- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
Ішті пальпациялау
Пальпация мақсаты: іш қуысы мүшелерінің және іштің алдыңғы қабырғасының қалпын және физикалық сипатын анықтап білу.
Іш пальпациясын сапалы орындау үшін нақты ережелерді, оның жүргізу техникасын сақтау керек, іш қуысы мүшелерін сезіну үшін максималды қолжетімді жағдай жасау.
Пальпацияны горизонталды, вертикалды қалыпты жүргізеді, ал қажет жағдайда науқасты бүйірімен жатқызып жүргізеді, себебі ішкі мүшелер ығысқан кезде сипап сезуге әлдеқайда қолжетімді болады.
Ішті пальпациялағанда келесі ережелерге сүйену керек: 1) пациентті тексеруді жүргізетін орын жылы болу керек; 2) науқас қалпы бастапқыда - шалқасынан жату, қолы созыңқы, ішін бос ұстайды, тынысы терең емес, біркелкі; 3) дәрігер қалпы: науқастың оң жағында соған қарап тұрады. Дәрігердің қолы жылы, тырнақтары алынған, қысқа болуы керек. Қолмен қозғалысты абайлап, ақырын жасайды, яғни науқастың іш пресінің рефлекторлы жиырылуын болдырмау үшін және науқаста артық ауырсынуды болдырмау үшін (66-сурет).
Іш пальпациясының екі әдісі бар: беткей және терең.
66-сурет. Іштің пальпациясы кезіндегі науқастың қалпы.
Беткей пальпация
Бұл әдістің өзі атына сай іске асады. Пальпациялаушының саусақтары іш қуысына енбейді. Дәрігердің саусақ ұштары іштің терісіне жанасады. Саусақтар жеңіл түрде бүгілген. Іш қабырғасына қатты баспай іштің әртүрлі жерлеріне нақты кезеңділікпен пальпациялайды (67-сурет).
Іштің беткей пальпациясының тәртібі. Сол жақ мықын аймағынан бастап пальпациялайды, кезектестіріп іштің оң және сол жағын симметриялық аймақтарынан эпигастралды аймаққа бағыттап жеңіл ғана баспы манипуляцияны аяқтайды.
Беткей пальпацияның мақсаты. Пальпацияның бұл түрінің көмегімен анықтауға болады: 1) іш бұлшықеттерінің тырысуы (defans musculorum), бұл кезде ауру тарихына бұл туралы, оның орнын жазады; 2) ауырсынуын, оның локализациясын; 3) біршама ұлғайған ішкі мүшелерін, (бауыр, көкбауыр); 4) үлкен ісіктерді; 5) жарық болса оның қақпасының көлемін, жағдайын; 6) іштің тік бұлшықеттерінің ыдырауын.
Соңғы төрт жағдайда басып көрумен қатар, шеңбер тәрізді және қайта кері қарай қозғалыстар жасай отырып, пальпацияланатын ісіктерді, бауыр, талақтың көлемін, олардың ауырсынуын, беткейінің сипатын, ығысуын шамамен анықтауға тырысу керек.
67-сурет. Іштің беткей пальпациясы.
Міндетті түрде есте сақтау керек, науқастар ауырсынуға шағымданғанда, іштің сол аймағын ең соңында максималды түрде байқап пальпациялайды.
Қалыптыда іштік қабырғасы жұмсақ, серпімді, ауырсынусыз. Тырысу деген (бұлшықет қозғалысы) іштік қабырғасының пальпациялаушы қолға қарсыласуымен сипатталады. Тырысу жергілікті және жалпы болуы мүмкін. Іштік қабырғасының жергілікті тырысуы, патологиялық үдеріске іштік те қосарланған мүше үстінен байқалады (жіті аппендецитте, холециститте және т.б. шектелген перитонитте). Іштің барлық жерінің шектен тыс қатты болып тырысуы жайылмалы перитониттің дамығанын көрсетеді - өтпелі асқазан ойықжарасы, перитониттің дамығанын көрсетеді - өтпелі асқазан ойықжарасы, перфоративті аппендицит және т.б салдары. Жіті шектеулі немесе диффузды перитонитте Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді – іш беткейінен қолды кенеттен тартып қалған кезде іштің ауырсынуының күшеюі (қысымды кенеттен тоқтату,) яғни ол іштіктің қабынған жапырақшасының сілкінісін туғызады.
