Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

9.2 Объективті зеттеу

Жалпы қарау

Ішкі секреция бездерінің функциялары сан түрлі және де эндокринді патологиялардың сыртқы белгілері де әр алуан болуы мүмкін. Жалпы қарағанда әдетте келесі факторларды бөліп бағалауға тырысады: 1) пациенттің бойы, өлшемдері және денесінің бөлек бөлімдерінің арақатынасы; 2) тамақтану сипаты және май қабатының жиналу ерекшеліктері; 3) дененің түктіленуі; 4) терісінің жағдайы; 5) жыныс белгілері.

Науқастың бойы, өлшемдері және оның дене бөлімдерінің арақатынасы. Физиологиялық жағдайда адамдардың бойы өте ұзыннан өте төменге дейінгі аралықта өзгереді. Осымен байланысты бойдың шеткі варианттары эндокриндік патологияларын тікелей көрсетпейді. Патологиялық жағдайларда гигантизм немесе карликтік (ергежейлік) бой (135 см төмен) гипофиздің, жыныс бездерінің және қалқанша безінің дисфункциясымен байланысты.

Гигантизм гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперфункциясына немесе жыныс бездерінің функциясының жойылуына байланысты. Жыныс бездері функциясы жойылғанда науқастарда бойы ұзын болуымен қатар аяқ–қолдары да пропорционалді емес, ұзын болады. Мұндай патологиясы бар еркектерде әйелге тән морфологиялық тип яғни кеудесі тар, жамбасы кең боп дамиды.

Ергежейлілік бойдың патогенезі әртүрлі, оның екі негізгі түрін ажыратады – гипофизарлық және тиреогендік.

Гипофизарлық түрінде баланың дене пропорциясы және әдеттегі интеллекті сақталады; тиреогенді түрінде – гипофизарлық түрге жалпы белгілері ұқсас, бірақ қалқанша безі функциясының жойылуы және интеллекттің төмендеуі белгілерімен (кретинизм).

Акромегалия кезінде сыртқы көрінісіне тән (гипофиз ауруы): аяқ–қолдың өлшемдерінің ұлғаюы, басы үлкен, бет-әлпеті үлкен, кеуде торшасы үлкен, қабырғалары жуандаған.

Тамақтану сипаты және май қабатының жиналу ерекшеліктері. Эндокринді аурулар жиі науқастың дене салмағының өзгерістерімен қосарланады. Кей жағдайларға өзіне тән жүдеу болады (гипертиреоз, бүйрекүсті безі, гипофиз жеткіліксіздіктері), кейде кахексияға дейін қатты жүдеу болады, кейде керісінше, дене салмағының жоғарылауы (гипертиреоз, жыныс бездерінің жеткіліксіздігі).

Май қабаты жиналуының да ерекшелігі байқалады. Майдың іштің төменгі бөліктеріне жамбас аймағына және кеудеге жиналуы гипофизарлық және жыныстық семіру кезінде кездеседі, майдың дененің барлық жеріне біркелкі таралуы – тиреогенді семіздікте болады.

Түк жабындылары. Түктенудің көлемінің, сонымен қатар түрінің өзгеруі тәжірибе жүзінде кез-келген ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылыстарында кездеседі. Түктенудің сиреуі ересек адамдарда жыныстық функциясының төмендеуінде байқалады: түктер жіңішкереді, құрғайды, ерте ағару дамиды. Мұндай өзгерістер гипофизарлық жеткіліксіздікте болады. Оған қарама–қайшы, яғни көрсетілген бездердің гиперфункциясы және ерте жыныстық жетілу баланың бетінде, қолтықасты аймағында, қасағасында түктердің жылдам өсуімен қосарланады.

Эндокриндік патологияға түктенудің өзгеруі тікелей қатысты. Ерлерде әйел типтес түктенудің пайда болуы (түктену қасағаның горизонталды жоғарғы шекарасында; кеудеде, бетте, аяқ–қолдарда түктің болмауы) евнухоидизм туралы айтады.

Әйелдердің еркек типті түктенуі (бетте, кеудеде, аяқ–қолдарда түктің өсуі, кіндікке бағытталған қасағаның түктенуі) дәрігерге бүйрекүсті безі немесе жыныс бездерінде ісік барына күдіктендіреді.

