Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
arakhno_shpor_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.05 Кб
Скачать

24 Билет

1.Вольфартиоз, емі, алдын алу шаралары Вольфартиоз немесе жарақаттың Вольфарт шыбыны балаң кұрттарымен зақымдануы. Төрт түлік мал ішінде, құрттау көбінесе қойда жиі кездесетін, Қазақстанда кең тараған ауру.Вольфарт шыбыны ірі, дене тұрқы 9-13 мм, ашык-сұр немесе күл түсті. Арқасында үш ірі қара жолағы, құрсақ жағында ірі дақтары бар, қанаттары мөлдір. Емі. Мал денесіндегі құрттаған жарақаттарға волъфартол, волъфазол, эстрозолъ, , үшхлор- метафос-3 сияқты дәрілерді қолданады. Волъфартол, волъфо- золД және эстрозоль дәрілері дайын аэрозоль, яғни тұманды қос- па түрінде арасына 5-6 күн салып 2 реттен шашады. Аэрозоль баллондарынан дәріні жарақатқа 15-20 см қашықтықтан 1-5 се- кунд бойы шашу керек. Жараны жууға үшхлорметафос-3 1% ерітіндісі әрбір 2-3 тәулік сайын қолданылады.Вольфартиоз мал арасында кең етек алған жағдайда, отардағы қойларға әрбір 3-4 апта сайын, 0,5% үшхлорметафос-3 ерітіндісі- мен ДУК, ЛСД және басқа да сұйық дәрі бүркетін арнайы құралдар көмегімен малға шашып, дәрілеп отырады.Дауа шаралары. Қойды қырыққан кезде сақтық шараларын сақтап, мал терісі жарақаттанбауына көңіл бөледі. Егер тері жара- қаттанса, оны қолма-қол емдеп, үстін кілегейлі шырыш желіммен жабады. Жараларды күнбе-күн қадағалап отырады. Малды жаз айларында күнделікті бақылаудан өткізіп, жарақаттарды дер кезін- де тауып, ем шараларын жасайды. Сонымен қатар вольфартиоз шықпас үшін мал жарасына 0,5% үшхлорметафос-3 эмульсиясын әр 14 тәулік сайын бүркіп отырады.

2.Нотоэдроз Мысық,ит, түлкі нотоэдорозын Notoedres кенелері туғызады. Бұлар өте ұсақ (0,14-0,15мм), қышыма қотыр кенелеріне ұқсас. Ерекшелігі: еркектерінің анал, ұрғашыларының анал және копулятивтік тесіктері арқасында ашылған. Аяқтары өте өысөа. Нотоэдроз бен көбінесе күйі нашар, әлсіреген ит, мысық, түлкі ауырады. Мысықта нотоэдроз қотыры басымен мойнында байқалады. Зақымдалған тері (құлақ, маңдай, бет) қатты қышып, мазасыздандырады. Иттерде өақымданған құлақтың терісінің жүні түсіп, бқртіп, күлдіреуіктер пайда болады. Соңынан жарылып, қабыршыққа айналады. Ері қатпарланады, бірақ қышып, мазасыздану онша байқалмайды. Анықтау:теріден қырынды алып тексеріледі. Емдеу.Мысықтар дәріге өте сезімтал, көптеген дәріні көтере алмайды. Еің нәтижелісі бутокстың 0,0005 пайыздық сулы эмульсиясымен зақымдалған теріні шылау немесе бір кг тірі салмағына 200мг мөлшерінде ивермектинді физиологиялық ерітіндіге 1:6, 1:10 қатынасында қосып аппликация жасайды. Зақымданған теріні дәрілеуді 8-10 күннен соң қайталайды. Вет-сан шаралар.Жануарларды ветеринардың рұқсатынсыз ауыстырмау; жаңадан әкелінген жануарларды карантинде ұстау; Қораны тазалау, деакризациялау; Ауру малдарды оқшаулау, емдеу; Жылына бір рет тексеру.

3.Сиыр псороптозы Псороптоз - Рsоrорtіdае түқымдасына жататын, тері бетін мекендейтін кенелер қоздыратын қотыр ауруы. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі қабынады, қышынады, арықгайды, жүні түседі, ал кейде өлім-жітімге ұшырайды. Рsоrорtеs туысына жататын кенелердің дене тұрқы 0,8 мм. Олар- дың тұмсығы ұзын, теріні тесіп, малдың сөлін соруға икемделген. Псороптоз көбінесе энзоотия түрінде өтеді. Ауруға биязы және жартылай биязы жүнді қой тұқымдары бейім. Ауру күз және қыс айларында етек алады. Басқа шаруашылықтардан мал терісіне жа- бысып келген қотыр кенелері аз уақыт ішінде өсіп-өніп мал фер- масына, тіпті бүкіл бір шаруашылық малына тарап кетуі мүмкін.Патогенезі. Кенелер тері үстінде жорғалап, денесіндегі қыл- шыктарымен және аяқтарындағы жабысқақгарымен, сондай-ақ сөл соруға бейімделген ұзын тұмсықтарымен теріде орналасқан рецепторларды тітіркендіреді, сондықтан тері қышынады.Ауру белгілері. Псороптоздың жасырын кезеңі 2-3 аптадай. Аурудьщ алғашқы сатысында қотырға шалдыққан тері қызарьш і ісінеді. Ірі қарада тері қотыры мойынның екі жағынан, шоқтығынан және екі жақ бүйірінен басталады. Сонан соң зақымданған жер үлкейе түседі. Ескі ошақтарда тері қатпарланып, жүні түсіп қалады. Мал қасынғанда терінің әр жері жарылып, қаны шығып тұрады.Емі. Ірі қара қотырын емдеу үшін коллиодты күкірттің 2% суспен- зиясы қолданылады. Бұл дәрі арасына 8-12 күн салып, екі рет бүркіледі. Күннің суық маусымында коллоидты күкіртген жасалған 3% дуст қолданылады. Сондай-ақ креолиннің 2-3% эмульсиясы немесе 1% хлорофос ерітіндісі 2-3 рет қолданылады. Бірен-саран малды күн суықта емдеу үшін соңғы жылдары бүріккіш ыдысқа толтырылған акродекс, циодрин, дерматозоль, псороптоз дәріле- рі қолданылып жүр. Оларды малдың зақымдалған жерінен 30 см- дей қашықтықта ұстап, бүріккіштің бас жағындағы түймесін бас- қанда, ішіндегі дәрісі аэрозоль болып шашылады. Шет елдік дәрілерден қотырға қарсы стомазан (1:200) ерітіндісі де жақсы нәтиже береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]