекс кенелері түк буылтығы мен май. бездеріне өте жылдам өсіп — өніп, шоғырланып өмір сүретіндіктен, ең алдымен түк буылтығы мен май бездері семеді. Соның салдарынан терінің физиологиялық қызметі бүзылып, теріде улы заттар жиналады.Ауру белгілері. Малдың мойын, жауырын, кеуде, арқа терісінде, диаметрі 2-10 мм тығыз дөңгелек төмпешіктердің ұшынан қанды ірің шығып түрады, ал қысқан уақытта одан ақ балауыз тәріздес зат бөлініп шығады. Зақымдалған жердің жүні ұйысып, түсе бастайды.Терінің қышуы байқалмайды. Ауруды анықтау. Клиникалық және эпизоотологияльік деректерге қоса, міндетті түрде микроскопиялық зерттеуді жүргізеді. Ол үшін қан алатын инемен, төмпешіктің ішіндегі жиналған жалқаяқты сорып алып, оны көлемі екі есе мол керосин, вазелин не 10 пайыздық ИаСL ертіндісімен араластырып, бір тамшысынан жасалған препаратты, микроскоптың сәл қараңғыланған әйнегімен қарап, тексереді.Емдеу. Кенелер тері қабатында өмір сүретіндіктен, одарды құрту өте қиын. Демодекоз шыққан шаруашылықта, мал терісіне акарицид эмульсиясын бүркіп — шылайды немесе арнайы щеткамен дәрі жіберіп, ысқылап, тазалайды. Мал түгін акарицидтермен 5-6 рет домдау қажет. Дәрілеуді 4-5 күнде бір рет жүргізеді. Демодекс кенелеріне қарсы 0,5 пайызды дикрезил, циодрин, 0,1%- дық неоцидол сулы эмульсиясын қолданады. Демодекозм бен ауырған малды емдеуде синтетикалық пиретроидта|г«і жақсы нәтиже беруде. Олардың эмульсиясын мал үшін 7-10 күнде бір рет 2-3 рет бүркеді. Ол үшін 0,02-0,05 % стомазан, цимбуш және сумицидиннің сулы эмульсиясын ересек малға 500 мл, ал төлге 250 мл мөлшеріндіі қолданады. Сондай-ақ ивомекті де пайдалануға болады. Бұл дәріні малдың бір кг тірі салмағына 2мл мөлшерінде тері астына жібереді.Алдын — ала сақтандыру. Ай сайын шаруашылық клиникалық тексеруден өткізу керек. Ауру шыққан мал гурттіңде 10 күң аралығында екі рет емдеу жүргізіледі. Мал қорасымен жабдықтарды дезакаризациялау керек. Қоражайда адам мен малға қауіпсіз дәрілер сиктетккалык пиретроидтар: 0,02-0,03 пайыздық цимбуш пенсумицидиннің сулы эмульсиясы. Бұларды 10 мл/м2 есебім қорада жаппай бүркеді. Емдеу жұмысы мал демодекоздан толық арылғанша жүргізіледі.
3.Жылқы псороптозы.Сиректеу кездескенмен, жіті және созылмалы түрде өтіп, тері қышуы, жүн түсіп, арықтап, дерматиттің пайда болуымекн бейнеленеді.Эпизоотологиясы.Псороптозды ауру жылқылар таратады.Сондай ақ ауру мал тұрған қора мен ондағы жабдық, ер тұрман кененің сау малға таралуына мүмкіндік туғызады.Патогенезі.Көң қотыр барлық жылқыда кездеседі, әсіресе құлын тай мен жұмыс аттарында. Көң қотыр кенелері сөл тамырларымен теріні зақымдап, қабындырады.Кене жайлаған тері қатты қышып, жылқыны мазасыздандырады. Зақымдалған жердің жүні түісп, тері қатпарланып, жарылып, ашық жаралар пайда болады.Тері бетіне шыққан сөл қатып, сарғыш қатты қабыршаққа айналады.Қанға сіңген улы заттар ОЖЖ, жүрек қантамырлары, терінің тыныстану және зат алмасу жұмытарын бұзады.Организмнің төзімділік қасиеті төмендеп, ауру жылқы тез арықтайды.Сырт белгілері.Инкубациялық кезеңі 10-12 күн. Ең алғаш зақымдану қамыт сайманға қатынасты жерден басталып, дененің басқа бөліктеріне тарайды.Тай құлынмен табындағы ересек жылқыларда көнқотыр жал асты, құйрық түбі, санның ішкі жағынан басталады.Зақымдалған жері қышып, бөртіп, ылғалданып, жүні түседі.Тақырланған тері қалыңдап, қатпарланып, жарылып, жарақаттанады.Жылқы арықтап, жұмыс қабілеті төмендейді.Ауруды анықтау.Жылқы көнқотырын эпизоотологиялық, клингикалық мәліметтерге қоса, теріден қырынды алынып зерттеледі.Емдей және аурудан сақтандыру шаралары.Ат қора мен жабдықтарды, ер тұрман, қамыт сайманды тұгелімен дезакаризациядан өткізеді.Бәр жылда жылқыда қотыр байқалмаса, шаруашылықта ауру жойылды деп есептеледі.