Тері жағдайы. Тері түсінің өзгерісі үнемі ішкі секреция бездері аурулары кезінде байқалады. Олар әртүрлі сипатта болады. Тиреотоксикоз кезінде тері нәзік, әртүрлі деңгейдегі гиперемиямен, сипағанда ыстық болады; микседемада – қатқыл және бозарған; гипофиз қызметі төмендеген кезде – пергамент тәрізді (жұқа, атрофиялы, былбыраған, әсіресе бетте, ерін, мұрын, көз айналасында көптеген ұсақ әжімдермен); акромегалия кезінде (гипофиз функциясының жоғарылауы) қабыршақтану, қалыңдау және тығыздалу байқалады; гиперкортицизм кезінде тері өзіне тән өзгереді (Иценко-Кушинг синдромы) – ол майлы, кейде көптеген безеулермен, іште, санда, жамбаста қызыл-күлгін түсті жолақтармен (стриялар) болады; бүйрекүсті безі гипофункциясында тері пигментациясының күшеюі байқалады – күңгірт (қола тәрізді) түсті, әсіресе күнге ашық тұратын аймақтары, сонымен қатар емізік айналасында, алақан қатпарларында және т.б. аймақтарда болады.

Жыныс белгілері. Ағзаның жыныстық дифференцировкасы және екіншілік жыныстық даму кезінде жетекші рөл жыныс бездеріне түседі. Бұл кезде, сонымен қатар басқа эндокриндік мүшелердің бүйрекүсті безі, гипофиздің жағдайының да маңызы бар.

Сыртқы жыныс мүшелерінің жағдайына және екіншілік жыныс белгілерін бағалау эндокринологиялық науқастарды зерттеуде міндетті болып табылады. Ер адамдардың жыныс аймақтарын қарағанда жыныс мүшесінің кішкентай болуы, инфантилді ұма, яғни оның өлшемдері науқастың жасына сәйкес болмауы гипогонадизмге күдік тудырады. Әйел адамдарда және қыздарда гипооваризм белгілері, жыныс еріндерінің айқын емес үлкен болуы, әлсіз қалыптасқан кіші еріндер, пигменттелмеген вульво, сыртқы жыныс мүшелері аймағында әлсіз түктенуі, емізікшелердің және сүт бездерінің әлсіз пигментациясы.

Әйелдердегі жыныс бездері функциясы күшейгенде (гиперфолликулизм) кең жамбас, сүт бездері үлкен, емізікшелері пигменттелген, қалың түктенуі әйел типімен. Ер балаларда жыныс бездері функциясы күшейгенде ерте жыныстық жетілумен қатар сыртқы жыныс мүшелері ұлғаяды және ерте екіншілік жыныс белгілерінің дамуымен қосарланады.

Жыныс бездерінің және бүйрекүсті бездерінің өзгерістері мускулинизмге (вирилизмге) немесе феминизмге әкелуі мүмкін. Вирилизм – әйелдерде еркекке тән екіншілік жыныстық белгілердің дамуы: әйелге тән екіншілік жыныстық белгілердің болмауы немесе кері дамуы, клитордың үлкеюі, сүт бездерінің жетілмеуі, дененің ерлерге тән пропорциясы, жуан дауыс, еркек типті түктену. Феминизм – ер адамдарда әйелге тән екіншілік жыныстық белгілерінің дамуы: дененің және май қабаты таралуының әйелге тән пропорциясы, сүт бездерінің ұлғаюы (гинекомастия), әйелге тән дауыс, түктену, жүріс.

Эндокриндік аурулардың қарастырылған маркерлерінен басқа оның диагностикасында басқа да сыртқы белгілерін қарастырады. Кейде олардың мінез-құлық және келбетінің ерекшеліктеріне көңіл аударады. Тиреоидты гиперфункциясы бар науқастар қозғалғыш, мазасыз, ойшыл, ишаратшыл және жиырылып – қорқып қалғандай бет-әлпетті. Соңғылары экзофтальм, сирек қабақ қағу, көзінің қатты жылтырауы, яғни тиреотоксикозға тән (facies Basedovica). Оған қарама-қайшы, микседемамен ауыратын науқастар баяу, аз қозғалғыш, ұйқылы-ояу, беті ісіңкі, тіпті мимикасыз (facies mixedematica). Сондай мінез-құлық ерекшеліктері гипофиз белсенділігінің төмендеуі кезінде байқалады: науқастар үндемейді, инициативасы жоқ, қызығушылығы жоқ, айналасындағыларға мән бермейді.