Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау

Асқазан-ішек трактісі патологиясы бар науқасты жалпы қарау кезінде келесі ауытқуларды табуға болады.

1. Науқас қалпы мәжбүрлі болуы мүмкін. Мысалдар: а) асқазанның өтпелі ойықжарасы кезінде науқас шалқасынан, аяқтарын ішіне тартып жатады, себебі, мұндай қалыпта ауырсыну азаяды; б) ұйқы безі ісігінде науқас етбетінен жатады, ол күн шоғыры өріміне түсетін қысымды әлсіретеді және ауырсынуды азайтады.

2. Тері жамылғылары асқазан-ішектік қан кетулер кезінде бозарады (анемия дамуы), ісіктердің асқазаннан бауыр қақпасына немесе бауырға метастаз бергенде сарғаюы мүмкін. Терінің құрғауы сұйықтықты ұзақ уақыт бойы және көп мөлшерде жоғалтқанда (іш өтулер, құсу) байқалады. Терінің құрғауы, қабыршақтануы, ауыз бұрышының тілімденуі, шаштың түсуі, тырнақтардың сыңғыштығы дәрумендердің тапшылығымен байланысты, яғни олардың асқазан-ішек трактісінде сіңірілуінің бұзылыстары кезінде болуы мүмкін. Дәрумендердің жеткіліксіздігі терінің өзгерістеріне әкеледі, бірақ бұл дефицит анемияға да әкелуі мүмкін, ол өзіндік анологтық өзгерістерді туғызады.

3. Асқазан-ішек трактісінің әр түрлі бөлімдерінің ауыр қабыну ауруларында, оның ісіктерінде, қалытқы стенозында, яғни ол тоқтаусыз құсумен қосарланатын, науқастың кахексияға дейін арықтауы дамиды.

4. Кейбір аурулар кезінде дәретпен және (немесе) құсықпен белок жоғалып, кей жағдайларда ісінулерге әкеледі (белоксыз ісінулер).

5. Қатерлі ісіктердің болуы лимфа түйіндерінің ұлғаюына әкеледі: жеке алғанда, асқазан ісігінде оң жақ кеуде-бұғана-емізікше тәрізді бұлшықеттің аяқшалары арасында ұлғайған және тығыз лимфа түйіні пальпацияланады, ол асқазан ісігінің метастазы болып табылады және Вирхов безі деп аталады.

6. Жіті ауыр ауруларда және іш қуысы мүшелері зақымданғанда, перитонитте науқас беті өзіне тән – Гиппократ беті тәрізді болады. Бұл бозарған-сұр, қатулы және көздері шүңірейген, азаптанған, суық тер тамшыларымен жабылған бет-әлпет.

7. Ауыз қуысын қарағанда шайнау аппаратының, алдымен тістердің ауытқуын (олардың жетіспеуін, тіс жегісін) анықтауға болады, ол тағамды механикалық дайындаудың жеткіліксіздігіне әкеліп, кейін асқазан мен ішекті тітіркендіріп, олардың функционалдық және қабынулық ауруларының пайда болуына және бұрын бар болған белгілердің ағымының қиындауына әкеледі. Одан басқа, жегіленген тістер, қызыл иек шырышының қабынуы (гингивит), жалпы ауыз қуысының қабынуы асқазанға патогенді флораның түсу көзі болып табылады және тағамның қорытылуының бұзылысына әкеледі. Есте сақтау керек, тіс жегісі жүректің, бүйректің, мидың және т.б. мүшелердің патологияларының себебі болуы мүмкін.

8. Ішкі мүшелердің жіті және ауыр патологияларында, перитонитте тілдің құрғауы байқалады. Асқазан және ішек ауруларының кейбірінде тілде жабынды анықталады, яғни глоссит маркері – тілдің қабынуы болады. Жабынды түсі және айқындылығы әртүрлі болуы мүмкін. Асқазанның секреторлық функциясының біршама төмендеуімен атрофиялық гастритте, асқазан ісігінде, В-тапшылықты жағдайларда, әсіресе В12 дәрумені жеткіліксіздігінде тілдің емізікті қабаты атрофияға ұшырайды және оның жылтыр лакталған тіл болып табылады. Атрофиясыз және жабындысыз ашық-қызыл түсті тіл, бірақ ойық жара ауруының асқынуысыз ағымына тән.