- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
Ішті қарау
Ішті қарағанда келесілерге көңіл аударады: 1) іштің пішіні, 2) оның көлемі, 3) симметриялығы, 4) іштің тыныс алу актісіне қатысуы, 5) жарық дөңестерінің болуы, 6) теріасты веноздық торшалардың айқындылығы, 7) отадан кейінгі тыртықтардың болуы, 8) көзге көрінерлік ішек, асқазан перистальтикасының болуы.
Іштің пішіні. Іш қалыптыда домалақ пішінді.
Іштің көлемі және оның симметриялығы. Қалыптыда іш кеуде торшасы тәрізді симметриялы болуы керек. Іштің ұлғаюы біртегіс және тегіс емес болып (жүктілікті санамағанда) байқалады: 1) теріасты-шел қабаты шектен тыс дамығанда, 2) метеоризмде, 3) асцитте.
Іштің біркелкі ұлғаюының себебін анықтау келесі жағдайларды ескеріп жүргізіледі:
1. Асцит кезінде кіндік шығыңқы болады, ол теріасты-шел қабатының шектен тыс дамуында және метеоризмде болмайды (65-сурет).
2. Асцит кезінде іш үстінен тұйық перкуторлық дыбыс, ал семіздік пен метеоризмде-тимпандық дыбыс естіледі. Шамалы асцит болған жағдайда іштің бүйір беттерінен тұйық перкуторлық дыбыс, ал кіндіктен, оның айналасынан қалыптағыдай – тимпандық дыбыс естіледі.
Әлсіз айқын асцит кезінде асциттік сұйықтық тек іштің бүйір фланктарында жиналады. Бұл жағдайда қараған кезде оның бүйір бөлімдерінін томпаюы анықталады. (бақа іші), ол перкуссияда бұл аймақтарда дыбыс тұйық, ал іштің алдыңғы бетінен перкуторлық дыбыс тимпанды.
Іштің біркелкі емес ұлғаюы ішкі мүшелердің ұлғайғанда (бауыр, көкбауыр, және т.б.), іш қуысында ісік болса (гениталияда, асқазанда ішекте және т.б.), сонымен қатар кисталарда, ішектердің ісігіне байланысты локалды кеңеюінде, қалтқының ісікке немесе ойық жараның стенозына байланысты асқазанның кеңеюінде байқалады.
65-сурет. Асцит кезіндегі кіндіктің шығыңқы болуы және «Медуза басы» көрінісі.
Іш тартылып тұруы мүмкін. Диагностикалық тұрғыдан бұл жайылмалы перитонитте, туберкулездік менингитте болады.
Іштің тыныс алу актісіне қатысуы. Қалыптыда іштің барлық бөлімі тыныс алу актісіне қатысады. Алдыңғы іш қабырғасының қозғалуының бұзылуы жалпы және локалды болады, ол тыныс алу актісінен іштің барлық немесе оның жекелеген аймақтары мускулатурасы тоқтағанда байқалады. Іштің барлық аймағында тыныс алу қозғалысының толық жоғалуы жайылмалы перитонитте болады, асқазан-ішек трактісінің қандай да бір бөлімі қабынғанда: мысалы, аппендицитте, бұл шектелу оң жақ мықын аймағында байқалады.
Жарық дөңестерінің болуы. Ол іштің ақ сызығының, кіндіктің жарығы кезінде көрініп тұрады. Жарықтың локализациясын, көлемін, ауырсынуын, ондағы тері түсін, қозғалғыштығын жарық қақпасының көлемдерін, сонымен қатар жарық шығып тұратын сақинасының диаметрін айқындау керек.
Теріасты веналық тордың айқындылығы. Іште теріасты көктамырларының айқын кеңеюі қақпа венасы жүйесінде қысымның жоғарылағанын көрсетеді. Бұл венаға қан іш қуысының тақ мүшелерінен (асқазан, ішек, ұйқы безі және т.б.) келіп құяды. Ары қарай қан қақпа венасы арқылы бауырға барады. Қақпа венасынан қанның кері қайтуы бұзылған кезде (бауыр циррозы, қақпа венасының тромбозы, венаның ісікпен немесе ісік түйіндерінің іштікке жайылған тармақтарымен қысылып қалған жағдайда), ондағы қысым жоғарылап қан қақпа венасынан басқа жолдарға бағытталады, олар қалыпты жағдайда оны порто-кавалды анастомоз түрінде, сонымен қатар vena porta және vv.cava superior et ingerior тармақатарының арасындағы анастомоздар түрінде болады. Бұл анастомоздар әртүрлі жерлерде, сонымен қатар іштік қабырғасында, кіндік аймағында болады. Осыған байланысты іш аймағындағы кеңейген веноздық тамырлар порталды гипертензияның - қақпа венасында жоғарылаған қысымның маңызды диагностикалық белгісі болып табылады.
Отадан кейінгі тыртықтардың болуы диагностикалық маңызды болып табылады. Мысалы, сұрастыру кезінде дәрігер қандай да бір обьективті себептерге байланысты науқастан бұрын ота жасалғаны туралы сұралмауы мүмкін. Ал ішті қарап тексергенде ол отадан кейінгі тыртықты, мысалы оң жақ мықын аймағын қарағанда тыртық болса, онда науқаста бұрынырақ аппендоэктомия болғаны анықталады. Мұны болған соң, дәрігер ауырсынудың басқа да себептерін іздестіруді жүргізеді. Тағы бір мысал: пациенткада іштің төменгі жартысында отадан кейінгі тыртық анықталады: ол 2 жыл бұрын гениталияға ота жасалғанын айтады, бірақ себебін білмейді, отаға дейін және кейін сәулелендіру жүргізілген.
Мұндай мәліметтен кейін дәрігерге түсінікті болғаны, науқаста бұрын ісікке байланысты ота жасалған, осыдан сұрақ туындайды, науқастың осы жағдайы соған байланысты немесе ісіктің шеткері метастаздарымен байланыстылығы туралы.
Ішектердің, асқазанның көзге көрінерлік перистальтикасының болуы. Кей жағдайларда іш аймағында толқындардың қозғалысы анықталады – көрінген перистальтика асқазанның босауына немесе ішектердегі заттардың жылжуына кедергі пайда болуын көрсетеді. Бірінші жағдайда ол эпигастрия аймағында көрінеді, ол қалтқының стенозын көрстеді, екіншіде – ішек бойымен, яғни оның қандай да бір бөлімінің тарылғанын көрсетеді.
Есте сақтау керек, іш аймағындағы көрінерлік пульсаторлық қозғалыстардың себебі әр қашанда асқазан мен ішек патологиясы болмайды. Эпигастралдык аймақтағы пульсация жүректің оң қарыншасының ұлғаюымен байланысты болуы мүмкін (көрінерлік жүрек түрткісі), пульстеуші бауырмен (үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі), қолқаның іштік бөлімінің пульсациясымен байланысты болуы мүмкін.
