- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
Қан түзу жүйесі ауруларын шартты түрде үш үлкен топқа бөледі: I- гемобластоздар, II- анемиялар, III- геморрагиялық диатездер.
Гемобластоздар – бұл қан кету торшаларынан дамыған ісіктер тобы. Ісік деп ағзамен нашар бақыланатын бір мутацияланған торшадан өсіп шыққан тін. Гемобластоздар, яғни сүйек миы ісік торшаларымен толғанда лейкоздар деп аталады.
Анемиялар – бұл клинико-гематологиялық синдром, ол қанның өлшем бірлігінде эритроциттердің және гемоглобин мөлшерінің азаюымен және нақты клиникалық симптоматикамен көрініс беруімен сипатталады. Ең жиі кездесетін анемиялар: 1) теміртапшылықты; 2) гемолитикалық, оның негізінде эритроциттердің өмір сүру ұзақтығының қысқаруы және олардың жоғары деңгейде ыдырауы жатыр; 3) В12- және фолий – тапшылықты, ол В12 дәрумені және фолий-қышқылы тапшылығымен – эритропоэз факторы дамуымен байланысты.
Геморрагиялық диатездер – бұл негізгі клиникалық белгісі қанаққыштыққа бейім болып табылатын аурулар тобы. Ең жиі кездесетін және зерттелген геморрагиялық диатездерде гемофилия, тромбоцитопениялар, геморрагиялық васкулиттер жатады.
Қан жүйесі ауруларының тікелей диагностикасының негіздері төменде көрсетілген.
8.1 Сұрастыру Шағымдар
Өте жиі қан аурулары бар науқастар спецификалық емес, жалпы сипаттағы және әртүрлі мүшелер мен жүйелердің функциясының бұзылыстары симптомдарын біріктіретін, ондағы қышқылдану, қоректену және қанайналым үдерістерінің патологиялық өзгерістерімен байланысты шағымдарды айтады. Бұл өзгерістер негізінде анемиямен, сонымен қатар лейкоз және геморрагиялық диатез салдарынан болған анемиялармен байланысты. Жүйке жүйесіне қатысты тән шағымдар жалпы әлсіздік, жеңіл діңкәстік, ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы, естен танулар, жүрек- тамыр жүйесіне қатысты – жүрек қағуына, ентігуге. Олар анемия кезінде қанда гемоглобиннің және эритроциттердің – оттегіге қажеттілікті сезеді, ол шамалы жүректің жиі жиырылуымен және тахипноемен компенсирленеді, сондықтан анемиясы бар науқастар жүрек қағуына және ентігуге шағымданады. Ұзақ уақыт болған анемия жүрек бұлшықетінде дистрофиялық өзгерістерге, миокардтың әлсіреуіне және жүрек қағуы мен ентігудің күшеюіне әкеледі.
Спецификалық емес шағымдарға жатқызуға болады: тәбеттің төмендеуі, жүдеу, температураның көтерілуі.
Анемия кезінде қызба негізгі зат алмасудың компенсаторлық жоғарылауымен байланысты, ол гемолитикалық анемияда одан басқа, эритроциттердің ыдырау өнімдерінің пирогенді әсерімен де байланысты. Лейкоз кезінде қызба толыққанды емес эритроциттердің ыдырауымен және осы кезде пирогенді заттардың (пуриндік негіздегі) босап шығуымен байланысты. Есте сақтау керек, қан патологиясы бар науқастарда иммунитет төмендеген және әртүрлі қабыну ауруларына бейімді, яғни өз кезегінде ол дене қызуының жоғарылауына да әкелуі мүмкін.
Осы спецификалық емес шағымдарымен қоса қан аурулары бар науқастар осы нақты гематологиялық патологияға тән шағымдарды айтуы мүмкін.
Осылайша, хлорозда, темір жетіспеушілік анемия кезінде өзіне тән дәм сезудің өзгеруі дамиды: әктас, саз, шикі дақылдарды жеуге құмарлық туады, бензин, лак иістерін иіскеуге құмарлық туады. В12 жеткіліксіздік анемиясы кезінде науқастар тіл түбірінің және жиектерінің күюі сезіміне шағымданып, ол ыстық және ащы тағамдарды жеуді қиындатады. Бұл сезімдер тілдің шырышының қабынулық өзгерістерімен (глоссит) байланысты. Созылмалы анемиялық жағдай жиі жүйке жүйесі жағынан бұзылыстар, яғни оның оттегі жетіспеушілігінен оның трофикасының бұзылуымен қосарланады – бұл ұйып қалу, есінеудің көбеюі, шаншу сезімі, аяқ-қол саусақтарының жыбырлауы (парестезиялар). Шыдатпайтын тері қышуы – лейкоздарға, лимфогранулематозға, эритремияларға тән шағымдар. Олар сүйек миы торшаларының күшейген пролиферациясымен және оның гиперплазиясымен байланысты. Сүйектерде, төстің қатты ауырсынулары – жіті және созылмалы лейкоз кезінде, эритремияларда кездеседі.
Жұтынған кезде тамақтың ауырсынуы (некротикалық ангина) жіті лейкозды білдіреді.
Геморрагиялық диатезі бар науқасты сұрастырғанда өзіне тән шағымдарды естуге болады: қызыл иектердің қанағыштығы, денеде «көгерулердің» пайда болуы, мұрыннан қан кету, асқазан-ішек трактісінен, жатырдан және басқа да мүшелерден қан кетулер. Көптеген қан ауруларында, әсіресе миелолейкозда сол жақ қабырғасында қатты ауырсыну пайда болу, ол патологиялық үдерісіне көкбауырдың да қосылғанымен байланысты.
