Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)

Эритремия – негізінде эритроцит санының және қандағы гемоглобин концентрациясының лейкоцитозбен және тромбоцитозбен бір мезетте жоғарылауы жатқан клиникалық симптомдар жиынтығы. Бұл кезде клиникалық көрінісі ұсақ тамырлардағы тромбоздармен және мүшелерде, тіндерде қан айналымының патологиялық өзгерістермен, яғни миокард инфарктісіне, ми қанайналымы бұзылыстарына және инсультқа дейін әкелетін қан тұтқырлығының жоғарылауымен байланысты болады (90-сурет).

90-сурет. Эритремиялар, қанның қоюлануы.

Шағымдары: ентігу, жүректің стенокардия сипатындағы ауырсынуы, бас айналуы, бас ауыруы, көрудің бұзылуы, тері қышуы, аяқ-қолдарының ауырсынуы, қанаққыштыққа бейімділік (мысалы, тісті жұлғаннан соң, асқазан-ішек трактісінен, геморройдалдік қан кетулер).

Қарау: 1) беттің, аяқ-қолдардың, шырышты қабаттардың қызаруымен бірге көкшілденуі; 2) теріде айқын кеңейген қантамырлар шоғыры; 3) пальпация кезінде балтырдан өкшенің ісінуі және ауырсынуы, саусақтардың гангренасы болуы мүмкін.

Пальпация: көкбауыр пальпацияланады.

Перкуссия: АҚ жоғарылауы және миокардтағы дистрофиялық өзгерістер салдарынан сол қарыншаның гипертрофиясы және кеңеюі себебінен жүректің сол шекараларының ұлғаюы. Эритремия жағдайында артериялдық гепертензия себебін қан тұтқырлығының жоғарылауына байланысты тамыр қабырғаларының компенсаторлық раекциясы түрінде қарастырады.

Аускультация: 1) жүрек тондарының тұйықтығы; 2) жоғарылаған АҚ.

Қанды зерттеу: эритроцит санының және гемоглобин деңгейінің жоғарылауы, лейкоцитоз, тромбоцитоз, баяулаған ЭТЖ.

8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)

Панмиелофтиз – бұл панцитопения, сүйек кемігіндегі барлық қан түзу өсінділерінің онда май тіндерінің өсіп кетуіне байланысты тежелуі (ақ, қызыл, тромбоцитарлық өсінділердің тежелуі).

Даму себептері: 1) кейбір дәрілерді қабылдау әсерінен (мысалы, анальгинді); 2) сүйек кемігіне токсикалық әсер ететін химиялық заттардың әсерінен; 3) иондаушы радиациялардың әсерінен; 4) идиопатиялық панмиелофтиз.

Шағымдар: сүйек кемігінде барлық қан түзу өсінділерінің депрессиясымен байланысты: 1) анемиямен байланысты; 2) тромбоцитопениямен байланысты (геморрагиялық диатез көріністері); 3) лекопениямен, әсіресе нейтропениямен байланысты (пневмониялар, отиттер, пиелиттер және басқа да қабыну үдерістерінің өзіне сәйкес шағымдары пайда болады).

Қарау: 1) анемия белгілері; 2) геморрагиялық диатез белгілері; 3) ауыздың шырышты қабатының қабынулық өзгерістері.

Пальпация, перкуссия және аускультация: анемиялық және геморрагиялық синдромдарға тән, сонымен қатар әр түрлі мүшелерде қабынулық үдерістерге тән белгілер анықталады.

Қанды зерттеу: 1) «пениялар» жиынтығы: эритропения, нейтропения, моноцитопения, тромбоцитопения; 2) гемоглобин мөлшерінің төмендеуі (эритропения сияқты анемияны растайды); 3) анемия және мүмкін болатын қабынулық үдерістердің салдарынан ЭТЖ жылдамдауы.

IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу

9.1 Сұрастыру Шағымдары

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар алуан түрлі функцияларды орындайды, сондықтан олардың қызметтері бұзылғанда ағзада сан түрлі бұзылыстар пайда болады. Сондықтан эндокринді патологияға тән шағымдар да көп.

Жиі келесі жүйелер жұмыстарының бұзылыстарымен байланысты шағымдар анықталады: а) орталық жүйке жүйесімен, б) жүрек –тамыр жүйесімен; в) жыныс сферасымен, г) зат алмасумен (көмірсу, май, белок, су-тұз).

Орталық жүйке жүйесі бұзылыстарынан атауға болады: әлсіздік, ұйқышылдық, айналадағыларға мән бермеу – қалқанша безі функциясының төмендеуінде (гипотиреодизм) немесе керісінше, тітіркендіргіштік, жоғары қозғыштық, ұйқының нашарлауы, себепсіз мазасыздану – гипертиреозда (қалқанша безі функциясының жоғарылауы).

Жүрек-тамыр бұзылыстары қай деңгейде болмасын эндокринді патологиялардың көптеген түрлерінде болады, бірақ көбіне қалқанша безі, бүйрекүсті безі және гипофиз ауруларына тән.

Әдетте жүрек қағуына, жүрек тұсының шаншуына, физикалық күш түскенде ентігуге шағымданады.

Жыныстық бұзылыстар (жыныстық қызметтің төмендеуі, импотенция, етеккірдің өзгеруі немесе тоқтауы) бірінші кезекте жыныс бездері ауруларында кездеседі, бірақ кейде гипофиз, бүйрекүсті безі, қалқанша безі функциялары бұзылыстарында байқалады.

Зат алмасу бұзылыстарына байланысты шағымдар көп кездеседі. Тәбеттің жоғарылауы, яғни «аш қасқырдай» аштық сезіміне дейін (булимия), сонымен қатар төмендеуі – толық жоғалуына және тағамнан бас тартуға дейін (анорексия) болуы мүмкін. Эндокринді аурулар кезінде тәбеттің өзгеруі дене салмағында соған сәйкес өзгерістері болмайды. Тиреотоксикоз және қантты диабет кезінде науқастар тәбеті жақсы бола тұра жүдейді, ал гипотиреоидизмде (мексидема) – тәбеті төмен болса да салмақ қосады. Глюкозаның көп жоғары деңгейде зәрмен бөлінуімен қосарланып жүретін су және көмірсу алмасуының бұзылыстары қантты және қантсыз диабет кезінде байқалатын жиі көп мөлшерлерде зәр шығаруларға әкеледі, зәрдің тәуліктік мөлшері кей жағдайларда 15-20 л және одан да көп болады. Бұл жағдай шөлдеумен, ауыздың құрғауымен қоса жүреді.

Минералдік алмасу бұзылыстары (бүйрекүсті безі және гипофиз дисфукциялары кезінде үнемі байқалады), ереже бойынша сүйектердің, бұлшықеттердің, буындардың ауырсынуна әкеледі. Бұл сүйек тіндерінің ыдырауымен түсіндіріледі – остеопороз; кейде остеопороз айқындылығы сонша, ол патологиялық сынықтарға, яғни сонымен қатар шамалы жарақат кезінде де сүйектердің сынуы болады.

Айтылғандардан басқа, науқастар т.б. алғаш қарағанда ішкі секреция бездерінің және зат алмасу ауруларына тән емес шағымдар айтады.

Мысалыға, шаштың түсуіне шағымдануы. Емделмеген немесе нашар емделген қантты диабетте тамырлар зақымдалады, іштің ауырсынуы, құсу болады. Мұндай жағдайда дұрыс емес диагноз қойылып, дұрыс емес ем жүргізілуі, яғни ота жасалуға дейін болуы мүмкін. Іштің ауырсынуы, құсу бүйрекүсті безі қыртыстарының айқын жеткіліксіздігінде – гипокортицизмде немесе Аддисон ауруында болады.