- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
Гиперкортицизм. Зат алмасу бұзылыстары және қанда глюкокортикостероидтор құрамы жоғарылағанда ішкі мүшелер функцияларының бұзылысы.
Даму себептері: кортикостероидтарды ұзақ уақыт бойы көп дозада қабылдау, бүйрекүсті безі қыртысының гиперплазиясы және ісіктері.
Шағымдары: жалпы әлсіздік, бас ауыруы, дене салмағының өсуі, шаштың қарқынды өсуі, әйелдерде бетінде пайда болады, менструалдік циклдің бұзылуы, еркектерде импотенция, арқада және аяқ –қолдарда ауырсынулар.
Жалпы қарау: терісі жұқа, атрофиялы, құрғақ. Бетінде, кеудесінде, арқасында айқын күңгірт – цианозды түсті болуы; аяқ-қолдардың және тұлғаның мраморлы болуы. Кеуде және аяқ-қолдар терісінде атрофиялық аймақтар қызыл-күлгін түсті жолақтар – стриялар байқалады. Бет, мойын, дененің жоғары бөлігінде майдың артық жиналуы байқалады. Жоғарғы кеуде омыртқалары аймағында жиі «өркеш» тәрізді май жиналуы балады. Қол-аяқтарда артық май жиналмайды. Әйелдерде сақал және мұрт өседі.
Жүрек-тамыр жүйесі: артериалдық гипертензия және соған байланысты клиникалық көрініс.
Зертханалық-аспаптық зерттеу мәліметтері: қанда және зәрде стероидты метаболиттердің жоғары болуы; гипергликемия, глюкозурия; рентгенографияда анықталатын сүйектердің ыдырауы (остеопороз).
9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
Гипокортицизм қанда глюкокортикостероидтар құрамы төмендегенде дамиды.
Даму себептері: бүйрекүсті безі туберкулезі, бүйрекүсті безі тамырлары тромбозы, бүйрекүсті безінің ағзадағы созылмалы іріңді үдерістер салдарынан болған амилоидозы (остеомиелит, абсцестер), басқа да эндокриндік мүшелердің гипофункциясы (ең алдымен гипофиздің).
Шағымдары: айқын бұлшықет әлсіздігі және жалпы бұлшықет күшінің төмендеуі, жиі жүрек айну, кейде құсу, апатия, басылып қалу.
Жалпы қарау: жұмсақ, салқын және құрғақ тері, өзіне тән қоңыр түсті – күнге күйген тәрізді түс. Пигментацияға әдетте терінің күнге ашық бөлімдері, сонымен қатар емізікше айналасы, алақан сызықтары ұшырайды. Шырышты қабаттар да пигментациялануы мүмкін. Теріасты май тіндерінің біркелкі азаюы біршама жүдеумен. Жүдеу тек май тіндерінің жоғалуымен ғана емес, сонымен қатар бұлшықет атрофиясымен де байланысты.
Жүрек-тамыр жүйесі: гипотония, брадикардия.
Зертханалық зерттеу мәліметтері: гипогликемия, қанда және зәрде стероидты метоболиттердің төмен болуы. Гипоацидитас, ахлоргидрияға дейін.
Қорытынды
Оқу әдістемесінде науқасты зерттеудің – сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация, олардың тыныс алу мүшелері, жүрек-қантамыр жүйесі, ас қорыту мүшелері, өт бөлу, зәр шығару, қан түзу және эндокринді жүйе аурулары кезіндегі ерекшеліктерінің пропедевтикалық аспектілері берілген. Әртүрлі мүшелер мен жүйелердегі патологиялық үдерістеріне тән негізгі диагностикалық синдромдары көрсетілген.
Оқу құралы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы студенттеріне арналған 2012 жылғы «Клиникалық медицинаға кіріспе» атты Типтік оқу бағдарламасына сай құрастырылған.
Оқу құралында пациенттерді тексерудің жалпы принциптері, науқастарды физикальды тексеру әдістері (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация), ең көп таралған ішкі ағза ауруларының негізгі клиникалық көріністері, ішкі ағзалардың кең тараған ауруларының клиникалық-лабораториялық айқындалуы және оларды емдеу принциптері, ішкі ағзалардың негізгі ауруларының типті ағымында симптомдар мен синдромдар, адамның өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл көмек көрсету деонтология және кәсіби этика негіздері берілген.
