- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
Көкбауырды пальпациялау
Көкбауырдың пальпациялау әдісі бауырдан еш айырмашылығы жоқ (сәйкес бөлімді қараңыз). Дәрігердің оң қолы бауырды пальпациялағандай қозғалыстарды жасайды; айырмашылығы, тек пальпация сол жақ қабырғаастында жүргізіледі, ал сол қолдың қалпы бұл кезде басқаша.
Пальпацияны науқастың шалқасынан жатқан қалпында жүргізуге болады, бірақ жиі оны науқастың оң қырымен жатқанда жасайды. Бұл жағдайда науқас қолдарын жинап (алақанын алақанға), шынтақ буындарында бүгіп және күш түсірмей екі қолын да алдына қаратып жастыққа қояды. Оң аяғы – созыңқы, ал сол аяғын ішке қарай тартады. Қол мен аяқтардың бұндай қалпы науқастың іш пресі бұлшықеттерінің максималды босаңсуын тудырады (86-сурет).
86-сурет. Көкбауыр пальпациясы: А – науқас арқасымен жатқан кездегі пальпация (жоғарыдан қарағанда); Б – науқас бүйірімен жатқандағы пальпация.
Дәрігер сол қолының саусақтарын бүгіп кеуде торшасының сол жақ алдыңғы – бүйір бөліміне, қабырғаларға параллель етіп, кеуде торшасына оның төменгі бөлімінің тыныс алу актісіне қатысуын шектеу мақсатында ақырындап басады. Бұл кезде тыныс алу көкетке байланысты жүзеге асады, сонда тыныс қозғалыстарымен бірге көкбауыр да (жоғары-төмен) жылжып, оны пальпациялауға қолайлы жағдай туғызады. Дәрігердің оң қолы сол жақ қабырғаастында бауырды пальпациялағандай қозғалыстар жасайды.
Қалыпты жағдайда көкбауыр сезілмейді. Ол анықталған жағдайларда, оның өлшемдерін (оның қабырға доғасы жиегінен қанша сантиметрге шығыңқы екенін) анықтайды. Консистенциясын, ауырсынғыштығын, қозғалғыштығын, пішінін анықтайды.
Есте сақтау керек, сол жақ қабырғаастында патологиялық өзгерген бүйректі де пальпациялауға болады. Көкбауырды бүйректен айыруға, көкбауырдың алдыңғы жиегіндегі ойықтың болуынан және бүйректе оның болмайтынынан болады.
Көкбауырдың ұлғаюы қан ауруларында және басқа да патологиялық жағдайларда болуы мүмкін. Қан аурулары ішінде көкбауырдың ұлғаюы болса, бірінші кезекте созылмалы миелолейкоз деп атауға болады, яғни мұнда соңғы сатысында көкбауыр біршама өлшемдерге ұлғаяды (спленомегалия). Ол іштің барлық сол бөлігін алып жатуы мүмкін, ал төменгі жиегі бұл кезде кіші жамбасқа түсіп кетеді. Көкбауырдың ұлғаюына әкелетін экстрагематологиялық паталогия: инфекциялық аурулар, ең алдымен сепсис, бауыр циррозы, тромбоз немесе көкбуыр венасының қысылуы.
Көптеген ауруларда көкбауыр пальпациясы ауырсынусыз. Ауырсыну көкбауыр инфарктінде, периспленитте, көкбауыр венасының тромбозында байқалады.
Көкбауыр перкуссиясы аз мәліметті болғандықтан кеңінен таралмаған әдіс (87-сурет).
87-сурет. Көкбауыр перкуссиясы.
8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
8.3.1 Анемия синдромы
Анемия өзіне тән клиникалық симптоматикасымен білінетін қандағы эритроциттердің және гемоглобиннің мөлшерінің азаюы.
Даму себептері: 1) қан жоғалтулар (жіті және созылмалы); 2) қан түзілу бұзылыстары (ағзада темірдің, В12 дәруменінің жеткіліксіздігі, сүйек кемігінің тежелуі); 3) шектен тыс қан бұзылыстары –гемолитикалық анемиялар.
Шағымдары: 1) мидың қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты шағымдар: бас айналуы, көздің «қарауытуы, естен тануға бейімділік, құлақтың шуылы, әлсіздік, ұйқының бұзылуы; 2) миокардтың қанмен жеткіліксіз қамтамасыз етілуімен байланысты: жүрек қағу, ентігу; 3) диспепсиялық көріністер; 4) тілдің күюі, жүйке жүйесінің зақымдануы (тері парестезиялары, ақсаңдау) – бұл В12 дәрумені тапшылығымен –Аддисон-Бирмер ауруымен байланысты шағымдар тобы.
Қарау: 1) тері және шырышты қабаттардың бозаруы, айқындылығы әр түрлі дәрежедегі сарғаюлар болуы мүмкін; 2) трофикалық өзгерістер: ауыз бұрышының тілінуі, шаштың сынғыштығы, түсуі, тырнақтардың сынғыштығы (темір дефициті); тілдің емізікті қабатының атрофиясы (темірдің, В12 дәрумені дефициті); 3) бауырдың және көкбауырдың ұлғаюы (В12 дәрумені дефициті, гемолитикалық анемиялар); 4) пульс жиі, әлсіз толықсумен (жүрек жиырылуының компенсаторлық жиілеуі) (88-сурет).
88-сурет. В12 дәрумені тапшылығы анемиясындағы науқастың тілі.
Перкуссия: 1) жүректің сол қарыншасының, миокардтың дистрофиясына және қуыстарының кеңеюіне әкелетін тахикардиядан «шаршауынан» болатын бірден ұлғаюы. Миокард дистрофиясына, сонымен қатар оған анемияға байланысты оттегінің жеткіліксіз келуі де әкеледі; 2) Курлов бойынша бауыр өлшемдерінің ұлғаюы.
Аускультация: 1) тахикардия (компенсаторлық); 2) жүрек ұшында және өкпе сабауында систолалық шу (қан тұтқырлығының төмендеуі); 3) мойылдырық венасында «сұңғыла шуыл» (қан тұтқырлығының төмендеуі).
Қанды зерттеу: эритроциттер және гемоглобин деңгейінің төмендеуі, ЭТЖ жеделдеген.
