Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

8.3.2 Лейкемия синдромы

Лейкемия – қан түзу тіндерінің гиперплазиясымен және метоплазиясымен сипатталатын, аз дифференцирленген ақ қан түйіршіктерінің тоқтаусыз өсуімен негізделген клиникалық симптомдардың жиынтығы. Лейкемия этиологиясы қазіргі уақытқа дейін толық анықталмаған. Оның болжамдық себептерінің бірі адамға иондаушы радиациясының әсері болатын (радиактивті изотоптары, рентген сәулелерден).

Шағымдары: 1) жіті септикалық аурулардағыдай боуы мүмкін: дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, қалтырау, әлсіздік, сүйектердің ауырсынуы (қан түзу тінінің метоплазиясы, жеке көрінісі сүйек қабы астында қан түзу тіндері ошақтарының пайда болуна байланысты –экстрамедулярлық қан түзу ошақтары); 2) тамақтың ауырсынуы (жұтқыншақтың және аңқаның некротикалық өзгерістері); 3) анемияларға, геморрагиялық диатезге тән шағымдар (қызыл қан және тромбоцитарлық өсінділердің ақ қан өсінділерінің ығыстыруымен); 4) іштің сол жақ бөлімінің ауырсынуы (екіншілік анемияға және ішек, асқазан қабырғаларындағы қан түзу тіндерінің метоплазиясы салдарынан асқазан –ішек трактісінің зақымдануы); 5) жөтел (өкпе зақымдануы - өкпенің лейкемоидтық инфильтрациясы); 6) неврологиялық сипаттағы шағымдар (ақсаңдау, парестезиялар, аяқ –қолдардың ауырсынуы, олардың жансыздануы – екіншілік анемияның және жүйке бағандарының бойымен экстрамедулярлық қан түзу ошақтарының пайда болуының салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы); 7) ентігу (жүректің, өкпенің зақымдануы); 8) тері қышуы.

Қарау: 1) жалпы жағдайы ауыр болуы мүмкін (әсіресе жіті лейкозда); естің бұзылысы болуы мүмкін; 2) терінің бозаруы, сарғыш реңді болуы мүмкін, құрғақтық, қабыршақтану (анемия қосарлануына байланысты), теріде тығыздалулардың пайда болуы (қан түзу тіні метаплазиясы), қанқұйылу іздері (қосарланған геморрагиялық диатез); 3) аңқаның және ауыз қуысының некрозы, ауыздан шіріген иістің шығуы; 4) кахексия болуы мүмкін; 5) бауырдың, көкбауырдың біршама ұлғаюына байланысты іштің асимметриясы болуы мүмкін; 6) аяқтардың ісінуі болуы мүмкін (анемиялық ісінулер, сонымен қатар лимфатикалық тамырлардың метоплазияланған қан түзу тіндерімен қысылуына байланысты); 7) экзофтальм болуы мүмкін (көз ұяшығында метаплазия ошағы).

Пальпация: 1) лимфа түйіндерінің ұлғаюы; 2) бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы; 3) сүйектерді соққылағанда және басқанда ауырсынуы.

Перкуссия: бауыр, көкбауыр, жүрек шекараларының ұлғаюы.

Аускультация: 1) тахикардия, 2) жүрек ұшында және өкпе артериясында систолалық шу (анемия қосарлануының салдарынан қан тұтқырлығының төмендеуіне байланысты); 3) перикардтың, плевраның, іштіктің үйкеліс шуы болуы мүмкін (экстрамедулярлы қан түзу ошақтары).

Қанды зерттеу: тән жағдайларда өте үлкен көлемде лейкоциттер (лейкемия), аз дифференцирленген ақ қан торшаларының болуы, екіншілік анемия және тромбоцитопения.

8.3.3 Геморрагиялық синдром

Бұл синдром теріде және шырышты қабаттарда өздігінен пайда болатын немесе механикалық әсерлерден туындайтын қан кетулерге және қан құйылуларға бейімділікпен білінеді (89-сурет).

89-сурет. Геморрагиялық синдромдар.

Даму себептері: 1) капиллярлардың патологиялық өткізгіштігі; 2) тромбоцитопения; 3) қан ұйығыштығының химиялық және физико –химиялық бұзылыстары.

Шағымдары: 1) қан кетулер (мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазан-ішек трактісінен, бүйректен, өкпеден); 2) көгерулердің, қан құйылулардың пайда болуы, теріде және шырышты қабаттарда петехиялардың пайда болуы; 3) буындардың ауырсынуы (оның қуыстарына үлкен механикалық жүк түсуден дамитын қанқұйылулар; 4) іштің ауырсынуы (іштікке қан құйылулар).

Қарау: 1) лейкоздан туындаған геморрагиялық диатездің пайда болу жағдайларында бауырдың және тромбоцитарлық өсінділерді ақ қан өсінділері ығыстырған кезде. Бұл кезде бауырдың және көкбауырдың ұлғаюы геморрагиялық диатезбен емес, лейкозбен байланысты; 2) жиіленген пульс (екіншілік анемия); 3) лимфотүйіндерінің ұлғаюы (геморрагиялық синдром лейкозға қосарланғанда).

Перкуссия: 1) жүрек шекараларының ұлғаюы (екіншілік анемия); 2) бауыр шекаралары ұлғаюы мүмкін (лейкоз кезіндегі геморрагиялық синдром).

Аускультация: 1) тахикардия (екіншілік анемия); 2) жүрек ұшында және өкпе артериясында функционалдық шулар (екіншілік анемия); 3) плеврадағы, бронхтардағы, альвеолалардағы геморрагиялық бөртпелерге байланысты өкпеден плевраның үйкеліс шуын, сырылдар, крепитацияны естуге болады.