- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
Терең пальпация
Іш пальпациясының бұл әдісі оны өңдеген авторлардың атына сай В.П. Образцов және Н.Б. Стражеско деп аталады. Ол терең, сырғымалы, әдістемелік боп табылады. Терең пальпация деп аталу себебі, науқас терең дем шығарған кезде пальпациялаушы қолмен іш қуысына терең еніп, зерттелетін мүшені артқы іштік қабырғасына қарай басады, сырғымалы – іш қуысына терең ендіргеннен және сезілген мүшені перпиндикулярлы қойып сырғытады. Дәрігер қолымен сезу арқылы мүше бойымен сырғыта отырып ол туралы мәлімет алады (консистенциясы, пішіні, ауырсынуы және т.б.); әдістемелік – себебі бұл пальпация қатаң түрде нақты бір жоспар бойынша іске асады: алдымен сигма тәрізді ішекті, кейін соқыр ішекті, тоқ ішектің жоғары өрлемелі бөлімін, төмен өрлемелі бөлімін және т.б. пальпациялайды (68-сурет).
68-сурет. Іштің терең сырғымалы әдістемелік пальпациясының кезеңділігі.
Пальпацияны бауырды, талақты, бүйректерді сипап сезумен аяқтайды.
Терең пальпацияның техникасы. Терең пальпация 4 әдіспен орындалады. Бірінші әдісі: дәрігердің оң қолбасы (II-V саусақтары буындарында) біріктірілген және бүгілген түрде алдыңғы іштік қабырғасының пальпацияланатын ішектің ұзына бойына перпендикуляр қойылады; асқазанды, бауырды, талақты, бүйректерді пальпациялағанда олардың жиектеріне перпендикулярлы.
Екінші әдіс, терінің беткей қозғалысы және тері валигін түзумен аяқталады. Тері қатпары қолдың келесі қозғалысына қарама-қарсы бағытта жиналады. Егер дәрігер қолмен қозғалысты өзіне қарай жасаса, онда тері қатпары алақан сыртында сонымен қатар пальпация қолдың тырнақтарының үстінде түзіледі, ал өзінен сыртқа болса – саусақ жастықшалары астында жиналады.
Үшінші әдісті орындаған кезде қолды біртіндеп тереңдете іш қуысына ендіріп, пальпацияланатын мүшенің артқы қабырғасына дейін жетуге тырысады. Бұл әдіс дем шығарған кезде, іштік қабырғасы босаңсыған кезде орындалады.
69-сурет. Сигма тәрізді ішектің терең сырғымалы пальпациясы.
Сол жақта: а – саусақтарды қою, б – тері қатпарын жинайды, в – артқы құрсақ қабырғасына дейін саусақтарды енгізу, г, д – ішек арқылы сырғыту.
Оң жақта: саусақтар қимылының бағыты көрсетілген.
Төртінші әдіс әртүрлі, яғни пальпацияланатын мүшеге байланысты орындалады: 1) шектің әртүрлі бөлімдерін пальпациялағанда алдыңғы іш қабырғасына науқас терең дем шығарған кезде ендіреді де ішектің пальпацияланатын бөліміне қарай бағытталады; 2) асқазанды пальпациялағанда қолды асқазанға қарай емес, одан бастап қозғалтады, себебі бастапқыдан іштің бетінде орналасады; 3) бауырдың, талақтың пальпациясын дем шығарағанда емес, келесі дем алу кезінде, яғни науқас іш пресін тырыстыру арқылы оған дейін іш қуысына енген қолды итереді (69-сурет).
Ішті аускультациялау
Ішті аускультациялағанда тыңдауға болады:
1) ішек шуларын (шұрылдау, құрылдау), ол қалыптыда болатын және ішектердің қозғалтқыштығының белсенділігін көрсетеді. Перистальтиканың күшеюі және айқын ішек шулары ішек қабынуында болады, сонымен қатар оның өтімсіздігі кезінде обструкция орнының үстінен моторлық қызметтің күшеюіне байланысты болады. Ішек шуларының толығымен жоғалуы перитонитке тән:
2) перигепатитте және периспленитте іштіктің үйкеліс шуы;
3) қолқаның іштік бөлімінің, бүйрек артерияларының патологиясы кезінде естілетін тамырлық шулар (70-сурет).
70-сурет. Іштің аускультациясы. Ішектердің перистальтикасын тыңдау.
