Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
arakhno_shpor_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.05 Кб
Скачать

14.Билет.

1.Вольфартиоз, емі, алдын алу шаралары.Вольфартиоз немесе Вольфарт шыбыны юалаңқұрттарымен зақымдануы.Төрт түлік мал ішінде, құрттау көбінесе қойда жиі кездесетін, Қазақстанда кең тараған ауру,Вольфарт шыбыны ірі, дене тұрқы 9-13 мм, ашық сұр немесе күл түсті.Арқасында үш ірі қара жолағы, құрсақ жағында ірі дақтары бар, қанаттары мөлдір.Вольфартиоз ауруы Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.Бұл ауру қой шаруашылығында кең тараған.Қой шаруашылықтарында қырықаннан кейін, қой арасында жаппай воьфартиоз байқалады.Шыбын балаң құрттары мал жарақатында ұлпа торшаларымен, сөлімен қоректеніп, жарақатты асқындырады, жара көп уақыт бойы жазылмайды.Емдеу.Дәрілер толық зерттелмеген.Ивомек, ивермек, аверсек дәрілері қолданылады.Алдын алу шаралары.Қойды қырыққан кезде сақтық шараларын сақтап, мал терісі жарақаттанбауына көңіл бөледі.Егер тері жарақаттанса, оны қолма қол емдеп, үстіне кілегейлі шырыш желіммен жабады,Жараларды күнбе күн қадағалап отырады.Малды жаз айларында күнделікті бақылаудан өткізіп, жарақаттарды дер кезінде тауып, ем шараларын жасайды.

2.Нотоэдроз. Қотыр ауруы саркоптидия тұқымдастығына, тері ішіне кіріп, зақымдайтын ауру.Жақсы зерттелген мысықта Notoedres cati деп аталады.Бұл кене ұсақ кене, дене тұрқы 0,5 мм дейін жетеді.Клиникалық белгілері.Бас терісін зақымдайды.Жануар көзін әрез ашып жүреді.Жалпы жануардың жағдайы нашар, азыққа тәбеті жоқ, жүйке жүйесі әсер етіп, мазасызданады.Терісі асқынғанда дерматитке ұшырайды. Дене температурасы көтеріледі. Ажырату. Трихофития,дерматитке ажырата білу керек.Емдеу.Аверсек 2 препаратын қолдануға болады.Дектомакс препаратын 200 мл кг салмағына есептеп тері астына егеді.

3.Сиыр псороптозы.Терінің сыртқы қабатында тіршілік ететін кенелер туғызады.Ауру созылмалы түрде өтеді.Псороптозда ірі қараның теріс қабынып, қышып, жүні түседі, мал арықтап, өнімділігі төмендейді.Көң қотырына бұзаулар сезімтал.Олардың арасында ауру тез тарап, көп зиян келтіреді.Патогенезі.Псороптид кенелері теріде тек қолайлы жағдайда ғана көбейеді.Қыста азық қоры азайып, күтімі нашарлап, малдың күйі төмендеген уақытта, кененің дамып, көбеюіне мүмкіндік туады.Олар малдың желкесі, құймышақпен құйрықтың үстінде шоңырланып, өсіп өнеді де, дененің басқа жерлеріне тарала бастайды.Зақымдалған тері қатты қышып қабынады, эпидермистің мүйізді қабатының ұлпасы ұлғайып, тері қалыңдап, қатпарланып, созылғыштық қасиетін жоғалтады.Ірі қарада псороптоз жазда бәсеңдеп, қыста үдеп, ұзаққа созылатын ауру.Сырт белгілері.Аурудың инкубациялық кезеңі 14-25 күн. Псороптоздың алғашқы белгісі терінің қышуы.Залалданған мал қышыған жерін жалап, қасынады, ол жерлерде қосымша жарықшақ жаралар пайла болып, жүні түсіп, ылғалдылығы өсіп, қайызғақтанып, жұмсақ сарғыш қабыршақтар байқалады.Кенелердің өсіп өніп көбеюіне сәйкес, зақымдалған тері аумағы ұлғайып, қабыну процессі асқынады.Егер кенелерді құртпаса, қотыр бүкіл денені жауып, мал күрт арықтайды.Ауруды анықтау.Псороптоздың белгілеріне, терінің қышуы, жүні түсіп тақырланып, қатпарлануы және қабыршаұтануына негізделген. Басқадай ұқсас аурулардан ажырату үшін теріден қырынды алынып, зерттеледі.Емдеу және алдын ала сақтандыру.Жазда ірі қара псороптозын емдеу және аурудың алдын алу үшін, малдың терісі мен түгіне акарацидтер эмульсиясын әртүрлі жауындатқыш және бүріккіш қондырғылармен шашып, бүркіп, бірқалыпты тегіс шылайды.Ол үшін акарацидтік және емдік әсері өте жоғары дәрілерді қолданады.Ірі қараны псороптоздан емдеуде ивомек, цидектин және аверсект өте жақсы нәтиже береді.Бұл дәрілерді малдың 50 кг тірі салмағына 1мл алып, тері астына жібереді.Егер емделген гуртте келесі жылдың қысына дейін малда көңқотыр байқалмаса, оларды толық сауығып, псороптоз жойылды деп есептейді. Шаруашылыққа әкелінген ірі қара малы зерттеліп, карантиннен өткен соң ғана, ортақ груттке қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]